Құрастырушылар: б.ғ. к. Утаубаева А. У., оқытушы, магистр Сарсенова А. Н


Молекулалық биологияның негізгі жаңалықтары



Pdf көрінісі
бет5/82
Дата04.11.2023
өлшемі5,89 Mb.
#122157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Молекулалық биологияның негізгі жаңалықтары: 
1869 жылы Ф. Мишер ДНҚ-н ашты; 
1935 жылы А.Н. Белозерский өсімдіктен ДНҚ-н бөліп алды; 
1940 жылы У.Эстбюри ДНҚ-ң алғашқы рентгеннограммасын жасады; 
1951 жылы Л.Полинг жəне Р.Кори ақуыздардың полипептидті тізбегіндегі амин 
қышқылы қалдықтарының негізгі типтерін анықтады; 
1944 жылы О.Т. Эвери ДНҚ тұқым қууалау ақпаратын тасымалдаушы екендігін 
анықтады; 
1952 
жылы 
Р.Франклин 
мен 
М.Уилкинс 
ДНҚ-ның 
жоғары 
сапалы 
рентгенограммасын түсірді; 
1953 жылы Д. Уотсон жəне Ф. Крик ДНҚ-ң қос спиральды моделін жасады; 
1960 жылы РНҚ транскрипциясын жүзеге асыратын полимераза ферменті ашылды; 
1961 жылы Ф.Жакоб жəне Дж.Моно бактерияларда гендердің ұйымдасып жұмыс 
істеуінің жəне гендік белсенділіктің реттелуінің оперондық (лат. ``operare`` - жұмыс істеу, 
қызметіне қарай бір-бірімен байланысты ферменттердің синтезін анықтайтын гендер тобы) 
принципін ашты; 
1969 жылы АҚШ-та Г.Хорана қызметтестерімен бірге химиялық жолмен алғашқы 
генді синтездеді. 
Д. Уотсон мен Ф. Крик жəне т.б. көптеген ірі молекулалық биологтардың керемет 
жаңалықтарының нəтижесінде ХХ ғасырдың 60 жылдарында-ақ жасушадағы гентикалық 
ақпараттың берілу жолы анықталды: ДНҚ-РНҚ-Ақуыз. 
Сосын біртіндеп ДНҚ репликациясы, транскрипция (РНҚ биосинтезі), трансляция 
(ақуыз биосинтезі) механизмдері анықталды. 
Мұнымен қоса бұл процестердің клетка ішінде таралуын зерттеу жұмыстары 
дамыды, осының негізінде клеткаішілік компоненттердің (ядро, митохондрия, рибосома) 
функционналдық маңыздылығы анықталды жəне Д. Уотсонның 1968 жылы молекулалық 
биологияға анықтама беруіне негіз болды: «Молекулалық биология биологиялық 
макромолекулалардың 
құрылымдарының 
байланысын 
жəне 
клетканың 
негізгі 
компоненттері мен олардың қызметтерін, сонымен қатар тіршіліктің негізін құрайтын 
клеткада жүретін барлық процесстердің үйлесімділігі мен тұтастығын біріктіретін 
клетканың өзін-өзі реттеуінің негізгі принциптері мен механизмдерін зерттейді». 
Кейіннен бұл ереже кері транскрипция (РНҚ матрицасындағы ДНҚ синтезі) жəне 
РНҚ репликациясы процестері туралы ұғымдармен толықтырылады. Тұтас ферменттер 
қатарын (кері транскриптаза, ДНҚ рестриктаза жəне т.б.) мақсатты түрде қолданудың 
əдістерінің ашылуы жəне талдануы нəтижесінде рекомбинатты ДНҚ алу технологиясы 
жасалды, молекулалық биология тарихындағы революциялық оқиға бол 
ХХ ғасырдың 70 жылдарының соңы мен 80 жылдарының басында молекулалық 
биология ең бір кемелдену кезеңіне қадам басты. Ферменттердің жəне биологиялық 
мембраналардың құрылымы белсенді түрде зерттелді, жоғары сатыдағы организмдердің 
геномының құрылымын анықтау жұмыстары басталды, жаңа биотехнологияның негіздері 
жасалды, ақуыз инженериясы дүниеге келді. 
Молекулалық биологияның қарқынды дамуының нəтижесінде ХХ ғасырдың 80 
жылдарының басында жаңа ғылым саласы биоинформатика (сандық биология
компьютерлік гентика) дүниеге келді. 
ХХ ғасырдың молекулалық биология кеңейе түсті, біршама міндеттері: геном 
құрылымының құпиясын ашу, гендер банкін құру, геномдық дактилоскопия; клеткалардың 
жітклеуінің, биоалуантүрліліктің, дамудың жəне қартаюдың, канцерогенездің (қатерлі 
ісіктің пайда болуы), иммунитеттің молекулалық негіздерін зерттеу жəне т.б.; генетикалық, 
вирустық ауруларды анықтау жəне емдеудің əдістерін ашу; азық-түлік жəне əртүрлі 
азықтық биологиялық белсенді қосылыстар (гормондар, энергия сақтаушы заттар
релизинг-фатор) өндірісінің жаңа биотехнологиясын жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет