Құрастырушылар: б.ғ. к. Утаубаева А. У., оқытушы, магистр Сарсенова А. Н


Клетка өсінділері (культуралары) əдісі



Pdf көрінісі
бет11/82
Дата04.11.2023
өлшемі5,89 Mb.
#122157
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82
Клетка өсінділері (культуралары) əдісі. 
Кейбір ұлпаларды жеке-жеке клеткаларға 
бөлгеннен кейін, жекеленген клеткалар өз тіршіліктерін жалғастырады, тіпті көбею 
қасиетін жоғалтпайды. Эмбрион немесе кейбір жеке клеткалар қолайлы ортада ағзадан 
тыс өсіп, көбейе алатындығын алғаш рет американ эмбрилогы Р. Гаррисон (1879-1959) 
дəлелдеген. Клетканы культуралау техникасын əрі қарай дамытқан француз биологы А. 
Каррель (1873-1959) болды. 
Бұл əдістің ең қарапайым тəсілі келесідей: қоректік ортаға толы камераға тірі 
ұлпаның кесегі салынады. Біраз уақыт өткеннен кейін ұлпа кесегінің шетіндегі клеткалар 
бөлініп өсе бастайды. Өзге жағдайда ұлпаның кесілген кішкентай кесегі трипсин ферменті 
немесе хелатон версен ферменті ерітінділерімен сəл өңделеді, бұл клеткалардың толық 
бытырап кетуіне əкеп соғады. Содан соң клеткаларды шайып қоректік ортаға салады, онда 
клеткалар тұнбаға түседі де, шыныға жабысып көбейе бастайды, алдымен олар 
колониялар түзеді, соңынан клеткалық қабат түзеді. 
Осылай тірі кезінде бақылауға ыңғайлы, бірқабатты клеткалар өсіндісі алынады. 
Өсінді өсіру кезінде қоректік ортадан басқа температура, стерильділік сияқты факторлар 
ескерілген жөн. Культурада өсімдік клеткаларын өсіруге болады. 
Көп клеткалы организмдердің эволюциясы
клеткалардың бір-бірімен байланыс 
ұстап тұру қабілеттеріне негізделген. Бұл қабілет клетка дамуын реттеу үшін жəне 
олардың ұлпаларда ұйымдасуы үшін, клетканың өсуі мен бөлінуін бақылау үшін жəне 
олардың əртүрлі белсенділіктерінің үйлесімділігі үшін қажетті. Клеткааралық іс-
қимылдың негізгі маңызы мен күрделілігі жоғары сатыдағы жануарларда барлық 
гендердеің маңызды бөлігі осы процестермен байланысты деп болжауға мүмкіндік береді. 
Клеткалара бір-бірімен үш түрлі жолмен байланысады: олар əртүрлі қашықтықта 
орналасқан клеткаларға сигналдар жеткізуші химиялық заттар бөліп шығарады;плазмалық 
мембранамен байланысқан, басқа клеткаларға əсер ететін, басқа клеткалармен тікелей 
жалғастыратын молекулалық сигналдар шығарады;екі клтеканың цитоплазмасын тікелей 
байланытыратын жалғамалар құрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет