Құрастырушылар: б.ғ. к. Утаубаева А. У., оқытушы, магистр Сарсенова А. Н



Pdf көрінісі
бет39/82
Дата04.11.2023
өлшемі5,89 Mb.
#122157
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82
Байланысты:
38. Силл - Молекулалык биология

Трансляцияның 3-ші кезеңі:
элонгация деген атпен белгілі. Бұл кезеңге қажетті 
заттар: екінші кезеңде түзілген активті рибосома; и-РНҚ-дағы кодондарға сəйкес келетін 
аминоацил - т-РНҚ;Мg
2+
; белоктық факторлар; ГТФ; пептидилтрансфераза; транслоказа. 
Бұл кезеңде амин қышқылдарының біртіндеп бірінен кейін бірінің пептидтік 
байланыс арқылы орналасуы нəтижесінде полипептидтік тізбектің өсуі байқалады. 
Рибосоманың и-РНҚ-ның бойымен бір кодонга жылжуы үшін, аминоацил т-РНҚ-ның 
кодонына сəйкес келіп комплементарлы түрде байланысуы үшін 2 молекула ГТФ-тың 
гидролизі кезінде бөлінетін энергия жұмсалады. Аминоацил - т-РНҚ и-РНҚ кодонына 
сəйкес байланысуы. 
Трансляцияның 4-ші кезеңі 
- Терминация яғни синтездің бітуі, аяқталу кезеңі, 
керектізаттар: 
1) АТФ; 
2) белок синтезінің біткенін білдіруші и-РНҚ-дағы кодондар; 


3) полипептидтің рибосомадан босап шығуына қажет белоктық факторлар, и-РНҚ-
да соңғы амин қышқылын көрсететін кодон біткен соң, мағынасыз, мəнсіз кодондар 
басталады. Олардың саны үшеу: УАА, УАГ, УГА. Міне осы кодондардың басталуы, 
полипептидттің синтезінің біткенін хабарлайды. Сонан соң, синтезді бітіруші факторлар 

1
, Ғ
2
/ өздерінің əрекетін бастайды. Бұл факторлар: I/ полипептидтің соңғы т-РНҚ-дан 
гидролиздік жолмен ыдырап шығуын жəне т-РНҚ-ның босауын; 2/ соңғы т-РНҚ-ның 
пептидилдік бөлімнің "бос" күйінде бөлінуін; 3/ рибосоманың 305 жане 505 суббірліктерге 
диссоциациялануын қамтамасыз етеді. 
Трансляцияның 5-ші кезеңі
- кеңістіктегі полипептидтік тізбектің орналасуы жəне 
процессинг. Бұл кезеңде полипептид өзінің кеңістіктегі екінші-, үшінші - реттік 
құрылысын түзіп, биологиялық активті түріне көшеді. Сонымен қатар бұл кезеңде бірінші 
амин қышқылы метиониннен жəне кейбір керек емес амин қышқылдарынан ажырап, 
кейбір амин қышқылдарының қалдықтары өзіне фосфат, - метил -, карбоксил -, ацетил 
топтарын қосып алуы мүмкін. Ал кейде белоктар өзіне олигосахаридтер мен 
коферменттерді қосып, өзінің биологиялық қызметін атқаруға дайын болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет