Құрастырушылар: б.ғ. к. Утаубаева А. У., оқытушы, магистр Сарсенова А. Н



Pdf көрінісі
бет38/82
Дата04.11.2023
өлшемі5,89 Mb.
#122157
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82
Трансляция
- цитоплазмада жүретін кезең. Бұл кезең кезінде тек қана 4 əріптік 
нуклеотидтік тілдің 20 əріптік аминқьшқылының тілге аударылуы ғана жүріп қоймайды, 
сонымен қатар амин қышқылдарының белоктық тізбектегі өз орнын табу мəселесі 
шешіледі. Трансляцияның өзі 5 кезеңнен тұрады.[2] 
Трансляцияның І-ші кезеңі: амин қышқылдарының активтелуі. Бұл кезеңге қажетті 
заттар: 20 амин қышқылы, АТФ, Мg
2+
,20т-РНҚ, 20 аминоацил -т-РНҚ - синтетаза ферменті. 
Бұл кезең жиырмадан астам аминоацил - т-РНҚ-синтетаза ферментінің қатысуымен өтеді. 
Бұлар айрықша талғамдылық көрсететін ферменттер, атап айтқанда осы ферменттің 
көмегімен амин қышқылы өзіне тəн т-РНҚ таныса, т-РНҚ өзіне тəн амин қышқылдарын 
таба алады. Сондықтан бұл ферментті "адаптор" деп те атайды. Аминоацил-т-РНҚ-
синтетаза ферменттерінің осындай айрықша қасиет көрсетуіне т-РНҚ-ның құрылысының 
өзгешілігі жағдай жасайды. 
Трансляцияның 2-ші кезеңі
- полипептидтік тізбектің инициациясы. Бұл кезеңге 
қажетті компоненттер: и-РНҚ; белок синтезін бастаушы кодон /АУГ/. Бұл кодон барлық 
жағдайда метионинге немесе формилметионинге тəн болады; N -формилметионинніңт-
РНҚ-сы; үлкен жəне кіші суббірліктер; ГТФ; Мg
2+
- иондары; белок синтезін бастаушы 
белоктық факторлар, оларды Ғ
1
, Ғ
2
, Ғ
3
деп белгілейді. 
Бұл кезеңде белок синтезінің ядролық кезеңінде түзілген, белгілі бір полипептидтің, 
амин қышқылдың құрамы туралы информациясы бар и-РНҚ рибосоманың кіші 
суббірлігімен қосылады. Сонан соң бұл и-РНҚ + кіші суббірлік комплексі белок синтезін 
бастаушы амин қышқылы метионинді тіркеген т-РНҚ мен қосылады. Енді бұл түзілген 
комплекс рибосоманың үлкен суббірлігімен қосылып, активті, белок синтезін жүргізуге 
дайын рибосоманы құрайды. 
Осы активті рибосоманың түзілуіне Ғ
1
, Ғ
2
, Ғ

белоктық факторлар да өз үлесін 
қосады. Рибосоманың кіші суббірлігі 21 белоктан жəне 1600 нуклеотид тізбегінен тұратын 
бір р-РНҚ-нан тұрса, үлкен суббірлік 34 белоктан жəне 3200 жəне 120 нуклеотидтік 
тізбектерден тұратын екі р-РНҚ-дан тұрады. 
Осы жоғарыда түзілген комплекстердің нəтижесінде үлкен суббірлікте екі центр 
пайда болады. Оларды: пептидилді, амино-ацилді центрлер деп атайды. 
Пептидилдік центрде синтезделетін пептид тізбегі орналасса, аминоацилді центрде 
осы пептидтік тізбектің өсуіне қатысатын аминоацил-т-РНҚ орналасады. Кез келген 
белоктың синтезі прокариоттарда М- формилметиониннен басталса, эукариоттарда 
метиониннен басталады. Метиониннің активтелуі де басқа амин қышқылдарының 
активтелуі сияқты АТФ пен т-РНҚ-ның жəне метионил - т-РНҚ - синтетаза ферментінің 
қатысуымен жүреді. Кесте түрінде:Метионин + т - РНҚ + АТФ
Е
метионил - т-РНҚ + АМФ 
+ Р
н
Р
п
Е - метионил - т-РНҚ - синтетаза. 
Ал прокариоттарда əрі қарай формил тобының қосылу реакциясы жүріп, N -
Формилметионин түзеді: 
Метионил - т-РНҚ+ N
10
- формил – ТГФҚ
___
ТГФ + формилметионин - т-РНҚ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет