Құрастырушылар


Gro EL ақуызы субъединицасының құрылысы



бет42/103
Дата20.10.2022
өлшемі12,21 Mb.
#44325
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   103
Байланысты:
метод-молбиология-леч.дело.пр.2к.каз.

Gro EL ақуызы субъединицасының құрылысы
(Мушкамбаров, Кузнецовтан, 2003)
Ақуыз конформациясының мұндай өзгерулері АТФ гидролизі нәтижесінде бөлінетін энергия көмегімен жүзеге асады.
Бұл жүйенің қызмет етуі төмендегідей болуы мүмкін.



Gro EL/Gro ES жүйесінің әрекеттесу тетігі (механизмі)
Бастапқы кезде «қазандар» қуысы бос, біреуінің тесігі «қақпақпен» жабылған күйде болады.
Әрі қарай:
а) Ашық «қазанға» фолдингі толық аяқталмаған, яғни еріген шумақ (глобула) күйінде, субстрат-ақуыз енеді.
Ақуыздың «қазанмен» байланысуына шумақ (глобула) бетінде және ашық «қазан» қабырғасында көптеп кездесетін гидрофобтық радикалдар көмектеседі.
б) Ақуыздың «қазанмен» әрекеттесуі екінші «қазанның» «қақпақшасының» диссоциациялануын иницияциялайды, яғни 7 АТФ молекуласы гидролизденеді және екінші «қазан да» гидрофобты болып өзгереді.
в) Диссоциацияланған «қақпақша» екі «қазанның» біреуімен байланысады (50% жағдайда бұл ақуызы бар «қазан» болуы мүмкін).
Бұл кезде біріншіден: ақуыз тұйық кеңістікте болып басқа ақуыздармен агрегациялану қабілетінен айырылады; екіншіден «қазанның» ішкі беті гидрофильді болып өзгеріп, ақуыз онымен байланысын үзеді. Мұның үлкен мәні бар, себебі оралушы ақуызды оқшаулап, «бұрыс» әрекеттесулерді жойып, оның оптималды құрылымының қалыптасуына мүмкіндік береді.
г)15-20 секундтан кейін АТФ-тың кезекті гидролизі жүзеге асып «қақпақша» диссоциацияланады және «қазан» тағы гидрофобты болып өзгереді.
Егер осы уақыт ішінде ақуыз өзінің нативті конформациясын қалыптастырып үлгерсе, ол қабырғаға жабыспай одан диффузияланады.
д) Егер фолдинг толық аяқталмаса, ақуыз шумағы (глобула) «қазан» қабырғасымен қайтадан байланысады және цикл қайталанады.
Приондар
Жоғарыда келтірілген мәліметтер фолдазалардың және шаперондардың қатынасуымен жүретін фолдинг-барлық уақытта полипептид тізбегінің энергетикалық және қызметтік тұрғыдан ең оптимальді құрылымының түзілуіне алып келеді деген ойды қалыптастыратыны сөзсіз. Бірақ, бұл барлық уақытта осылай бола бермейді.
Белгілі бір ақуыздың заңды түрде қайталанатын «бұрыс» фолдингі нәтижесінде дамитын өте зілді, бір топ неврологиялық аурулар белгілі. Осы ақуызды, егер ол қалыпты конформацияда болатын болса, приондық ақуыз Рr Рс (prion protein constitutive) деп атайды. Ол мида табылған, оның қызметі белгісіз.
Кейбір ауыру адамдарда осы полипептид басқа конформацияда, яғни құрамында табиғи құрылымында болмайтын β- учаскелері көптеп кездесетін және агрегациялануға ынталы формада болады. Мұндай, өзгерген ақуызды прион (proteinaceous infection particle) деп атайды және ол Рr Р деп бейнеленеді.
Ақуыздың осындай «бұрыс»-формасы» басқа-«дұрыс» формадағы ақуыздарды бұзып «бұрыс» формаға айналдырады.
Сонымен, приондар, өздерінің бастапқы молекулалары үшін антишаперондар қызметін атқарады және бұл үдеріс автокатализ күйінде жүреді, яғни «бұзылған» ақуыз келесі қалыпты ақуыздарды бұза береді, ақырында барлық ақуыз «бұзылған» күйге көшеді.
Бұл үдеріс баяу жүреді, ауру бірнеше жыл ішінде дамиды, бірақ міндетті түрде жануарлардың не адам ағзасының дүние салуына алып келеді.
Ағзада приондардың алғашқы порциялары қалай пайда болады?
1) өздігінен-фолдинг қателігі нәтижесінде;
2) прион ақуызының генінің (РrР) мутациясы салдарынан. Бұл кезде ауру тұқым қуалайды;
3) приондар кездесетін жануарлардың (сиырдың) етін жегенде.
Приондар-протеазалар әсерлеріне өте төзімді болады, сондықтан олар асқорыту жолында бұзылмай нерв ұлпасына өтеді де, өздерінің «жағымсыз» қызметтеріне кіріседі.
Приондар-нуклеин қышқылы болмайтын бірегей инфекциялық агент болып саналады.
Приондар-сиырлардың ерінді энцефалопатия немесе сиыр құтыруы ауыруын туғызады.
Егер адамдар осы сиырдың етін жесе, онда оларда Крейнцфельд-Якоб ауруы деп аталатын сырқат дамиды.
Жаңа Гвинеяның жергілікті тұрғындарының-куру ауруы да приондық ауруларға жатады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет