Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 14 мин (15%)
Оқушылардың міндетін жан – жақты тексеру
Сұрақтарды дұрыс және мазмұнды құрастыруға мән беру
Жасуша циклі және кезеңдері
Жасуша циклінің әр түрлі кезеңдерде өтетін жайыттарға сипаттама
Жасуша циклінің реттелу тетіктері
циклиндер, циклин тәуелді киназалар мен олардың кешендері
Циклин – ЦТК кешендерінің әрекет ету тетіктері
Жасуша циклын тоқтату және апоптозға көшіру тетіктері
Жаңа сабақ түсіндіру 27 мин (30%)
Тақырыпты жоспарымен таныстыру
Түсіндірілетін материалдық негізділігімен жеткізілуінің ғылымилығы
Жаңа сабақты сапалы игеру үшін түрлі оқу әдістерін қолдану.
Жасушаның тіршілік циклі деп оның пайда болуы, құрылысының күрделенуі, атқаратын қызметіне икемделуі, бөлінуі немесе тіршілігін жоюы (өліп қалу) кезеңдері аралығындағы әрқилы құбылыстар жиынтығын айтамыз. Яғни жасуша циклі дегеніміз оның митоздық жолмен екі рет бөлінуі арасындағы байқалатын құбылыстар жиынтығы. Ол 4 кезеңге бөлінеді: 1) пресинтетикалық(G1); 2) синтетикалық (S); 3) постсинтетикалық (G2); 4) митоз (М).
М-митоз – жасушаның бөліну кезеңі, ол 4 фазадан – профаза, метафаза,анафаза, телофазадан тұрады. Митоздың жалпы ұзақтығы 30-40мин.
а) Профазада-жасуша ядросында хроматин жіпшесі ширатылып, тығыздалып жуандап, микроскоп арқылы көруге болатындай, жіпше тәрізді құрылымдар-митоздық хромосомаларға конденсацияланады. Бұл кезде әрбір митоздық хромосома бір-біріне жабысқан екі хроматидадан тұрады. Олар когезин
деп аталатын ақуыз арқылы байланысқан. Хромосома деген терминді 1883 ж. Вальдейер ұсынған.
Хромосомаларда РНҚ синтезі толығымен тоқталады; рибосома гендерінің активсізденуі нәтижесінде ядрошықтар жойылады, біртіндеп ядро қабықшасы ыдырап бұзылады:
- ядроның ішкі мембранасымен байланысқан ядро ламинасы, оның негізін құрайтын аралық филаменттердің деполимеризациялануы салдарынан, ыдырайды-ал ядро мембраналары ұсақ көпіршіктерге бөлшектенеді.
Осы сияқты құбылыс цитоплазмада да байқалады, яғни эндоплазмалық тор (ЭПТ). Гольджи кешені визикулаларға (көпіршіктерге) ыдырайды.
Әрқайсысы жұп центролядан тұратын екі диплосома жасуша полюстеріне қарай біртіндеп ығысып жылжиды және бөліну жіпшелерін қалыптастыра бастайды.
Рибосомаларда ақуыз синтезі күрт төмендейді.
б) Метафазада – митоздық хромосомалардың конденсациялануы ең жоғарғы шегіне (деңгейіне) жетеді және олар бөлінуші жасушаның экваторлық жазықтығына (ортасына) шоғырланады.
Хромосомалардың хроматидаларын өзара байланыстырушы когезин кешені бұзылады және метафаза аяғында хроматидалар бір-бірінен азды-көпті ажырайды, олар тек сырт көзге ғана байланысқан күйде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |