Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы 31мин (35%)
Жасуша циклы және оның кезеңдері микроскоп арқылы анықтап, ажырата білу.
Жасуша циклының әр кезеңдерін альбом бетіне түсіру.
Жаңа тақырыпты бекіту 9мин (10%) Сабақты қорытындалу 2 мин (2%) Үйге тапсырма беру 2мин (2%) Митоз. Митоз фазалары.
16. Сабақтың тақырыбы: Митоз. Митоз фазалары.
Сағат саны: 90 мин (100%)
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мақсаты: Жасушаның бөлінуі-митоз туралы түсінік беру. Митоз-жасушаның бұрыс бөлінуі. Митоз дене жасушаларында байқалады. Митоз процесінде ядро күрделі өзгерістерге ұшырайды, жаңадан пайда болған жасушаларға тұқым қуалаушылық материалы тепе-тең бөлініп беріліп отырады. Бұл митоздың биологиялық маңызы болып саналады. Митоз 4 фазадан тұрады: профаза,метафаза,анафаза,телофаза оқып үйрену.
Оқыту: Студенттерге жасушаның бөлінуі-негізгі факторын оқыту.
Митоз дене жасушаларындабайқалады. Митоз процесінде ядро күрделі өзгерістерге ұшырайды, жаңадан пайда болған жасушаларға тұқым қуалаушылық материалы тепе-тең бөлініп беріліп отырады. Бұл митоздың биологиялық маңызы болып саналады. Митоздың негізгі себептері: 1) ядро-цитоплазмалық ара қатынасының өзгеруі (1/6-1/8 ден 1/69-1/89 ге дейін); 2) «митогенетикалық сәулелер» - бөлінуші жасушалар көршілес жатқан жасушалардың митоз жолымен бөлінуіне түрткі болады: 3) «жарақат гормондарының» әсері-жарақаттанған жасушалар жарақаттанбаған жасушалардың бөлінуіне ықпал ететін ерекше заттар бөліп шығарады.
Біртұтас митоз құрылысы 4 фазаға бөлінеді: профаза, метафаза,анафаза,телофаза. Профазада ядро көлемі ұлғайып, хроматин жіпшелері тығыз ширатылып, жуандап, қысқарып митоздық хромосомаға айналады. Профазаның аяғында бөлінуші жасушаның екі полюсінде жасуша орталығы пайда болып, ахроматин жіпшелерімен жалғанып тұрады.
Метафазада хромосомалар гендерінің центромералары арқылы ахроматин жіпшелеріне бекініп бөлінуші жасушаның ортан беліне-экваторына шоғырланады. Бұл кезеңде әрбір хромосома екі хроматидаға ажырап, тек центромера арқылы байланысып тұрады. Олардың пішіні Х таңбасына ұқсас болады.