Құрастырушылар


Дамыған елдерде түрліше туа біткен аномалиялардың салдары



бет91/103
Дата20.10.2022
өлшемі12,21 Mb.
#44325
түріСабақ
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   103
Байланысты:
метод-молбиология-леч.дело.пр.2к.каз.

Дамыған елдерде түрліше туа біткен аномалиялардың салдары
(ВОЗ деректері бойынша)

Аномалиялар

1000 нәрестеге шаққанда жаңа туылған нәрестелер жиілігі

Салдары

Ерте дүние салу (өлу), %

Созылмалы күйі, %

Емделгендері, %

Дамудың туа біткен ақаулықтары

30

22

24

54

Хромосомалық аурулар

4

34

64

2

Гендік аурулар

10

58

31

11

Барлығы

44

31.3

29.2

39.5

Тұқым қуалайтын патологиялар кездесетін адамдардың тіршілік ұзақтығы тек қана ауру түріне байланысты емес, сол сияқты медициналық жәрдем деңгейіне де байланысты. Денсаулық сақтау жүйесі жақсы дамыған елдердің өзінде де тұқым қуалайтын аурумен ауыратын пациенттердің 50%-на жуығы балалық шақта дүние салды.Канадада тұқым қуалайтын аурулармен ауыратын адамдардың барлығының күтілген тіршілік ұзақтығын есептегенде олардың тіршілік (өмір) ұзақтығы тұрғындардың орташа тіршілік ұзақтығынан 20 жылға кем болған (50/70). Тұқым қуалайтын аурулардың әлеуметтік салдары – ауыру адамдар арасында мүгедектер санының көбеюі және оларды бағып-күтуге жұмсалатын экономикалық, рухани шығындар деңгейінің өте көп, жоғары болуымен сипатталады.


Жоғарыда айтылғандандардың бәрі тұқым қуалайтын ауруларды емдегеннен көрі оны болдырмай, алдын алудың адамға да, қоғамға да тиімді екенін көрсетеді.Медициналық генетиканың маңызды бөлімдерінің бірі – адамның тұқым қуалайтын патологияларының алдын алу, болдырмау болып саналады. Соңғы жылдары, экологиялық жағдайлардың нашарлауы және сыртқы ортаның жағымсыз факторларының адам ағзасына әсер етуінің күшеюі, патологиялардың алдын алу шараларының рөлін едәуір өсірді.
Патологиялардың алдын алу шараларының негізгі 2 тобы белгілі:
1) балалардың тұқым қуалайтын патологиялармен туылуын болдырмау (бірінші реттік алдын алу шаралары); 2) генотипінде патологиялық өзгерістер кездесетін адамдарда аурудың даму тәуекелділігін төмендету (екінші реттік алдын алу шаралары).Қазіргі кезде, медициналық генетикалық кеңес беруге негізделген тұқым қуалайтын патологиялардың бірінші реттік алдын алу шараларын іске асыруда елеулі табыстарға қол жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет