ретінде, кейін психологиялық тұрғыда, интерпсихикалық
категория ретінде, алғашында адамдар арасында, кейін
баланың ішкі әлемінде көрсетеді» дегенге негізделген.
Выготский бойынша барлық ішкі процесстер
интериоризацияның өнімі болып табылады: олар баланың
ересектер тікелей социалдық контакттарында туындайды, ол
кейін оның санасына тұтастай енеді».
Л.С.Выготскийдің ілімі бойынша,
онтогенетикалық даму кезінде бала санасының
жүйелік құрылысы өзгереді. Осы теориялық
пайымдауды жалғастыра отырып, біз адам
тұлғасы да жоғары интерактивтік деңгейдегі
тұрақты салыстырмалы психологиялық жүйе
екенін мойындауымыз керек. Және бұл жүйенің
де өзіндік даму кисыны мен заңдылықтары бар.
Л.С. Выготскийдің
кемістік пен оның орнын толтыру туралы ілімі.
А.Адлерден кейін Л.С. Выготский де функционалдық позициядан
алғанда қандай да бір органикалық кемістік баланың кеміс
екендігіне дәлел еместігіне назар аударады. Кемістіктің әсері ылғи
да екі жақты: бір жағынан, ол ағзаның қалыпты әрекетін
қиындатады, екінші жағынан – кемістіктің орнын толтыратын
басқа функциялардың қарқынды жетілуіне жағдай жасайды
Л.С.Выготский баланың мәдени дамуының жанама
жолынан емдік педагогиканың негізін көреді: «Кеміс баланың
өзіндік дұрыс келбеті оның қандай да бір функциясының
жоғалуынан қалыптаспайды, сол жоғалған функцияның бала
дамуында жаңа бір құрылымдарды туғызатындығынан».
Л.С.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің
енген қарым-қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде
дамиды.
Назарларыңызға рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |