Развитие образовательной среды в школе


    МЕКТЕПТЕГІ ХИМИЯ КУРСЫНДА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕРДІ



Pdf көрінісі
бет16/55
Дата07.04.2017
өлшемі11,58 Mb.
#11218
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55

 

148 

 

МЕКТЕПТЕГІ ХИМИЯ КУРСЫНДА ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕРДІ 



ЕНГІЗІП ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ 

 

Химия  пәні  бойынша  оқу  бағдарламасында  көрсетілген  меңгеруге  тиісті 

білім  көлемін,  оқушы  әр  сыныпта,  белгіленген  мөлшерде  толық  игеруі  үшін, 

оқытудың жаңа әдістері мен түрлерін енгізудің ықпалы зор. 

Химияны  оқыту  әдістемесі  педагогикалық  ғылымдар  жүйесінің  бір 

тармағы  болып  есептеледі.  Себебі,  педагогика  ғылымдары  сияқты  оның  да 

зерттейтін  ең  негізгі  мәселесі  –  орта  мектептегі  ғылым  негіздерінің  бірі, 

химияны оқытудың іс-тәжірибесі мен теориясын қарастыру. Ал, оның міндеті: 

а)  мектептегі  химия  пәнінің  оқу  бағдарламасы  мен  оқулықтың  мазмұнын 

анықтау; 

б)  оқушыларға  химиялық  білімдер  мен  дағдылардың  жүйесін 

ұғындырудың тиімді тәсілдерін, оқыту әдістемесін көрсету. 

Химияны  оқыту  процесі  нәтижелі  болуы  үшін,  оқушылардың  логикалық 

санасы  мен  диалектикалық  ойлауын  дамыту  мақсатында,  әр  түрлі  әдіс-

тәсілдерді  кеңінен  қолданып,  оқу  материалын,  негізінен  эксперименттік  және 

көрнекілік түрде түсіндіру керек  [ 1,56 б].   

Оқушыларға жан-жақты терең, тиянақты білім беруде көрнекі құралдарды 

пайдаланудың  педагогикалық  және  әдістемелік  маңызы  зор  екендігі  белгілі. 

Өйткені, көрнекілік принципі – дидактиканың бірінші және ең негізгі принципі 

болып  саналады.  Бұл  жөнінде  классик  педагог  Я.А.Коменский:  мұғалім  үшін 

«Алтын  ереже»  -  бала  сезімі  арқылы  қабылдай  алатын  нәрселердің  барлығын 

сезім әсерлерін туғызып білдірген жөн: көруге болатынды көзге көрсет, естуге 

болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, 

қолмен ұстап нәрсенің қатты-жұмсақтығын, т.б. байқасын. Кейбір нәрсені түрлі 

сезім мүшелері бірдей түсініп қабылдағаны жақсы» деп көрсеткен.   

Химиялық  эксперимент  танымның  сезімдік  формаларының  күшті 

құралына жатады. Оқыту барысындағы оқушылардың ойлауы – ғылыми таным 

процестерінің басты ерекшеліктерімен сәйкес келеді. 

Көпшілік жағдайда көрнекілік принципі нақтылық және абстрактілік 

бірлігі принципі тұрғысынан тұжырымдалатындықтан, көрнекілік түрде оқыту 

оқу процесіндегі сезімділік және тұжырымдылықтың арасындағы бұл байланыс 

кең және маңызды қалыптасады. Бұндай іс-әрекеттерді эксперименттік 

есептерді жүйелі түрде пайдалану арқылы қалыптастыруға мүмкіндік бар. 

Қазіргі таңда экспериментті есептер бірнеше түрге жіктелген [ 2, 53 б]. 

1 - кесте    Эксперименттік есептердің түрлері  

Түрі 


Сипаттамасы 

I тип 

Есептің  шарты  бойынша  тәжірибені  орындау  ұсынылып, 

бақылау  қорытындысын  түсіндіру  тапсырылады.  Мысалы, 

«Сынауыққа  2-3  тамшы  15%-дық  тұз  қышқылын  құйып, 

үстіне  мырыш  түйірін  салыңыздар.  Не  байқалады? 


149 

 

Байқағандарыңызды түсіндіріңіздер». 



II тип 

Зат қасиетін сипаттайтын білімді қолданып есептер шығару. 

Мысалы,  «Тұз  қышқылына  тән  реакцияларды  іске 

асырыңыздар». 



III тип 

Заттың  құрамын  эксперименттік  түрде  анықтауға  арналған 

есептер.  Мысалы,  «Тұз  қышқылының  құрамына  сутегі  мен 

хлор енетінін эксперименттік жолмен дәлелдеңіздер». 



IV тип 

Бірнеше зат қатар берілгенде соны анықтауға арналған есеп. 

Мысалы, «Бір сынауықта тұз қышқылы, екіншісінде күкірт 

қышқылы,  үшіншісінде  сірке  қышқылы  берілген.  Қай 

сынауықта қандай зат барын анықтаңыздар». 

V тип 

Бастапқы  берілген  заттардан  жаңа  заттар  алуға  арналған 

есептер:  а)  тікелей;  б)  аралық  қосылыстар  арқылы  немесе 

жанама  жолмен.  Мысалы,    а)  «Мырыш  хлоридін  әртүрлі 

әдіспен  алыңыздар»;  б)  «  Мына  айналуларды  іске 

асырыңыздар: Cu → ? → CuCl

2

». 


VI тип 

Берілген  үлгіде  қоспа  барын  физикалық  және  химиялық 

әдістерді  қолданып  дәлелдеп,  затты  қоспадан  бөлуге 

арналған  есеп:  Мысалы,  а)  «Ас  тұзына  араласқан  құмды 

қандай  жолмен  бөлуге  болады;  ә)  «Темір  шегені  таттан 

қалай тазартуға болады?» 



VII тип 

Қарапайым  аспап  құрып,  онымен  тәжірибе  жүргізуге 

арналған  есеп.  Мысалы,  «Берілген  құралдар  арқылы  газ 

алатын аспап құрастырып, хлорсутек газын алыңыздар». 

Осы  эксперименттік  есептердің  түрлерін  ОҚО-ның  Мақтарал  ауданы 

Еңбекші ауылдық әкімшілігі Т. Жайлыбаев аулы Абай жалпы орта мектебінде 

оқыту  үрдісіне  енгізіліп,  олардың  химия  курсын  оқытқандағы  атқаратын 

маңызы анықталды.  

Зерттеу  барысында  оқушылардың    эксперименттік  есептерді  шығару 

дағдылары  қалыптасып,  білімі    деңгейі  жоғарлады,  олардың  химияға  деген 

қызығушылығы біршама артты (2-кесте). 

                 Кесте 2 – Бастапқы зерттеу бойынша оқушы үлгірімінің деңгейлері 

Тобы 

Оқушы  


саны 

Деңгейлер 

Жалпы 

пайыздық 



көрсеткіш 

өте 


төмен, 

төмен, 



орташа, 


жоғары, 


Бақылау 


24 

26,5 


39,8 

29,1 


4,6 

100% 


150 

 

тобы 



Зерттеу 

тобы 


24 

25,4 


39,0 

30,2 


5,4 

100% 


 

Сурет 1 – Мектеп химия курсында  оқушылардың эксперименттік есептерді 

шығару дағдыларының қалыптасу деңгейі (экспериментке дейін) 

Соңғы зерттеу бойынша оқушы үлгірімінің деңгейлері 

Тобы 

Оқушы  


саны 

Деңгейлер 

Жалпы 

пайыздық 



көрсеткіш 

өте 


төмен, % 

төмен, %  орташа, %  жоғары, 

Бақылау 


тобы 

24 


25,6 

37,0 


30,8 

6,6 


100% 

Зерттеу 


тобы 

24 


16,7 

20,2 


40,5 

22,6 


100% 

 

0



5

10

15

20

25

30

35

40

өте төмен

төмен

орташа

жоғары

БТ

ЭТ

151 

 

 



Сурет 2 – Мектеп химия курсында  оқушылардың эксперименттік 

есептерді шығару дағдыларының қалыптасу деңгейі (эксперименттен кейін) 

Эксперимент  мәліметтеріне  сүйене  отырып,  біз  мынадай  тұжырымдарға 

келдік: 


1)

 

Эксперименттік    есептерді  шешудің    бастапқы  кезеңінде 



оқушылардың  басым  көпшілігінің  білім  деңгейі  төмен  болды,  ал  соңында  

эксперименттік  есептерді      жүргізу  барысында  білім  деңгейінің 

жоғарылағандығы байқалды.  

2)

 



Оқушылардың  эксперименттік  есептерді  шешу  арқылы  оқушының 

бағдары анықталды. 



 

Пайдаланылған   әдебиеттер тізімі: 

1.

 



Д.М.Кирюшкин,В.С.Полосин. Химияны оқыту методикасы, 2004 ж. 

Алматы,«Мектеп». 

2.

 

Н. Нурахметов. Химия – 8,9. Алматы. Мектеп. 2013 ж. 



 

 

Шакеева Р.Ж.



1

, Ускенова Ж.А.



1. Ғылыми жетекші,аға оқытушы 

2. «Химия» мамандығының 4 курс студенті, жаратылыстану ғылымдар 

кафедрасы 

 

ХИМИЯНЫ БАСҚА ҒЫЛЫМДАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫРЫП ОҚЫТУ 

 

Пәнаралық  байланыс-  оқытудың  қазіргі  кезеңдегі  ең  көп  қолданылатын 

үрдістерінің  бірі.  Ол  пәндер  арасындағы  заңды  байланыстылықты  реттейді, 

оқушылардың  алған  білімдерінің  бір-бірімен  сабақтастығын  бір  жүйеге 

келтіреді.  Пәнаралық  байланыс  оқушының  меңгерген  білімін  кешенді  түрде 

0

5

10

15

20

25

30

35

40

45

өте төмен

төмен

орташа

жоғары

БТ

ЭТ


152 

 

пайдалана білуге жол ашады. Бұл мәселенің ең негізгі дидактикалық міндеті  – 



оқыту үрдісінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы 

байланысты күшейте отырып, білім сапасын көтеру болып табылады. Төменде 

ұсынылған кестеде пәнаралық байланыстарды сабақ барысында  жүзеге асыру 

түрлері ұсынылып отыр [1,15 б]. 

Кесте  1  –  Химияны  оқытуда  пәнаралық  байланыстарды  жүзеге  асыру 

түрлері 


Пәнаралық 

байланыс 

мазмұны 

Қалыптастырылатын 

біліктілік 

Оқытудың 

әдістері 

мен 

құралдары 

1. 


Химияны 

арнайы 


пәндерде 

оқытылатын 

заңдар мен құбылыстар- 

дың теориялық негіздері- 

мен байланыстыру. 

Теориялық 

мазмұн 

байланысын  дәлелдейтін  іс 



әрекет 

(ауызша 


және  

жазбаша  шешім  қабылдау, 

жоспарын құру т.б) 

Проблемалық  эвристикалық, 

репродуктивтік, алгоритм- 

дік,шығармашылық, көрнекі 

лік зерттеу т.б. 

Құралдары: 

слайдтар, 

мультимедиялық,техникалық 

құралдар т.б. 

2.  Химия  сабақтарында 

заңдар мен құбылыстарды 

бейнелей 

тін  және  арнайы  пәндер 

бойынша ұйымдастырыла 

тын зертханалық жұмыс- 

тар мазмұнын байланыс- 

тыру 

Бақылау  өлшеу  аспаптарын 



пайдалана  білу;  ерітінділерді 

дайындау; 

титрлеу 

операцияларын 

орындау 

және т.б. 

Тәжірибе,  бақылау,  талдау, 

салыстыру, қорытындылау. 

Құралдары: 

зертханалық 

аспаптар 

мен 


құралдар, 

қондырғылар т.б. 

3.  Оқылатын  материалдар 

бойынша 


деректер, 

құбылыстар,  ұғымдарды 

меңгеруге 

бағытталған 

студенттердің 

өзіндік 


жұмыстарын ұйымдас- 

тыруды байланыстыру 

Есептерді 

математикалық 

өңдеу,  графикалық  немесе 

технологиялық 

шешу; 

мағыналық  шешу,  шешім 



алгоритмін    ойша  есеп 

құрастыру 

Химиялық 

реакциялар 

жүргізу,  нәтижесін  шығару, 

есептер 


жүргізу, 

тестік 


тапсырмалар орындау 

Құралдары: 

химиялық 

реактивтер, 

тестік 

тапсырмалар 



4.  Химия  мен    арнайы 

пәндердің 

деңгейлік 

тапсырмалары 

мен 

сұрақтарын 



байланыстыру 

Оқушылардың 

интеллектуальдық 

біліктілігін 

көрсететін 

жауаптарының 

дәлелділігі,  

аналитикалық  химия  мен 

арнайы 

пәндердің 



ұқсас 

құбылыстары 

мен 

заңдылылықтарын салысты- 



ру  

Сөздік 


әдіс, 

дәлелдеу,салыстыру, 

қорытынды шығару 

Құралдары: 

деңгейлік 

тапсырмалар, жұмыс дәптері 

5. 

Үй 


тапсырмалары 

арқылы 


химия 

мен 


арнайы 

пәндердің 

байланысын  қамтамасыз 

ету 


Реферат  дайындау,  баяндама 

жасау, 


терминологиялық 

сөздіктер, 

слайдтар 

құрастыру 

Практикалық  іс  әрекеттер 

орындауға 

бағытталған 

әдістер 


Құралдары: слайтар, сөздіктер 

т.б. 

6.  Химия  мен  арнайы 

пәндерді  байланыстыруға 

арналған  сыныптан  тыс 

жұмыстар  

Топсаяхат  кезінде  өндіріс 

зертханасындағы анықтау- 

ларды 

оқу 


зертханалық 

жұмысымен 

салыстыру, 

бақылап көргендері бойынша 

Тесттердің  түрлері,  ғылыми 

тақырыпты 

қорғау, 

олимпиадалық 

есептерді 

шығару 



153 

 

талдау 



  Химияны 

жаратылыстану 

пәндерімен 

байланыстыру 

нәтижесіндетеориялық  білімнің  ғылымилығы  және  оның  практикалық  мәні 

ашылады.    Химия  мен  жаратылыстану  пәндерінің  мазмұнын  сабақтастыра 

отырып,  оқушылардың бүгін алған білімі мен келешекте меңгеретін білімінің 

байланысын күшейту және  оларды дамыту мақсатын жүзеге асырады[2, 32б]. 

Жалпы  алғанда,  осы  мәселені  талдау  барысы  көрсеткендей,  пәнаралық 

байланыстарды  жүйелі  және  жоспарлы  жүзеге  асыру  оқытылатын  пән 

мазмұнын іріктеу, білім беруді ұйымдастыру және тиімді әдістерді қолдануды 

керек  етеді.  Сондықтан  сабақ  барысында  пәнаралық  байланысты  тиімді 

пайдану үшін арнайы әдістерді алдын – ала таңдап алған жөн. Әдістерің кейбір 

түрлері төменгі сызба нұсқада көрсетілген. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Т

үсі



нд

ір

мел



іи

л

лю



стр

ативт


і 

(ақп


ар

атт


ы

-

рец



еп

ти

вт



і)

 

пр



акти

калы


қ 

реп


ро

ду

кт



ивт

і 

пр



об

лемалы


қ

 

ж



арты

лай 


із

де

нуш



іл

ік

 



эв

ристи


ка

лы

қ 



зертте

уші


лі

к 

Мектептерде химияны арнайы пәндермен байланыстыра оқыту мазмұны 



Мектептерде  химия мен жаратылыстану пәндерін байланыстыру арқылы 

оқытуды ұйымдастыру әдістері 



 

тәжі


ри

бе

 



бақ

ы

лау



 

Мақсаты: Химия мен арнайы пәндерді байланыстыра оқыту арқылы 

оқушылардың білім сапасын көтеру. 



М

ін

де

тте

р

і 

-  интеллектуалдық; 

-  зертханалық жұмыстарды орындау; 

-  әдебиеттермен жұмыс істей білу; 

-  шығармашылық қабілеттілік пен ойлауды дамыту

.

 



Ұс

мтанымд

ар

 

-  пәнаралық байланыстағы теориялық ұғымның бірлігі

-  - пәнаралық, пәнішілік, тақырыптық байланыстар жүйесінің бірлігі. 

 

Пәнішілік байланыстар 



- дидактикалық бірліктерді ірілендіру; 

- іс-әрекеттер негізіндегі өзара байланыс 

-ғылыми деректерге негізделген 

пәнаралық байланыс; 

-ғылыми ұғымдарға негізделген 

пәнаралық байланыс. 

 


154 

 

 



 

 Пайдаланған әдебиеттер: 

1

 



 И. Нұғыманов. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы: Рауан- 2005ж 205 

б . 


2

 

Н.Н. Нурахметов, Химия: мектеп оқулығы – 10 сынып, жаратылыстану 



– математика бағыты Алматы: Мектеп.  2006 ж -336б  

 

 

Жұмағалиева Б.М.

1

, Чашков В.Н.

2

, Худайбергенов Н.М.



1. Ғылыми жетекші, х.ғ.к.,доцент 

2. Ғылыми жетекші, химия магистрі,аға оқытушы 

3. «Химия» мамандығының 3 курс студенті, жаратылыстану ғылымдар 

кафедрасы 

 

АУЫЗ СУДЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ТЕМІР ЖӘНЕ МЫС 

ИОНДАРЫНЫҢ МӨЛШЕРІН ЗЕРТТЕУ 

 

Жоба зерттеулері «Сарыарқа АвтоПром» ЖШС орталықтандырылған 

өндіріс зертханасында дуалдық бағдарлама бойынша жүргізілді 

Адам  қорексіз  50  күнге  дейін  шыдауы  мүмкін  бірақ,  сусыз  1  аптадан 

артыққа шыдай алмайды. Себеі адам ағзасының 50-86 % пайызын ( 50% - қарт 

адамдардағы, 86% - жас нәрестелердегі мөлшері) «су» құрайды. Сондықтан су 

өзі  энергия  бөлмеседе  адам  ағзасы  үшін  қажетті  энергия  алмасу  процесінің 

компоненті болып есептеледі.  

Су  тек  адамның  зат  алмасу  процесіне  ғана  емес  көптеген  өндірістерде 

қолданылады. Қазіргі кезде өндіріс орындарының көбеюінің  салдарынан ақаба, 

ағынды  және  ауыз  суларының  сапасы  нашарлап  жатыр.(Қостанай  облысында 

200 – ден артық өндіріс орындары бар). Себебі өндіріс орындарының шығынды 

сулары  маңайдағы  су  көздеріне  қосылады

.

  Өндіріс  орындарында  әртүрлі  улы 



химиялық  қосылыстар  (нитрат,  нитрит,  сульфат,  сульфит,  фосфат,  фосфин, 

фенол және т.б.) және ауыр металдар (V, Co, Mn, Cu, Mo, Nі, Zn, Cr және т.б.) 

қолданылатыны  бәрімізге  белгі.  Осы  ауыр  металдардың  ішінде  мыс(Cu)  пен 

темірдің (Fe) алатын орындары ерекше.  

Темір  табиғатта  ең  көп  таралған  химиялық  элементтердің  бірі.  Адам 

денесін  темір  3,5  -  4,5  грамын  шамамен  қамтиды.  Бұл  элементтің  ағзадағы 

тәуліктік мөлшері — 11-30 мг. Темір — гемоглобиннің, миоглобиннің, тотығу-

тотықсыздандыру  ферменттері  —  пероксидаза,  каталаза  мен  биологиялық 

тотығу  процесін  жүргізетін  цитохромдық  ферменттер  құрамына  енеді.  Денеде 

темір  бауырда,  көк  бауырда,  ішектің  кілегейлі  қабығында  ферритин  (темірдің 

гидрат  тотығы  мен  белоктардың  қосылысы)  түрінде  кездеседі.  Организмде 

темір  гемосидерин  (темірлі  пигмент,  гемоглобиннің  ыдырау  өнімі)  түрінде  де 

кездеседі.  


155 

 

 



Бұл  реакция  ферменттердің  құрамындағы  темірдің  Fe

2+

  ионынан,



Fe

3+

 



ионына 

тотығуы арқылы оттегіге электрон тасу процесін көрсетеді. 

Темірдің адам ағзасында жетіспеуі ғана емес оның шамадан тыс артуы да 

адам  үшін  қауіпті.  Темір  негізінен  жүрек  бұлшық,  ұйқы  безі  және  бауырда 

жиналады,  және  бұл  осы  органдарға  жағымсыз  әсер  етеді.  Ағзадағы  темірдің 

артық болу себептері: ауыз судағы темірдің шектеулі рауал концентрациясынан 

көп болуы.  

Организмде темір шамадан тыс артық болған жағдайда байқалады: 

 

тері, тілдің, таңдайдың және ақуыз сары реңді болуы;  



 

бауырдың үлкеюі; 



 

терінің қышуы; 



 

жүрек аритмиясы; 



 

жүдеу; 



 

бозару; 



 

алақанда пигменттің пайда болуы;[1] 



Мыс  жоғарғы  санатты  адамға  қажетті  элементтің  бірі  болып  табылады. 

Қанда  мыс 



церуллоплазмон

 белогымен  тасымалданады.  Ішекте  сіңірілген  мыс 

бауырға  альбумин  арқылы  жеткізіледі.  Сонымен  қатар  мыс  өте  көп  мөлшерде 

ферменттердің құрамында бар. Дені сау адамға күніне 0,9 мг мыс қажет. Егер 

ағзада  мыс  жетіспесе,  бауырда  жинақталған  темір  гемоглобинмен  байланысқа 

түсе  алмайды.  Мыстың  мөлшерінің  аз  немесе  көп  екендігінің  көрсеткіші  — 

адамның шашы. Мыстың мөлшері жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс 

қанға оттегінің өтуін қамтамасыз етеді. Мыс көптеген ферменттердің құрамына 

кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады. 

Мыстың  кейбір  қоспалары  суда  шекті  рауал  концентрациясы  жоғары 

болған жағдайда өте зиянды. Ішетін суда мыс 1 мг/л-ден аспауға тиіс (14 күннің 

ішіндегі орташа өлшемі). 

Церуллоплазминмен байланыспаған мыс бауырдан қанға бөлініп шығады. 

Бұл  бос  мыс  бүкіл  ағзада  тарап,  тіндерде  әсіресе  бүйректе,  көзде  және  мида 

жиналады.  

Метаболизмнің  бұзылуы  церуллоплазмин  синтезі  және  оның  қандағы 

концентрациясының  төмендеуімен  сипатталады.  Церуллоплазмин  мысты 

ағзадан  бөліп  шығару  процессіне  қатысады.  Бауырда  ірітүйінді  немесе  аралас 

цирроз  қалыптасады.  Көздің  десцемет  қабықшасында  мыстың  шоғырлануы 



Кайзер-Флейшер сақинасының пайда болуына әкеліп соғады.

 

Әрине ауыз судағы темір және мыс иондарының мөлшерден артық немесе 



кем екенін білу анализсіз мүмкін емес.

 


156 

 

Осыған орай ауыз су құрамындағы темір және мыс иондарының мөлшерін 



зерттеу экологиялық өзекті мәселелердің бірі болып табылады[2]. 

Эксперименттік бөлім 

Ауыз судың құрамындағы темір – ионын фотоколориметрлік әдіспен 

анықтау. 

Судың  құрамындағы  темір  мөлшері  өте  аз  болғандықтан  (0,77  мг/дм

3

 

ГОСТ – 4011 – 72), дәл анализдеу әдістеріне жататын фотоколориметрлік тәсіл 



«КФК – 3 – 01» құрылғысында анықталады.  

Бұл әдіс заттың электромагнитті сәулелерді таңдап 

жұтуына, Бугер-Ламберт-Бер заңына негізделген[3]: 

 

 



Әдістеме негізі 

Бұл  әдістеме  ауыз  судың  құрамындағы  темірдің  (III)  валентті  ионының 

сульфосалицил  қышқылымен  комплексті  қосылыс  түзіп,  қышқылдық  ортада 

сары  түске  боялуына  негізделген.  Реакция  екі  сатыда  жүреді:  бірінші  сатыда 

судағы  темірдің  (III)  валентті  ионына  тұз  қышқылымен  әсер  еткенде  темірдің 

(III) 


валентті 

тұзы 


түзіледі, 

екінші 


сатыда 

сульфосалицил 

қышқылыменәрекеттесіп сары түсті комлексті қосылыс  түзіледі. 

 

 



 

Зерттеуге  ауыз  су  сынамалары  Қостанай  облысының  Қостанай 

қаласынан, Рудный қаласынан және Арқалық қаласынан алынды.        

Темірдің  (III)  валентті  иондарының  концентрациясын  анықтау  үшін 

стандарттық ерітінділер дайындалып градуировкалық график құрылды. 

Нәтиженің есептелу формуласы: 

X = 


??????

??????


 

m – градуировкалық графиктен алынған темірдің массасы, мкг 

v – сынамаға алынған заттың көлемі, см

3

 



Мысалы, Қостанай қаласынан алынған ауыз судың құрамындағы темірдің 

(III) валентті иондарының градуировкалық графиктегі көрсеткіші 19,4 мкг/см

3

 

X =



19,4мкг

1000см3


 

Басқа  сынамалардың  да  нәтижелері  осы  тәсілмен  есептеліп  1  –  кестеге 

қойылды.  

1 – кесте. Ауыз су құрамындағы темірдің (III) валентті иондарының 

мөлшері  

№ 

Сынаманың алынған орны 



Xi ± ΔtS

Қостанай қаласы 



0,0194± 0,00001% 

157 

 



Рудный қаласы 

0,0184 ±0,00001% 

Арқалық қаласы 



0,0276 ± 0,00002% 

 

Ауыз судағы темірдің (III) валентті ионының шекті рауал концентрациясы 



0,050%  пайыз  болуы  қажет.  Кестеден  көрініп  тұрғандай  зерттелген  Ауыз 

судағы темірдің (III) валентті ионының мөлшері шекті рауал концентрациядан 

аспайды. 

Ауыз судағы мыс ионының мөлшерін флюорометрлік әдіспен анықтау. 

Ауыз судың құрамындағы мыс ионының мөлшері флюорометрлік әдіспен 

ФЛЮОРАТ – 02 – 3М құрылғысында анықталды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет