Мен жабайы адамдар мен аңдардан қорғансызбын.
|
Мен түскен жерде адам жоқ, Африка жағалауындағыдай жабайы аңдарда жоқ. Егер де мен Африка жағалауында болғанда не істер едім.
|
5
|
Менің сөйлесетін ешкімім жоқ, маған басу айтып, мені жұбататын да ешкім жоқ.
|
Бірақ алла тағала біздің кораблімізді жағаға таяу жерде қалдырды, мен өзімді қанағаттандыратын қажетті заттармен қамтамасыз ете алмасам да, өмірімнің соңғы күніне дейін аш болмайтын жағдайдамын.
|
6
|
Менің киімдерім аз, жақында денемді жабатын киім де болмайды.
|
Бірақ мен ыстық жақта өмір сүріп жатырмын, бұнда кіимсіз де жүруге болады.
|
Талдау сұрақтары:
1. Сен жақын жолдасыңмен қатты ренжісіп қалдың. Робинзон Крузо пікірі сияқты ренжудің жақсы, жаман жағын ажыратып айтып беріңдер.
Шарты:
Топ дөңгелек болып отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір – біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады. Әрбір қатысушыға 4 минут уақыт беріледі.
Есте сақтаңдар:
Еш уақытта қайтып келмейтін үш нәрсе бар, ол :
уақыт, сөз, мүмкіндік.
Адамды айқындайтын үш нәрсе бар: еңбек, адалдық, жетістік.
3. Адам ақылға салса, өзін айқындауға қол жеткізіп, қайтып келмейтін нәрсеге өкінбес болар.
Өмір – бұл мүмкіндік. Сол мүмкіндікті қолдана біл.
Өмір – бұл әдемілік. Әдемілікке қызыға біл.
Өмір – бұл арман. Арманыңды орындата біл.
Өмір – бұл ойын. Ойыншы бола біл.
Өмір – бұл байлық. Байлықты шаша берме.
Өмір – бұл қуаныш. Қуана біл.
Өмір – бұл махаббат. Махаббатқа рахаттана біл.
Өмір – бұл құпия. Құпияны сақтай біл.
Өмір – бұл көз жасы. Көз жасын жеңе біл.
Өмір – бұл өлең. Аяғына дейін айта біл.
Өмір – бұл терең құз. Құздан қорықпай шыға біл.
Өмір – бұл бақыт. Бақытқа лайықты өткізе біл.
Өмір – бұл жүлде. Жарыста жеңе біл.
Өмір – бұл баға жетпес асыл зат. Ешнәрсемен салыстырма.
Өмір – бұл өзен. Ағысқа карсы тұра біл.
Өмір – бұл қатал. Шыдай біл.
Өмір – бұл тәңірдің сыйы. Оны мәнді де сәнді өткіз.
Өмір - бұл театр. Әртісі бола біл.
Өмір дегеніміз-Алла тағаланың бізге берген сыйы, бір мүмкіндігі.
БҰЛ СЕНІҢ ӨМІРІҢ. ОНЫ БАСҚАРА БІЛ!
7 . Жүректен жүрекке.
Оқушылар болашақ жайында жүрекшелер ұсынып жақсы тілектерін, лебіздерін білдіреді.
Өмір деген тұрмайды: қап - қарадан. Өмір деген тұрады: ақ - қарадан, Ақ - Қара,екі арасын ашып өтіп, Арымен өз бақытын тапқан Адам!- дей отырып, өмір сүріп жатқан әр секунд, минутымызды бағалап, өмірдің қиындықтарын жеңе білейік.
Қатысқандарыңызға көп рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |