Шарты: Әр қатысушы өзінің ойларын ортаға салады. Ойлануға 5 минут уақыт беріледі. Қатысушыларының айтылған қасиеттер бойынша, жаттығу соңында, қорытынды жүргізіледі.
Талдау сұрақтары: Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңдер? Қандай қасиеттерді бойымызға дарытуымыз керек?
2. Жаттығу. «Түймедейді түйедей ету».
Қатысушыларға нұсқау беріледі: «Ассоциация-бұл естіген немесе көрген зат жайында соған қатысты ойлардың басына келуі. Ең бірінші бізге қатысушының айтқан сөзіне байланысты ассоциация ойлау керек. Көп ойланбауға тырысыңыз,ойыңызға тез түскен нәрсені атауыңызға болады. Ал мен бастаймын: “Өмірдің мәні дегеніміз не? ...........”