Рдістері, есімдер



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата01.02.2023
өлшемі1,23 Mb.
#64406
1   2   3   4   5
Байланысты:
annotation112968

ISBN 978-601-80687-9-9 
© М.Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институты 
© «
Print express
» баспасы, 2017 
 



АЛҒЫСӨЗ 
 
Халық тарихындағы тағылымды оқиғалар қашанда өнер 
арқылы ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалады. Халық өмірінің 
белді кезеңдері, дәуір тудырған әлеуметтік, қоғамдық-саяси 
тартыстар, психологиялық шытырман ахуалдар көркем әдебиетке 
де негіз болатыны белгілі. Осы тұрғыдан келгенде, әдебиет ұлттық 
жадыны сақтау құралы ретінде аса маңызды қызмет атқарады.
Еліміздің тәуелсіздік алуы ұлттық әдеби өмір шежіресінде 
жаңа тарихи кезеңнің бастау алуына себеп болды. Қазіргі қазақ 
әдебиеті – көркем мазмұн мен пішін тұрғысында да, идеялық-
концептуалдық тұрғыда да жаңарған, толысқан әдебиет. Ұлттық 
рухтың жаңғыруы әдеби әлемде игі өзгерістер мен құбылыстарға 
жол 
ашты. 
Егемендіктің 
жариялануы 
бұрынғы 
саяси 
идеологияның салдарынан бұрмаланған ұлт тарихын қайта 
зерделеуге, тарихтағы және жалпы руханияттағы (дін, тіл, 
мәдениет, әдебиет) ақтаңдақтардың орнын толтыруға мүмкіндік 
берді. Ұлттық әдебиеттің саясат құрсауынан (изоляциядан) босап, 
әлемдік әдеби кеңістікпен ықпалдастығы (интеграциясы) артуынан 
көркемдік даму арналарында әлемдік мегаүрдістердің әсер-ықпалы 
айқын аңғарыла бастады. Қазіргі таңда ұлттық сөз өнерінде 
дәстүрлі реализммен бірге өзге де модернистік, постмодернистік 
ағымдар мен құбылыстар қатар өмір сүре бастады. Бұл тұста 
заманауи әдебиеттің тақырыптық аясы айтарлықтай кеңейіп, 
бүгінгі қоғамның әлеуметтік проблемалары, жаңа заманның ұлт 
тыныс-тіршілігі алып келген жағымды-жағымсыз жаңалықтары 
және өзге сан салалы рухани-мәдени мәселелер қазіргі қазақ 
әдебиетінің өзекті тақырыптарына айналды. Олардың иерархиялық 
қатарынан елі мен жерін қорғаған халық қаһармандарын (хан, би, 
батыр т.б.), нарық пен демократия дәуірінің кері әсерінен 
қалыптасқан қоғам өкілдерін (қылмыскер, жезөкше, нашақор т.б.), 
тіпті мистикалық (елес, аруақ), діни-мифологиялық (періште, 
пайғамбар, Қыдыр т.б.) бейнелерді де кездестіруге болады. Бұл 
еңбекте заманауи әдеби үдерістегі осындай елеулі көркемдік 
өзгерістер мен жаңалықтардың орын алуы жан-жақты тұрғыдан 
ғылыми сараланып зерделенді. Қазіргі әдеби кейіпкерлер жүйесі 
де типологиялық тұрғыдан елеулі өзгерістерге ұшырады. Бұл тұста 
кеңестік идеология қалыптастырған жағымды, жағымсыз бейнелер 



қатары жоғалып, кез келген кейіпкердің ет пен сүйектен жаралған 
пенде екенін қаламгерлер өз туындыларымен дәлелдеуге ден 
қойды. Сондықтан авторлар қауымы «Қазіргі қазақ әдебиеті: даму 
үрдістері, есімдер мен оқиғалар» атты ұжымдық монографияда 
соңғы ширек ғасырдағы ұлттық әдебиеттің қол жеткізген 
көркемдік-эстетикалық табыстары мен кемшін деген тұстарын 
жекелеген туындылар негізінде ғылыми саралады. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 
бағдарламасында алдағы уақытта атқарылатын мәселелерді 
санамалай келіп: «Алтыншыдан, ұлт мақтанышы біздің бұрынғы 
өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз 
ғана болмауға тиіс. Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістік-
терінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны 
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн.
Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 
жыл болды. Бұл – тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз 
үшін ғасырға бергісіз кезең. Әрине, жасалған жұмыстардың 
маңызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ. Дегенмен, осы қыруар 
істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен 
олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен 
цифрлардың тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанның 
әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр», – деген 
болатын.
Осы пікірге сүйенетін болсақ, қазіргі қазақ әдебиетіне бір 
топ жас қаламгерлер келіп қосылды. Ұлттық әдебиет жаңа 
кейіпкерлермен толықты. Ал, ақын-жазушылардың шығармаларын 
насихаттау, оларды оқырманға таныстыру – әдебиеттанушы-
ғалымдардың міндеті. Ұсынылып отырған монографияда қазіргі 
әдебеттің жетістіктері жан-жақты сараланып, ұлттық әдебиеттің 
қол жеткізген табыстары бағамдалған. Осы тұрғыдан келгенде, бұл 
еңбек болашақта жүзеге асатын «Қазақстандағы 100 жаңа есім» 
атты жобаның алғашқы баспалдағы болмақ.
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ поэзиясын жаңа биікке 
көтерген 
Қ.Мырзалиев, 
Т.Молдағалиев, 
Ф.Оңғарсынова, 
М.Шаханов, К.Ахметова, С.Жиенбаев, И.Оразбаев, Т.Медетбеков 
сияқты ақындардың қатарын бүгінде Г.Салықбаева, С.Нұржанов, 
Б.Үсенов, Б.Жақыпов, Т.Көпбаев, Ж.Әскербекқызы, Т.Досымов, 
О.Тұржанова тәрізді ақындар толықтырды. Өткен ғасырдың 



сексенінші жылдары әдебиетке келген бұл буын өкілдері бүгінде 
ұлттық поэзияны жаңа белеске көтеруде.
1991 жылы Кеңестік империяның таратылуы, Қазақстанның 
тәуелсіздігінің жариялауы қоғамның барлық саласына, соның 
ішінде ұлттық әдебиетке де өзінің оң ықпалын тигізді. Елміздің 
егемендік алуы ел басына күн туған қиын-қыстау заманда туған 
жерден үдере көшіп, әртүрлі себептермен шекаралас жатқан 
елдерде мекендеп қалған қандастарымыздың Отанына оралуына 
мүмкіндік туғызды. Осы уақыт аралығында Елбасының жүргізген 
көші-қон саясаты жырақта жүрген бауырларымыздың туған жерге 
оралуына жол ашты. Соңғы жиырма жылдан астам уақыт 
аралығында Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан, Монғолия, 
Қытай Халық Республикасы тәрізді елдерден туған жерге келген 
миллионнан астам бауырларымыз қоғамның әр саласында қызмет 
етіп жатса, олардың бір парасы ұлттық әдебиет төңірегінде өнімді 
еңбек етіп келеді. Сондай қаламгерлер қатарында Жақсылық 
Самитұлы, Зейнолла Сәнік, Тұрсынхан Зекенұлы, Тұрсынәлі 
Рыскелдиев, Армиябек Сағындықұлы, Алмасбек Ахметбек, 
Нұрхан Сұлтанбайұлы, Құл-Керім Елемес, Ерболат Баят, 
Дәулетбек 
Байтұрсынұлы, 
Бақытбек 
Бәмішұлы, 
Дүкен 
Мәсімханұлы, Ғалым Қалибекұлы, Бекқожа Жылқыбек, Иманғазы 
Нұрахметұлы, Ләззат Игісін, Мұрат Шаймаран, Мағиза 
Құнапияқызы тәрізді ақын-жазушылардың есімі соңғы ширек 
ғасырдағы ұлттық әдебиет туралы сөз еткенде аталуға тиіс. 
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиетіне қосылған бұл жаңа 
есімдер ұлттық әдебиетті мазмұны мен түрі жағынан байытып, әр 
жанрға өз үлестерін қосып келеді.
Қазақ әдебиеті соңғы ширек ғасырда біраз белестерді 
бағындырды. Бұл тұстағы әдебиеттің негізгі жетістігінің бірі – 
бүгінгі тәуелсіздігіміз үшін жанкешті ерлік жасаған тарихи 
тұлғалардың көркем бейнесінің жасалуы. Олардың бірсыпырасына 
түркі дәуірінен Қазан төңкерісіне дейінгі аралықтағы айтулы 
оқиғалар мен сол сәтте үлкен қайрат көрсеткен тарихи тұлғалар, 
өнер иелерінің өмір жолы негіз болса, енді бірпарасына кеңестік 
дәуірде өмір сүрген, ХХ ғасырдың зобалаңдарын басынан өткізіп, 
кеңестік дәуірде отаршылдықпен күрескен, елі үшін жанын пида 
еткен абзал азаматтар өмірі арқау болды. Осылайша әдебиет жаңа 
тарихи оқиғалармен толықты. Ақын-жазушылар қазақтың 



азаттығы жолында күрескен хандар, батырлар, бектер мен билер 
туралы шағын жанрдан бастап, кең құлашты эпикалық туындылар 
жазды. 
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ прозасына белсенді араласып 
жүрген Ш.Мұртаза, М.Мағауин, Қ.Жұмаділов, Т.Рыскелдиев, 
Ә.Сараев, 
Т.Тілеуханов, 
Т.Нұрмағамбетов, 
Ұ.Доспамбетов, 
Н.Дәутайұлы, Ә.Асқаров, С.Асылбек, Ж.Шаштайұлы, Р.Отарбаев, 
Қ.Түменбай, Н.Ақыш, М.Байғұт, К.Рахымжан, А.Кемелбаева, 
Ж.Қорғасбек, 
А.Алтай, 
Д.Амантай, 
Д.Рамазан 
тәрізді 
жазушылардың қатары Мәдина Омарова, Лира Қоныс, Мақсат 
Мәлік, Дархан Бейсенбек, Арман Әлмембет, Алмас Мырзахмет, 
Әлібек Байбол, Алмас Нүсіп, Әсем Қоспағарова, Үміт Зұлхарова, 
Мирас Мұқашев, Айнұр Шамшейтова, Аягүл Мантаева, Бейбіт 
Сарыбай, Ерболат Әбікенұлы, Мәлік Отарбай, Мәди Алжанбай, 
Қанат Әбілқайыр, Қанат Тілеухан, Нұрлан Қабдай, Мерей Қосын 
сынды жас жазушылармен толысты. Осылайша ұлттық әдебиетке 
жаңа есімдер келіп қосылды.
Бұл жылдары қазақ драматургиясы да жаңа тақырыптармен, 
жаңа образдармен толығып, театр сахналарынан ұлттық 
қаһармандар 
орын 
алды. 
Ә.Кекілбаев, 
Ш.Құсайынов, 
М.Байсеркенов, И.Оразбаев, Д.Исабеков, С.Жүнісов, И.Сапарбай, 
Р.Отарбаев, С.Тұрғынбек, Ә.Тарази, С.Балғабаев, С.Асылбекұлы, 
Р.Мұқанова, Н.Ораз, Д.Рамазан тәрізді драматургтер сақ 
патшайымы Тұмар, Бейбарыс сұлтан, Шыңғыс хан, Абылай хан, 
Махамбет, Кенесары тәрізді қазақ тарихынан үлкен орын алатын 
тарихи 
тұлғалардың, 
Ш.Құдайбердіұлы, 
Ж.Аймауытұлы, 
М.Жұмабайұлы, М.Шоқай, Т.Жүргенов сынды алаш арыстарының 
жарқын бейнесін жасады. Ұлттық драматургия ХХ ғасырдың 
жиырмасыншы жылдарындағы жаппай ашаршылық, отызыншы 
жылдардағы жаппай қудалау, Алжирдегі аналар, Ұлы Отан 
соғысы жылдарындағы тыл өмірі, Семей полигоны, 1986 жылғы 
Желтоқсан көтерілісі тәрізді тың тақырыптармен толықты. 
Драматургтер бүгінгі өзіміз өмір сүріп отырған қоғамдағы 
махаббат, мәдениет пен өнер, өнер қайраткерлері, ұрылар мен 
нашақорлар өмірі арқылы ХХІ ғасырдың өзекті мәселелеріне жан 
бітірді.
Тәуелсіздік дәуір әдебиетіне тән негізгі көркемдік үрдістерді
зерттеуде 
қазіргі 
қазақ 
әдебиетінің 
идеялық-эстетикалық 



бағдарын, дәуірлік сипаттағы көркемдік концепцияларын 
айқындау мақсатында қазіргі ұлттық әдебиеттің дамуына елеулі 
үлес қосып жүрген ақын-жазушылардың шығармашылық портреті 
жасалды. Олардың қатарында Ш.Құмарова, Ш.Бейсенова, 
Б.Нұржеке, 
Р.Ниязбеков, 
Т.Нұрмағамбетов, 
С.Асылбеков, 
Д.Әшімханұлы, Қ.Түменбай, Қ.Жиенбай, Р.Отарбаев, Қ.Бегманов, 
Н.Ораз, 
С.Досжанова, 
Б.Жақып, 
С.Нұржан, 
Т.Көпбаев, 
М.Шаймаран, Ж.Әскербекқызы, Д.Рамазан, М.Райымбекұлы 
тәрізді қаламгерлерді атауға негіз бар.
Тәуелсіздік тұсындағы әдебиет 10 томдық «Қазақ 
әдебиетінің тарихы» атты кешенді еңбектің 10-томында, «ХХІ 
ғасырдағы қазақ әдебиеті» (2001-2011 жж.), «Қазіргі әдебиеттегі 
жалпыадамдық құндылықтар» атты М.О.Әуезов атындағы 
Әдебиет және өнер институтының ғалымдары дайындаған 
ұжымдық еңбектерде біршама зерттелді. Бұл еңбекте бұған дейін 
арнайы зерттеу нысанына алынбаған қаламгерлер мен жекелеген 
шығармаларға баса назар аударылғандығын ескертеміз.
Зерттеуде бүгінгі әдебиеттегі реалистік, фантастикалық, діни 
мистикалық мазмұндағы туындылардың көркемдік-эстетикалық, 
танымдық, тағылымдық маңызына баға беруде тәуелсіздік 
дәуірдегі қазақ әдебиетінің кейіпкерлер типологиясы ғылыми 
сараланып, тұлға концепциясы жан-жақты қарастырылды. 
Сондықтан мемлекеттік «Мәдени мұра», «Халық – тарих 
толқынында», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ-
дарламаларының 
талаптарына 
жауап 
беретін 
ұжымдық 
монографияны жоғары оқу орындарында қолдануға негіз бар.
Ұжымдық монографияны жазуға тәуелсіздік тұсындағы 
әдебиетті зерттеп жүрген белгілі әдебиеттанушы ғалым, ҚР ҰҒА 
академигі С.Қирабаев («Шәрбану Бейсенова»), филология 
ғылымдарының докторы Г.Орда («Алғысөз», «Қазіргі қазақ 
лирикасы», «Поэмадағы дәстүр ұласуы», «Прозадағы көркемдік 
ізденістер», «Бүгінгі драматургия», «Шәрбану Құмарова», 
«Бексұлтан Нұржеке», «Рафаэль Ниязбеков», «Тынымбай 
Нұрмағамбетов», «Серік Асылбеков», «Дидахмет Әшімханұлы», 
«Қуандық Түменбай», «Қуаныш Жиенбай», «Темірғали Көпбаев», 
«Маралтай Райымбекұлы»), филология ғылымдарының докторы 
Н.Ақыш («Нағашыбек Қапалбекұлы»), филология ғылымдарының 
кандидаты 
Ж.Мәмбетов («Қазіргі қазақ лирикасы», «Тынымбай 



Нұрмағамбетов», «Бауыржан Жақып», «Светқали Нұржан», 
«Мұрат Шаймаран», «Жанат Әскербекқызы»),
филология 
ғылымдарының кандидаты А.Қалиева («Думан Рамазан»), 
филология ғылымдарының кандидаты Е.Қаныкей («Прозадағы 
көркемдік ізденістер») және М.Тәшімова («Бүгінгі драматургия»), 
Ж.Сәрсенбаева («Поэмадағы дәстүр ұласуы»), Н.Құдайбергенов 
(«Қазіргі қазақ лирикасы», «Бексұлтан Нұржеке», «Қасымхан 
Бегманов»), А.Ахметова («Прозадағы көркемдік ізденістер»), 
Е.Қуатбекұлы («Бақытбьек Бәмішұлы»), А.Жұматаева («Рахымжан 
Отарбаев») тәрізді жас зерттеушілер қатысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет