ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК
044 – 40/15
«Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасы
«Фармацевтикалық ақпарат» пәні бойынша ДӘРІС КЕШЕНІ Мамандық: 5В110300 – «Фармация»
Шымкент-2013 Дәріс кешені «Фармацевтикалық ақпарат» пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылып, ОҚМФА Әдістемелік Кеңесінде қаралып, бекітілген. Хаттама № ___ _______ 20__ ж.
«Фармацевтикалық ақпарат»
Тақырыбы №1. Ғылыми-техникалық ақпараттың теориялық негіздері.
Мақсаты:студенттерге ғылыми-техникалық ақпараттың теориялық негіздері туралы түсінік беру.
Дәріс тезистері:
Басқарылатын қызмет ақпараттарды жинақтап, қайта өңдеп, яғни үрдістердің сапалық және сандық көрсеткіштерінің құрамдарының мекеме ішіндегі және айналадағы басқару саласын жүргізуде анықталады.
Ғылыми техникалық ақпарат (ҒТА) мәліметтерін менеджерлер, болашақ шешімдерді қабылдауға, жалпы білім аумағын дамытуға пайдаланады.
Бірлесіп еңбек ету аясында ғылыми техникалық ақпарат (ғ.т.а) болмаған жағдайда жұмыс істеу мүмкін емес. Керекті ақпараттық жетіспеушілігі, және керексіз ақпараттың артықшылығынан жалпы шаруашылық қызметтер ақсайды.
Сонымен Ғ.Т.А. қазіргі таңда әрбір мекеменің дамуында әлеуметтік-экономикалық, техникалық, технологиялық ресурстарды құрайды.
Ақпараттық ресурстардың ерекшеліктері: Таусылмасшылық