алдын – ала түйіршіктеусіз престелген таблеткалар, яғни, тікелей престеу арқылы алынған таблеткалар.
Таблеттелетін қоспаларды престеу таблеткалық машиналарда жүргізіледі. Қазіргі кезде фармацевтік өндірісте таблеткалық машиналардың негізінен екі түрі қолданылады: эксцентрикті және ротационды машиналар.
Эксцентрикті машиналарда таблеттеу процессі келесі операциялардан тұрады:
Тиеу (дозалау) – бұл операция дайын таблетканы ығыстырып тастау операциясымен бір мезгілде жүреді. Тиеуші воронка таблетканы ығыстырып тастап, матрицаның үстіне келіп тұрады. Осы кезде төменгі пуансон төмен түседі. Матрица ұясы таблеттелетін қоспамен толтырылады.
Престеу – тиеуші воронка қоспаны тиеп болған соң шетке ығысып кетеді. Жоғарғы пуансон төмен түсіп, белгілі қысыммен қоспаны қатты таблетка алынғанға дейін тығыздайды.