Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



бет30/36
Дата15.04.2023
өлшемі494,5 Kb.
#82911
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36
Байланысты:
тезисы-лек-5-курс-9-семестр.каз

Таблетканы итеріп шығару - жоғары пуансон жоғары қарай көтеріледі, төменгі пуансон матрицаның кесік жеріне дейін көтеріледі де, таблетканы ұядан итеріп шығарады. Таблетка қабылдағышқа тиеуші воронканың көмегімен ығыстырылып түседі, ал осы кезде матрицаның үстіне келіп орналасқан тиеуші воронка қайтадан тиеу операциясын жүргізеді. Сөйтіп цикл қайталанады (сурет 76).




Сурет 76. Эксцентрикті таблеткалық машинада таблеттеудің схемасы


1 – таблеттеу алдындағы бастапқы қалпы; 2 – матрицаны тиеу операциясы; 3 – престеу операциясы; 4 – таблетканы итеріп шығару операциясы; 5 – таблетканы түсіру операциясы.

Өндірісте РТМ машиналарының өнімділігі әртүрлі үлгілері шығарылады. Мысалы:


РТМ -24 – өнімділігі 1 сағатта 50 мың таблеткаға дейін;
РТМ -12 – өнімділігі 20 мың таблетка/ сағат;
РТМ -40 – өнімділігі 100 мың таблетка/ сағат;
РТМ -41 – өнімділігі сағатына 209 мың таблеткаға дейін;
РТМ -65 – өнімділігі сағатына 1 млн. 750 мың таблеткаға дейін;
РТМ -300 – салмағы 0,12 таблеткалар жасайтын машина.
Отандық машиналармен қатар фармацевтік зауыттарда жоғарғы өнімді ағылшынның «Манести» фирмасының «Ротапресс-45» машинасы, «Клиан» фирмасының (ФРГ) «Драйкота-39 машинасы, «Фетте» (ФРГ) фирмасының «Perfeсta ХХХІ» машинасы жұмыс істейді. Осы заманғы машиналар тек жоғарғы өнімді ғана емес, таблетканың сапасы мен салмағын бақылайтын электронды қондырғылармен жабдықталған. Өкінішке орай, біздің машиналар таблеткалардың биіктігін анықтамайды, таблеткаларды салмағы бойынша іріктей алмайды, қысым анықталмайды, қысым 1200 кг/см2 болуы тиіс, мұндай қысым қамтамасыз етілмейді.
Тікелей престеу
Қандай тәсілмен жүргізілсе де, түйіршіктеу таблетка өндірісінің ұзақ және көп еңбек сіңіруді талап ететін сатысы болып табылады. Түйіршіктеу, ылғалдау, кептіру, брикеттеу кезінде қиын ыдыраушы поликристалды агломераттар түзілуі себебінен таблеттелетін қоспаға зиянды әсер етеді. Сондықтан, соңғы жылдары зерттеушілердің назары түйіршіктеу процессін жүргізбей-ақ түйіршіктердің барлық қасиеттеріне ие болатын сусымал қоспалар алу тәсілдерін іздеуге ауып отыр. Осындай тәсілдердің бірі – тікелей престеу болып табылады. Тікелей престеу – бұл таблеттелетін материалдың негізгі технологиялық қасиеттерін сусымалдылығы мен престелушілігін-жақсартуға мүмкіншілік жасайтын және олардан түйіршіктеу сатысын өткізбей-ақ таблеткалар алуға мүмкіндік беретін технологиялық операциялар жинағы. Бұл тәсілдің бірқатар артықшылықтары бар: таблеттелетін қоспаға ылғал мен жоғарғы температураның әсерін тигізбейді, таблетка өндірісінің мерзімін қысқартуға және бірқатар жағдайларда таблетка құрамына кіретін қосымша заттардың мөлшерін азайтуға мүмкіндік туғызады.
Дәрілік заттардың тек аздаған түрі ғана, мысалы, антифебрин, натрий хлориді, бромиді, цитраты, калий йодиді мен бромиді, гексаметилентетрамин, ПАСК-натрий, бромкамфора және т.б. өздігінен дозалануға және жақсы престелуге қабілетті. Бұл заттардың кристалдарының формасы дұрыс және фракциондық құрамы шамамен біркелкі болады.
Натрий бромиді, хлориді, калий йодиды МФ-да белгіленген бір реттік дозаларда қосымша заттар қоспай тікелей престеледі. Барлық бастапқы шикізаттардың шаң тәріздес фракциялар мен қатты кеуектерден еленіп, кептірілгені жеткілікті. Калий йодиді таблеткалары құрамына оны тұрақтандыру үшін 1% калий карбонатын қосады.
Бромкамфора, гексаметилентетрамин, натрий-ПАСК-ын тікелей престеу үшін ыдыратқыш және антифрикциондық қосымша заттар енгізу қажет.
Тікелей престеу тәсілін аз дозада берілетін дәрілік заттармен таблеткалар алуға қолдану мүмкіндігін зерттеу нәтижесінде эфедрин гидрохлориді (0,25 г) және резепин (0,0001 г) таблеткаларының технологиясы жасалды. Бұл алкалоидтарды толықтырғыш ретінде глюкоза мен крахмал қоспасын қолданып және кальций стеаратын қосып престейді (Осипова И.Д., Штейгарт М.В., 1969 ж.).
Қазіргі кезде тікелей престеу тәсілімен 15-ке жуық таблеткалар шығарылады.
Тікелей престеудің екінші мүмкіншілігі – фармацевтік өндірісті таблеттелетін қоспаны матрицаға зорлап (күштеп) толтыратын, жетілдірілген дозаторлармен жабдықталған осы заманға сай таблеткалық машиналармен қамтамасыз ету. Соңғы жылдары осындай дозаторлардың түрлі конструкциясы жасалынды. Олар – дискілі, шнекті, вибромеханикалық, вакуумды, электровибрациялық. Олардың ішінде, әсіресе, қолайлысы вакуумды дозаторлар, бұл дозаторлар ұнтақ қоспасын алдын-ала нығыздап және одан ауа бөлшектерін ығыстырып шығарып жібереді. Бөлшектердің кристаллизация кезінде құрылысы мен көлемдерін өзгерту қазіргі кезде әлі де зерттеліп отыр. Дегенмен, кристалды ацетилсалицил қышқылы мен салициламид ұнтақтарын алу технологиясы жасалғаны белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет