Сабақ № 12 Кредит 4 Тақырып 1: Таблеткалар.Ұнтақтардың және түйіршіктердің физико-химиялық және технологиялық қасиеттерін зерттеу. Түйіршіктердің сапасын бағалау. Түйіршіктеуді қолданып таблеткаларды алу.
Мақсаты: Таблеткамен дәрілік түр ретінде танысу. Түйіршіктеу процесін теория жүзінде негіздеу және түйіршіктерді дайындауға, ұнтақтар мен түйіршіктердің физико-химиялық және технологиялық талдауларын дұрыс жүргізе білуге үйрету. Өздігінше таблеткаларды престеу арқылы алуды үйрену.
Оқыту мақсаты: студент білуі тиіс:
таблеткалардың дәрілік түр ретінде анықтамасын;
таблеткаларды дайындау кезінде қолданылатын қосымша заттарды;
таблеткаларға қойылатын талаптарды;
түйіршіктеудің әдістері мен тәсілдерін;
түйіршіктегіштер мен ысқылағыш машиналарды, кептіргіштерді;
таблеткаларды алу процесінің технологиялық сатыларын;
таблеткаларды престеу әдісімен дайындаудың негізгі операцияларын.
студент істей білуі тиіс:
әсер етуші және қосымша заттардың мөлшерін есептеу;
түйіршіктерді дайындау және сапасын бағалау;
таблеткалардың сапасын МФ ХІ бас. талаптары бойынша және зерттеудің қазіргі әдістеріне сай жүргізу
Тақырыптың негізгі сұрақтары: негізгі білім бойынша: Фармацевтикалық технологияда қолдануға рұқсат етілген қосымша заттар. Олардың жіктелуі, номенклатурасы және сипаттамасы.
Тығыздық. Заттардың көлемдік тығыздығы.
Ұнтақ тәріздес заттардың сусымалдылығы.
Сусымалы материалдардың гигроскопиялығы туралы түсінік.
Кристаллизациялық су және оның ұнтақ тәріздес заттардың физико-химиялық қасиеттеріне тигізетін әсері.