Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк


СТУДЕНТТЕРДІҢ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСЫ



бет46/50
Дата11.10.2023
өлшемі490 Kb.
#113593
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
метод.технология-лекарств.5-курс9-семестр.45-часов.каз 2

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСЫ
Студенттер лабораториялық жұмыстарды келесі тапсырмалар бойынша орындап, хаттама мен протокол жазуы тиіс:
Тапсырма N 1. 50 таблетка алу үшін керекті дәрілік зат пен қосымша заттардың мөлшерін есептеңіз:
а) 0,001 рибофлавин 0,1 аскорбин қышқылымен;
б) мырыш сульфаты 0,0003 г.
Тапсырма N 2. Арнайы массаларды формалау әдісімен жоғарыдағы жаэылым бойынша таблеткалар дайындаңыз (тритурациялық әдіс).
Тапсырма N 3. Таблеткалардың орташа салмағын, орташа салмақтан ауытқуын, ерігіштігін анықтаңыз.
Тапсырма N 4. Материалдық баланс құрастырып, технологиялық шығым, шығын, шығын коэффициентін анықтаңыз.

Білім берудің және оқытудың әдістері: тәжірибелік жұмыс, ауызша сұрақ, тестілеу, мылқау карталармен жұмыс, есептер шығару.
Әдебиет
негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008.

  2. Муравьев И.А.-Технология лекарств. – 2 том. - М. - 1980.

  3. ИвановаЛ.А.-Технология лекарственных форм.-2-том.-1991.

  4. Тенцова А.И.-Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм.-М.- 1986.- 272 бет.

  5. МФ СССР, ХІ басылымы. - 1990 ж.



қосымша:

  1. Лекциялық материалдар.

  2. “Фармацевтический бюллетень”, “Фармация Казахстана”, “Фармация”, “Химико-фармацевтический журнал” және т.б. журналдар.

  3. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.



Бақылау:
Бақылау сұрақтары:

  1. Тритурациялық таблеткалар дегеніміз не?

  2. Оларды алу және сапасын бағалау жолдарының ерекшеліктері қандай?

  3. Тритурациялық таблеткалардың номенклатурасы.

  4. Көп қабатты таблеткалар қалай және қандай жағдайларда дайындалады? Оларды алу үшін қандай машиналар қолданылады? Олардың жұмыс істеу принциптері қандай?

  5. Каркасты таблеткалар дегеніміз не? Олардың өндірісінде қандай қосымша заттар қолданылады?

  6. Таблеткаларды бөлшектеп-орамдау қалай жүзеге асырылады? Таблеткаларға арналған орамдарды дайындау үшін қандау материалдар қолданылады?

  7. Таблеткаларды бөлшектеп-орамдау үшін қандай машиналар мен автоматтар қолданылады? Олардың конструкциясының ерекшеліктері неде? Жұмыс істеу принциптері қандай?

  8. Драже, гранулалар дәрілік түр ретінде. Анықтамасы. Келешегі.

  9. Микродраже, спансулалар дәрілік түр ретінде. Анықтамасы. Келешегі.

  10. Гранулалар, микродражелер, спансулалар және дражелер алу процессі нелерден тұрады? Олардың өндірісінде қандай қосымша заттар қолданылады?

  11. Сапасы қандай көрсеткіштер бойынша сипатталады?

  12. Гранулалар, микродражелер, спансулалар және дражелер түрінде босатылатын дәрілердің номенклатурасы.

  13. Таблетка дәрілік түрлері үшін қандай орамдауыш түрлері қолданылады?

  14. Құты дайындау үшін қандай материалдар қолданылады?

  15. Шыны флакон, түтік және құтыларға даналанған дәрілік түрлерді бөлшектеу қалай жүргізіледі?

  16. «Ротакс» жартылай автоматты санауыш машинасының жұмыс істеу принципі.

  17. Контурлы ұясыз конвалюталарға даналанған дәрілік түрлерді бөлшектеу қалай жүргізіледі? «Аут» типті автомат.

  18. Контурлы ұялы конвалюталарға даналанған дәрілік түрлерді бөлшектеу қалай жүргізіледі?

  19. Тритурациялық таблеткаларды бөлшектеп-орамдау қалай жүргізіледі?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет