Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



бет7/50
Дата11.10.2023
өлшемі490 Kb.
#113593
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
Бақылау:
Ситуациялық есептер:
Есеп 1. 100,0 г натрий салицилатын лабораториялық шарлы диірменде ұнтақтағанда 96,0 г ұнтақталған өнім алынды. Елегеннен кейінгі өнім мөлшері 77,0 г, елеуіште қалғаны 15,8 г. Қалдықты есепке ала отырып ұнтақтау, елеу сатылары бойынша материалдық баланс құрастырыңыз. Технологиялық шығым, шығын, шығын коэффициентін табыңыз.
Есеп 2. Екі өндірісте бірдей шығарылатын өнімнің шығын коэффициенттері 1,012 және 1,062. Өндірістік процесс қай жерде жақсы ұйымдастырылған?
Есеп 3. Диаметрі 0,6 м тең, айналу жылдамдығы 35 айн/мин. болғанда, барабанды шарлы диірмен дұрыс жұмыс істей алады ма?
Есеп 4. Фармакопеялық жазылым бойынша балалар сеппесі өндірісінде 278 кг өнім алынған. 1 сағ. 3 кг өнім алынды деп есептеп, материалдық баланс құрастырыңыз, шығым, шығын және шығын коэффициентін анықтаңыз. 200 кг дайын өнім алу үшін жұмыс жазылымын құрастырыңыз.


Бақылау сұрақтары:

  1. Ұнтақтау процесінің анықтамасы мен толық сипаттамасын беріңіз?

  2. Қатты денелердің ұнтақталу дәрежесі дегеніміз не?

  3. Ұнтақтау дәрежесі мен ұнтақтау тәсілі бойынша ұнтақтағыш қондырғылар қалай жіктеледі?

  4. Кескіш және аралағыш әсерлі қандай ұнтақтағыштарды білесіңдер? Олар қандай жағдайда қолданылады? Олардың жұмыс істеу принципі қандай?

  5. Неліктен өсімдік шикізатын қалдықсыз ұнтақтау қажет?

  6. Орташа және майда ұнтақтау үшін қандай езіп-жаншитын, соққылы, соққылы-ысқылағыш әсерлі машиналар қолданылады? Олардың жұмыс істеу принциптері қандай?

  7. ұсақ ұнтақтау үшін қандай соққылы-ысқылағыш және ысқылап-езгіш әсерлі машиналар қолданылады? Олардың жұмыс істеу принциптері қандай?

  8. Өте ұсақ ұнтақтау үшін соққылы-ысқылағыш әсерлі машиналар қолданылады? Олардың жұмыс істеу принциптері қандай?

  9. Ұнтақталған материалдарды қандай әдістер көмегімен фракцияларға бөлу жүргізіледі? Фракцияларға бөлу қандай мақсатта қолданылады?

  10. Елеуіш қондырғылардың қандай құрылымдарын білесіздер? Оладың жұмыс істеу принциптері қандай? Елеуіштердің өнімділігі қандай факторларға тәуелді?

  11. Сулы ортада бөлу қалай және қандай жағдайда жүргізіледі?

  12. Ұнтақталған материалдарды ауа ағынымен бөлудің негізі неде жатыр.

  13. Араластыру дегеніміз не? Араластыру сапасы қандай факторларға тәуелді?

  14. Араластырғыштардың қандай констукцияларын білесіздер? Олардың жұмыс істеу принциптері қандай? Салыстырмалы сипаттамасын, артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз.

  15. Ұнтақтар дегеніміз не? Олардың анықтамасын, жіктелуін және жалпы технологиялық схемасын беріңіздер.

  16. Ұнтақтарды бөлшектеу және орамдау қалай жүргізіледі? Қандай аппараттар қолданылады? Олардың жұмыс істеу принциптері қандай?

  17. Зауытта өндірілетін қандай күрделі ұнтақтарды білесіздер? Олардың құрамы мен жеке технологиясы қандай?

  18. Ұнтақтарды ұнтақтау, елеу және араластыру кезіндегі техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қажет іс-шараларды атаңыздар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет