Сабақ № 2 Кредит 1 Тақырып 2: Күрделі ұнтақтар алу. Майдалау. Елеу. Араластыру. Мақсаты: Ұнтақтау, елеу, араластыру процестерін оқып үйрену. Ұнтақтағыш, елегіш қондырғылар мен араластырғыштардың қолданылуын теорияға негіздеп үйрену. Зауыт өндірісіндегі күрделі ұнтақтар ерекшеліктерін және материалдық баланс құруды, сатылар мен бүкіл процесс бойына технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеуді үйрену.
Оқыту мақсаты студент білуі тиіс:
ұнтақтау процесінің технологиялық негіздері. Қатты денелерді ұнтақтаудың әдістері мен ерекшеліктері;
ұнтақтағыш машиналардың ұнтақтау дәрежесі мен әдісі бойынша жіктелуі;
қатты денелерді бөлу әдістері, елеу, елеуіштердің түрлері;
араластырғыштардың негізгі түрлері, олардың жұмыс істеу принциптері;
ұнтақтардың дәрілік түр ретінде анықтамасы, технологиясының ерекшеліктері және сапасын бағалау;
жинақтардың дәрілік түр ретінде анықтамасы, технологиялық ерекшеліктері және номенклатурасы.
студент істей білуі тиіс:
сыртқа және ішке қолданылатын ұнтақтарды дайындау;
ұнтақтарды келесі көрсеткіштер бойынша талдау:
а) біртектілігі в) сусымалдылығы
б) дисперстік дәрежесі г) фракциялық құрамы
зауыт жағдайындағы күрделі ұнтақтардың технологиялық және аппаратуралық схемаларын теория жүзінде негіздеу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары: негізгі білім бойынша: Сабақ тақырыбы бойынша орыс және латын тіліндегі терминология.
Дәрілік заттардың физико-химиялық қасиеттері.
МФ СССР Х басылымындағы “Ұнтақтау және елеу” мақаласы.
Дәріхана жағдайында күрделі ұнтақтарды дайындау ерекшелігі.
Тритурация. Олардың дайындалу және қолданылу ерекшеліктері.
Жәй және күрделі ұнтақтардың қолданылуы және сақталуы.