Кафедра мәжілісінде __ ___ 2014 ж. (хаттама № ___ ) талқыланған Каф.мең., фарм.ғ.д., профессор ____________Сағындықова Б.А.
2014 ж. Сабақ № 1 Кредит 1 Тақырып 1: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша жалпы ережелер. Сатылар және дайын өнім бойынша материалдық баланс құрастыру. Өндірістік регламент. Мақсаты: Дәрілер өндірісін ұйымдастырудың негізгі принциптерін түсіндіру. Техника қауіпсіздігі туралы инструктаж өткізу. Өндірістік және лабораториялық регламенттің дұрыс құрылуын талдау. Операция, саты және бүкіл процесс бойынша материалдық баланс құрастыра білу.
дайын дәрілік түрлер өндірісін жүйелі механизацияландыру және автоматтандыру мәселелерін шешу жолдары. ДДТ номенклатурасын кеңейту жолдары;
өндірістік регламент-дайын дәрілік түрлер өндірісінің негізгі нормативті-техникалық құжаты ретінде. Оның негізгі бөлімдері, өңдеу сатылары;
өндірістік процестер. Негізгі технологиялық түсініктер және терминдер;
материалдық балансты құрастыру мақсаты. Технико-экономикалық көрсеткіштер технологиялық шығым, технологиялық шығын, шығын коэффициенті, шығын нормасы. Энергетикалық баланс.