Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



бет6/64
Дата31.12.2021
өлшемі0,74 Mb.
#23097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Фармацевтикалық-қызметті-ұйымдастыру-негіздері

Дәріс тезистері:

Дәрі-дәрмектерді бөлшек сауда арқылы босататын дәріханалық ұйымдарға дәріханалар, дәріханалық пункттер және дәріханалық дүкендер жатады. Аталған дәріханалық ұйымдар дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды бөлшек сауда арқылы тікелей тұрғындарға босатады.

Дәpixaнaньң негізгі міндеті - тұрғындарды және дәрі-дәрмектермен қамтуға бектілген емдеу-профилактикалық, басқа да мекемелерді дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, фармацевтикалық және парафармацевтикалық тауарлармен уақытында, сапалы турде үзіліссіз қамтамасыз ету.

Тұрғындарды қамту дәріханалары келесі қызметтерді атқарады:


  • логистикалық (дәрі-дәрмектік тауарлардың қорын қабылдау, сақтау және басқару);

  • өндірістік (дәріханаға келген рецептерді қабылдау, рецептер мен ЕПМ сұрау-талап қағаздары бойынша дәрілік формаларды дайындау, дайындалған дәрілердің сапасын бақылау, дайындалған дәрілік формаларды безендіру және босату);

  • ақпараттық (тұрғындарды және ЕПМ дәрігерлерін, басқа да медициналық қызметкерлерін дәрілік заттар туралы ақпараттармен қамтамасыз ету);

  • маркетингтік (дәрілік заттардың сұранысын, ұсынысын және ассортименттік, баға саясаттарын қалыптастыру);

  • әлеуметтік (дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды ақысыз және жеңілдетілген бағамен босату);

• медициналық (қажеттілігіне қарай алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмектерді көрсету, тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу);

Бөлшек сауда – кәсіпкерлік қызметпен байланыссыз тұтынушылардың жеке, жанұялық, үй жағдайындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тауарлардың сатылуы мен қызмет түрлерінің көрсетілуін қарастырады.

Дәріханалар дәрі-дәрмектермен қамту бағыттарына және өндірістік қызметтерінің сипатына қарай келесі түрлерге бөлінеді:


  • тұрғындарды қамтитын дәріханалар;

  • емдеу-профилактикалық мекемелері дәріханалары (ауруханалық дәріханалар);

  • ауруханааралық дәріханалар (ААД) – бірнеше емдеу-профилактикалық мекемелерді және басқа да ұйымдарды қамтиды.

Дәрігерлердің рецептері мен емдеу-профилактикалық мекемелердің сұрау-талап қағаздары бойынша дәрілік формаларды дайындап, дайын дәрілік заттарды босататын дәріханалар өндірістік дәріханалар болып аталады.

Тұрғындарға және емдеу-профилактикалық мекемелерге дайын дәрілік заттарды босатуды жүзеге асыратын дәріханалар дайын дәрілер дәріханасы болып аталады.

Тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында түн уақыттарында жұмыс істейтін кезекші дәріханалар ұйымдастырылады. Кезекші дәріханалар рецепті жән рецепсіз дәрілік заттарды босатып, керек болған жағдайларда бірінші медициналық көмектерді көрсетеді. Кезекші дәріханалар аймақтық фармацевтикалық басқару органдары бекіткен тізімге сәйкес дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды босатуға міндетті болады. Кезекші дәріханалардың жұмыс істеу сағаттары, түн уақытындағы жұмысы туралы ақпараттары жарықтандырылып көрсетілген маңдайшалары, қоңырауы, дәріхана қызметкерін келушілер шақыруға арналған байланыс құралдарының болуы қажет. Кезекші дәріханалар сыртқы сигнализациялармен қамтамасыз етіледі. Кезекші дәріханалардың басшылары дәріханада кезекшілік ететін мамандардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау мақсатында ассортиментке сәйкес дәрілік заттардың, медицина бұйымдарының қорын сақтайтын бөлмелерлі бөліп, жабдықтайды. Фармацевтикалық қызметкерлер түнгі кезекшілік уақытында ұйықтау құқығына ие, сондықтан кезекші дәріхананың ішкі еңбек ережесінде аталған құқық көрсетіліп, сәйкесті жағдайлардың жасалуы қарастырылады.

Дәріханалық пункт – дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды бөлшек сауда арқылы сатуды жүзеге асыратын дәріханалық ұйым.

Дәріханалық қойма – дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды сақтауды және көтерме сауда арқылы босатуды жүзеге асыратын дәріханалық ұйым.

Тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету сапасын жақсарту және фармацевтикалық мамандарды даярлауда тәжірибелік дағдыларға үйрету мақсатында арнайы бағытталып ұйымдастырылған дәріханалардың маңызы үлкен. Арнайы бағытталған дәріханаларға балалар дәрі-дәрмектері дәріханасы, гериатриялық дәріхана, гемеопатикалық дәріхана және оқу-өндірістік дәріхана жатады.

Балалар дәрі-дәрмектері дәріханасы – үлкен қалаларда балалар дәрілерін бір дәріханада шоғырландыра отырып, балаларды дәрі-дәрмектермен қамту қызметін жақсарту мақсатында ұйымдастырылады.

Гериатриялық дәріхана – жасы ұлғайған, егде тұрғындарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету қызметін қолайлы ұйымдастырып жүргізу мақсатында ашылады. Жасы егде адамдарға дәрілік заттардың дозасы, қолданылу және сақталу жағдайларының ерекшеліктері түсіндіріледі.

Гемеопатикалық дәріхана – тұрғындарды аз дозадағы дәрі-дәрмектермен, түрлі минералды, өсімдік және жануарлар тектес дәрілік, биологиялық белсенді әсер ететін заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастырып жүргізу мақсатында ашылады.

Оқу-өндірістік дәріхана тұрғындарды дәрі-дәрмектік көмекпен қамтамасыз ете отырып, орта және жоғары фармацевтикалық оқу орындарының оқушылары мен студенттері оқу-өндірістік тәжірибелерін өтетін, сонымен қатар практикалық фармацевтикалық мамандардың білімдерін жетілдіру барысында оқу базасы ретінде қарастырылатын дәріханалық ұйым.

Дәріханалық ұйымдарды фармацевтикалық қызметтерді орта және жоғары фармацевтикалық білімді мамандар атқарады.

Дәріханалық ұйымдар емдік препараттарды дайындаумен және сатумен байланысты қызметтерді лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес ұйымдастырылып ашылады.

Дәріханалардың орналасуы:

1) жеке тұрғызылған ғимараттарда;

2) көпқабатты ғимараттардағы тұрғын үй фондысына кірмейтін оқшау үй-жайларда;

3) көпқабатты ғимараттардағы тұрғын үй фондысына кіретін (тек бірінші қабаттағы) оқшау үй-жайларда орналасады.

Медициналық ұйымдар дәріханаларының орналасуы:

1) медицина ұйымдарына тиісті аумақта оқшау тұрған ғимараттарда;

2) медицина ұйымдары мен мекемелері орналасқан ғимарат құрылымындағы (тек бірінші қабаттағы) оқшау үй-жайларда орналасады.

Дәріханалар көпқабатты ғимарат құрылымында ашылған жағдайда, орналасқан үй-жайлардың оқшау блогы және бөлек кіру есіктерінің болуы қарастырылады.

Дәріханалық пункттер мен киоскілердің орналасуы:

1) медициналық ұйымдардың жанында немесе аумағында;

2) жеке тұрғызылған ғимараттарда;

3) көп қабатты ғимараттар құрылымындағы бөлек кіру есіктері бар (подвалдан басқа) оқшау үй-жайларда;

4) үй-жайлардың ішіндегі оқшау блоктарда орналасады.

Дәріханалық қоймалардың орналасуы:

1) жеке тұрғызылған ғимараттарда;

2) ғимараттар құрылымындағы тұрғын үй фондысына кірмейтін оқшау үй-жайларда орналасады.

Дәріханалық қоймалардың тұрғын үй фондысына кіретін ғимараттар құрылымында орналастырылуына тиым садынады.

Дәріханалық ұйымдардың орналасу ғимараттары мен үй-жайларының сәулеттік-жоспарлау және конструкциялық шешімдері санитарлық және эпядемияға қарсы оңтайлы режимдерін, фармацевтикалық қызметкерлердің еңбек пен демалыс жағдайларын қамтамасыз етуі қарастырылады.

Дәріханалық ұйымдардың құрылымдық бөлмелері және олардың мимималдық көлемдері 6.1. таблицада көрсетілген.

Мемлекеттік санитарлық қадағалауды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердің келісімінсіз дәріханалық ұйымдардың құрылымдық бөлмелерінің жоспарлануын өзгертуге және функционалдық мақсатсыз пайдалануға болмайды.

Дәріхана қоймасындағы сақталатын зат салмағының бірмезгілдік көлемі үй-жай сақтау қоймасының көлемінің 75% аспау керек. Жұмыс ауқымының, сатылатын зат түрлерінің көбеюіне байланысты дәріхана мекемелерінің ауданы берілген фармацевтік тәртіп пен ережелер бойынша дәрілік заттарды сақтау жағдайы үшін қойылған талаптарға сәйкес келуі керек.

Дәріхана ұйымдарын медицина ұйымының ғимаратында орналастырған жағдайда әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар ортақ болуы мүмкін.

Дәріхана ұйымдарының қосымша қызметтік түрлері болған жағдайда, қосымша өндірістік және үй-жай қоймалары қарастырылуы қажет.

Дәріхана қоймаларында заттарды буып-түю барысында:



  • заттарды буып-түю бөлмесінің ауданы 20 шаршы метрден кем болмауы;

  • дистилляционды-стерилизациялық - 10 шаршы метрден кем болмауы;

  • жуу - 12 шаршы метрден кем болмауы керек.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет