Тізбектің екі параллель тармақтары, кернеуі U айнымалы ток генераторының қысқыштарына қосылған дейік (36 а-сурет). Тізбектің бір тармағының аткивтік кедергісі R1және индуктивтігі L1болсын, ал екіншісінікі соған сәйкес R2 және L2 болсын дейік.
Егер генератордың бұрыштық жиілігі ω = 2πf болса, онда бірінші және екінші тармақтың толық кедергілері Z1 және Z2 мынаған тең:
Z1 = √R12+(ωL1)2; Z2 = √R22+(ωL2)2 I1 және I2 токтары Ом заңының негізінде былай анықталады:
I1 = U/√R12+(ωL1)2; I2=U/√R22+(ωL2)2
Әрбір тармақта активтік кедергілерден басқа индуктивтік ке-дергілер бар болғандықтан, тармақтардағы токтар U кернеуден фаза бойынша φ1 және φ2 бұрыштарына қалып отырады. Олардың мәні мына теңдіктерден cos φ1 = R1/Z1; соs φ2 = R2/Z2 косинустар арқылы анықталады.
Осыған сәйкес 36 б-суретте векторлық диаграмма тұрғызылған, мұнда U кернеуі Оа кесіндісі ретінде, ал І1және I2 токтар Об және Ов кесінділері түрінде көрсетілген.
Тізбектің тарамдалмаған бөлігіндегі I тогы І1және I2 токтары ның геометриялық қосындысы болып табылады.
Сондықтан I тогын анықтау үшін диаграммада І1және I2 токтары геометриялық түрде қосылған. Қосудың нәтижесінде ток векторы Ог кесіндісі түрінде алынған, ол өзінің мәні және бағытымен тізбектің тарамдалмаған бөлігіндегі токтың I мән бағытын анықтайды, бұрышы U кернеуі мен I тогының арасындағы фазалық ығысу бұрышы болып табылады.
I тоғын және фазалық ығысу бұрышьш есептеу арқылы табуға болады. Бұл үшін І1және I2 токтардың әрқайсысын екі қосылғышқа жіктейді, олардың біреуі кернеу векторымен бағыттас, ал екіншісі оған перпендикуляр болады (36-сурет). Қөрсетілген қосылғыштардың біріншісін токтың активтік құраушысы деп, ал екіншісін токтың реактивтік құраушысы деп атайды.I, тогының активтік құраушысын І1адеп және реактивтігін — I1р деп, ал I2 тогының активті құраушысын I2а деп және реактивтігін — I2р деп белгілеп
I1а =Il cos φ1; I1р=I1sin φ1; I2а =I2 cos φ2; I2р=I2sin φ2
деп жазамыз. Тізбектің тарамдалмаған бөлігіндегі ток