Үш тәуелсіз бір фазалы тізбектерден тұратын үш фазалы генераторда олардың электр қозғаушы күштерінің амплитудалары бірдей болады және олар фаза бойынша периодтың 1/3 бөлігіне ығыскан. Генератор статорының орамасының әрбір қос қысқышына жүктемеге токты жеткізіп беретін сымдарды жалғап, бірімен-бірі байланыспаған үш фазалық жүйені алуға болады, (42а-сурет). Бірақта барлық үш фазаны бір ортақ үш фазалық жүйеге біріктіру тиімдірек. Осы үшін генератордың орамаларын өзара жұлдызшалап немесе үшбұрыштап жалғайды.
Генератордың орамаларын жұлдызшалап қосқанда (42 б-сурет) барлык үш фазаның соңғы ұштарын ортақ 0 нүктесіне қосып, ал бас ұштарына электр энергиясын желіге жіберетін сымдарды қосады. Осы үш сым желілік (линиялық) аталып, ал қандай да болмасын екі желілік линиялық сымдардың арасындағы кернеу — желілік линиялық кернеу Uл деп аталады. ¥ш фазаның соңғы ұштарының (немесе бас ұштарының) қосылған жалпы нүктесінен (жұлдызшаның) қосылған жалпы нүктесінен (жұлдызшаның нольдік нүктесінен) нольдік деп аталатын төртінші сым жүргізілуі мүмкін. Кез-келген үш желілік (линиялық) сымның біреуі мен нольдік сымның арасындағы кернеу бір фазаның басы мен соңы арасындағы кернеуге, яғни фазалық кернеуге тең.
42 Сурет – Үш фазалы генертор орамаларын қосу сұлбалары:
а) байланыспаған жүйелер; жұлдызшалап;
в) кернеудің векторлық диаграмалары
Әдетте, (генератордың фазаларының орамалары бірдей болып жасалатындықтан фазалардағы ЭКК-тің әсер етуші мәндері бір-біріне тең болады, яғкп Еa=Eв=Ес. Егер генератордың әрбір фазасының тізбегіне жүктеме қоссақ, онда осы тізбектер арқылы токтар ағып өтеді. Тұтынушының барлық үш фазасының кедергі-лерінің мәні мен сипаты бірдей болса, яғни бірқалыпты жүктемеде, фазадағы токтар шамалары жағынан бірдей болып өздерінің кер-неулерінен фаза бойынша бірдей бұрышқа φ ығысады. Бірқалыпты жүктеме кезінде фазалық кернеулердің максимал мәндері де, әсер етуші мәндері де бір-бірімен тең, яғни Ua = Ub =Uс. Векторлық диаграммада көрсетілгендей (42в-сурет), бұл кернеулер бірінен-бірі фаза бойынша 120°-ка ығысқан. Сұлбаның қандай да болмасын нүктелерінің арасындағы кернеулер (42б-су-ретті караңыз) осы нүктелер арасындағы векторларға (42в-суретті қараңыз) сәйкес келеді. Мысалы, сұлбаның А және О нүктелерінің арасындағы кернеу (фазалық кернеу Uа)диаграмманың А—О векторына сәйкес, ал сұлбаның А және В желілік (линиялық) сым-дарының арасындағы кернеу диаграммадағы А—В желілік (линия-лық) кернеуінің векторына сәйкес келеді. [Векторлық диаграмма бойынша желілік (линиялық) және фазалық кернеулер арасындағы қатынасты жеңіл табуға болады. АОа үшбұрышынан мынандай қатынасты жазуға болады;
1/3 Uл =Uф соs 30°=Uф√3/2 бұдан Uл=√3Uф (4.1)
немесе Uф = Uл /√3 (4.2)
яғни генератордың орамаларын жұлдызша қосқанда желілік кернеу фазалық кернеуден √3=1,73 есе артық болады (бірқалыпты жүктемеде). Генератордың орамаларын жұлдызша қосқанда генератордың, желілік сымындағы ток фазалық токқа тең екені сұлбыдан (42б-суретті қараңыз) көрініп түр, яғни Iл=Iф. Кирхгофтыңбірінші заңының негізінде нольдік сымдағы ток генератордың фазаларын-дағы токтардың қосындысына тең деп жазуымызға болады. Симметриялы жүктемеде генератордың фазаларындағы токтар бірі мен бірі тең және бірінен-бірі фаза бойынша 1/3 периодқа ығысқан. Мұндай жағдайда үш фазадағы токтардың геометриялық қосындысы нольге тең яғни нольдік сымда ток болмайды. Сондық-тан симметриялық жүктемеде нольдік сымды алып тастауға бола-ды. Симметриялы емес жүктемеде нольдік сымдағы ток нольге тең емес. Әдетте, нольдік сымның желілік сымдарға карағанда көлденең қимасы кіші болады. Генератордың орамаларын үшбұрыштап косқан кезде (43 а-сурст) әрбір фазаның ұшы келесі фазанын соңымен жалғасады. Сонымен генератордың үш фазасы тұыйқ контур жасайды, мұнда генератордың фазаларында индукцияланған электр козғаушы күштердің геометриялық қосындысына тең ЭҚК-і әрекет етеді. Генератордың фазаларындағы ЭҚК-тері біріне-бірі тең және фаза бойынша бірінен-бірі периодтың 1/3 бөлігіне ығысқандықтан, олар-дың геометриялық қосындысы нольге тең. Сондықтан үшбұрыштап қосылған үш фазалық жүйенің тұйық контурында сырткы жүктеме болмаған жағдайда ешқандай ток болмайды. Үшбұрыштап қосылған кезде желілік сымдар бір фазаның басы мен келесі фазаның соңы қосылған нүктелеріне жалғанады. Желілік сымдар арасындағы кернеу бір фазаның басы мен аяғының арасындағы кернеуге тең. Сонымен, генератордың орамаларын үшбұрыштап қосқан кезде желілік кернеу фазалық кернеуге тең болады, яғни
43 Сурет – Үш бұрышты генератор орамаларын қосу сұлбасы:
а) фазалардағы токтар; б) кернеу мен токтардың векторлық диаграммалары; в) желілік токтардың векторлық диаграммалары