Фазалық өтулер .
Фаза деп заттың термодинамикалық тепе-теңдіктегі физикалық қасиеті жағынан сол заттың басқа мүмкін барлық тепе-теңдік жағдайдағы күйінен өзгеше күйін айтамыз.
Заттың бір фазадан екіншісіне өтуі – фазалық өту- барлық уақытта заттың сапалық өзгерісімен байланысты.
Бірінші текті фазалық өту – бұл өту жылудың жұтылуы немесе энергияның бөлінуі арқылы өтеді (мысалы, балқу, кристалдану). Ол температураның тұрақтылығымен, энтропия мен көлемнің өзгерісімен сипатталады.
Екінші текті фазалық өту – өту жұтылу, жылу бөліну және көлем өзгеруімен байланыссыз өтеді. Ол көлем мен энтропияның тұрақтылығымен, бірақ жылу сыйымдылықтың секірмелі өзгеруімен сипатталады.
Екінші текті фазалық өту симметрияның өзгеруімен байланысты: жүйенің өтуінің жоғарғы нүктесі төменгі өту нүктесіне қарағанда ең жоғары симметриялы болады.
Екінші ретті фазалық өтуің мысалдары: ферромагниттік заттардың белгілі қысымдағы және температурадағы парамагниттік күйге өтуі; төмен температурада металдармен құймалардың жоғарғы өткізгіштік күйде кәдімгі сұйық гелийдің өте аққыштыққа айналуы.
Достарыңызбен бөлісу: |