Рецензенттер: Коржова Г. М


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫ



бет6/40
Дата16.02.2023
өлшемі194,84 Kb.
#68568
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
әдістемелік

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫ


Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының қағидалары ретінде басқалармен бірге мыналар белгіленеді:

ҚР білім беру аясындағы заңнамасында бекітілген:

  • баланың ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін есепке ала отырып ата-аналардың білім беру ұйымдарын таңдау және өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша психологиялық-медициналық- педагогикалық кеңесінің көмегін алу құқығы; [5, 6-т, 49-б];

  • баланың, оның ішінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың өз тұрғылықты жеріндегі мектепте білім алу құқығы [5, 5-т, 26-б, 2-б]. Қызмет көрсететін ауданда тұратын балаға тиісті білім беру ұйымына қабылдануына тыйым салынбауы қажет [6];

  • білім алудың жалпыға бірдей білім алу стандартының аясында білім беру ұйымының шешімі бойынша баланың жеке оқу жоспары немесе қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша білім алу құқығы [5-т. 6-б. 47; 4];

  • білім беру ұйымдарында ерекше білім алу қажеттілігі бар тұлғалардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасау бойынша жергілікті атқарушы билік органдарының жауапкершілігі [5, 2 тарау, 6 бап. п 21-5)].

Осы жауапкершілік шеңберінде елдің барлық аймақтарындағы жалпы білім беру мектептерінде психологиялық-педагогикалық (арнайы педагог, логопед, психолог, тәрбиеші) қолдау көрсететін мамандарға штаттық бірлік енгізіліп жатыр. білім беру процесінде оқушыларға қолдау көрсету үшін қоғамдық қауымдастық пен жеке меншік қорлар көмегімен материалдық- техникалық жағдайлар құрылып жатыр.
Орта білім беру ұйымдар қызметінің типтік ережесі білім алуында ерек- ше қажеттілігі бар балаларды білім беру процесіне қосудың нұсқаларын қарастырады: жалпы немесе арнайы сынып (ауытқушылық түріне қарай). Оқушылардың жалпы сыныпта оқуы жалпы білім беру немесе жекелік оқу бағдарламасы бойынша ұйымдастырылады. жалпы немесе арнайы сынып- та оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін арнайы педагог- тармен (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жекелік немесе топтық сабақтар өткізу қарастырылады [7, Қосымша. 2, п. 25].
арнайы сыныпта оқыту (психофизикалық дамуында ауытқушылығы бар балалар үшін) ҚР білім және ғылым министрлігі бекіткен тиісті типтегі ар- найы оқу жоспары мен бағдарламалар негізінде жүргізіледі [8; 9 -12].
Оқытудың нәтижесін бағалау критериалды бағалау негізінде жүзеге асырылады. Қысқартылған немесе жекеленген бағдарламаның мазмұнына бағдарлай отырып, яғни оқушының мүмкіндіктері ескеріле отырып, бағалау критерийлері өзгеруі мүмкін. ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған немесе жекеленген тап- сырмаларды қолдануға міндетті. ерекше білім беру қажеттілігі бар бала- ларды және жеке оқу бағдарламасымен оқитын балаларды аттестациялау мәселесі оқушының жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес арқылы шешіледі [13].
Формативті бағалау кері байланысты және оқу материалдарын меңгерудегі жеке қиындықтарына жылдам әрекет етуді қамтамасыз етеді [13-15].
ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушылар мектепті тәмамдаған кезде мемлекеттік үлгідегі аттестатқа ие болады [16].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет