Рецензия тақырыптың өзектілігі, оның жалпы ғылыми және жалпы мемлекеттік бағдарламалармен байланысы



Дата18.06.2023
өлшемі44,29 Kb.
#102025
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
Рецензия Аидаға


7М01701 – Қазақ тілі және әдебиеті Білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін қорғауға ұсынылған Шаимкулова Аида Жанибекқызының «Оқушылардың жазу сауаттылығын жетілдіруде орфографиялық дағдыны дамыту жолдары» тақырыбындағы магистрлік диссертациясына сыртқы пікір білдіруші Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ф.ғ.к., доценті Қ.Т.Мухамадидан


РЕЦЕНЗИЯ



  1. Тақырыптың өзектілігі, оның жалпы ғылыми және жалпы мемлекеттік бағдарламалармен байланысы (практика және ғылым мен техниканың сұраныстары). ХХІ ғасыр-ғылым, білім, цифрлық технология ғасыры. Адамзат қоғамы жыл санап емес, ай санап, тіпті күн санап цифрландыру заманына еніп барады. Осы орайда, 2017 жылдың қыркүйек айында цифрландыру мәселесі бойынша өткен республикалық кеңесте Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Мен әркімнің цифрландыру мақсат емес екенін түсінуін қалаймын, ол жаһандық бәсекелестікке әкелетін біздің абсолюттік артықшылығымызға қол жеткізудің құралы. Онсыз өзін құрметтемейтін ел қалыпты өмір сүре алмайды. Бәсекелестік болмаса, біз артта қаламыз және алда келе жатқан мемлекеттердің шаңын жұтатын боламыз»,-деген болатын. Қазіргі таңда қоғам үнемі дамып, жаһанданып өзгеру үстінде. Осындай өзгерістер қазіргі уақытта білім беру жүйесіне еніп, белсенді реформалар жүргізілуде. Мәселен, білім беруді цифрландыру негізі қолға алынып жүр. Осы орайда ұсынылып отырған «Оқушылардың жазу сауаттылығын жетілдіруде орфографиялық дағдыны дамыту жолдары» диссертациялық жұмысының тақырыбы өзекті. Себебі, қазақ тілі сабақтарында орфографиялық дағдыны дамытуда цифрлық технологиялардың көмегімен тапсырмалар мен жаттығуларды ұсыну тиімді және оқу бағдарламалармен байланысы айқын көрініп отыр. Осыған орай қорғауға ұсынылып отырған диссертация аталған міндетті шешуге толыққанды сәйкес келеді және елеулі үлес қоса алады деуге болады.

2. Магистрлік диссертация шеңберіндегі ғылыми нәтижелері. Дайындалған диссертацияның мақсаты 5-7 сынып оқушыларының орфографиялық дағдысын қалыптастыру үшін, жазбаша тіл дамыту жұмыстарын жүргізу арқылы жазу сауатттылығын жетілдіру. Мақсатқа сай орфографиялық дағдыны қалыптастыру үшін цифрлық технология мүкіндіктерін қолдана отырып жаттығулар көрсетіліп, қолданылатын әдіс-тәсілдер мен цифрлық технология құралдары нақтыланған. Сонымен қатар орфографиялық дағдыны жетілдіру барысында жаттығулар мен тапсырмаларды цифрлық құзыреттіліктің көмегімен ұтымды болған цифрлық технологиялар жіктеліп, әрқайсысының мазмұндық-мақсаттық сипаттамалары жасалған. Және диссертацияның нысаны 5-7 сыныптар болғандықтан, 5-7 сынып оқулықтарындағы орфографиялық дағдыны қалыптасытруға арналған жаттығуларды негізге ала отырып, оқушыларға орфографияны оқытуда ұтымды болатын жаттығулар мен тапсырмалар түзіп шығарылған. Практикалық тұрғыдан нысанға алынған 5-7 сыныптарға қажетті тәжірибелер жасалынып, сандық, сапалық сарапата жұмысы арқылы орфографиялық дағдыны дамытуда жазба жұмыстарын цифрлық технологиялардың көмегімен оқытудың тиімділігі дәлелденген.
3. Магистранттың диссертацияда келтірген ғылыми нәтижесінің (ғылыми тұжырымдамасының) негізделуі мен нақтылығының, қортындылауының дұрыстық деңгейі. Диссертацияда алынған нәтижелер, тұжырымдар мен қорытындылар жеткілікті деңгейде негізделенген және шынайы. А.Ж.Шаимкулова тарапынан зерттеліп отырған тақырып пен қойылған мақсат-міндеттерге сай ғылыми-теориялық дереккөздер талданған, сәйкес теориялық тұжырымдардың практикалық тиімділігі педагогикалық эксперимент арқылы дәлелденген.
4. Магистранттың диссертацияда келтірген әрбір ғылыми нәтижесінің (ғылыми тұжырымдамасының), қортындысының жаңашылдық деңгейі.
А.Ж.Шаимкулова тарапынан жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмысы барысында теориялық және практикалық маңызы бар нәтижелер алынған. Зерттеу тақырыбы бойынша теориялық және ғылыми-әдістемелік дереккөздер жан-жақты зерттеліп, талданған, қажет тұжырымдар шығарылған. Жазу сауаттылығын жетілдіруде тіл дамыту жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы айқындалған. Сауатты жазуға үйретуді тілдегі грамматикалық ережелер мен пунктуация саласының маңызы сараланған.
5. Алынған нәтижелердің ішкі бірлігін бағалауы. Диссертация жұмысы осыған дейінгі орфографиялық дағдыны қалыптастырудағы жазылған теориялық материалдардың қатарын толықтыра алады. 5-7 сыныпты оқытатын мұғалімдерге орфографиялық дағдыны қалыптастыруға арналған практикалық тапсырмалар мен цифрлық технологияның көмегімен ұсынылған жаттығулар қазақ тілін оқытуда пайдалану өте тиімді.
6. Диссертацияның мазмұны мен рәсімделуіндегі кемшіліктер. А.Ж.Шаимкулова дайындаған диссертациядағы теориялық тұжырымдар, алынған ғылыми нәтижелер ішкі тұтастығымен және өзара бірін-бірі толықтыруымен сипатталады. Әрбір бөлім бойынша жасалған тұжырымдар келесі бөлімде өз жалғасын тауып дамытылып отырады. Сонымен қатар, жалпы қорытындылар мен практикалық ұсыныстар да салмақты. Дегенмен де диссертациялық жұмыстың оң жақтарын айтумен қатар рәсімделуінде кемшіліктер кездеседі. Мәселен, орфографиялық, пунктуациялық ерекшеліктер, интервалдың сақталмауы, тараушалардан кейін ашық орындардың көптігі, техникалық қателер кездеседі.
7. Диссертацияның талапқа сай жазылуы. Диссертациялық жұмыстың құрылымы талапқа сай жазылған. Сілтемелер көрсетілген.


8. Диссертациялық жұмыс мазмұнының Ғылыми дәреже беру ережелерінің талаптарына сәйкестігі.
Шаимкулова Аида Жанибекқызының «Оқушылардың жазу сауаттылығын жетілдіруде орфографиялық дағдыны дамыту жолдары» атты тақырыбындағы диссертациясы жеке дара орындалған және әдістемелік ғылымды дамытуға қосатын салмақты үлесі бар ғылыми жұмыс болып табылады деген пікірдеміз. Автор өзі ізденіп отырған 7М01701 – Қазақ тілі және әдебиеті ББМ магистр академиялық дәрежесін алуға лайық деп санаймын, және ... баллмен бағаланады.
РЕСМИ ОППОНЕНТ:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің
ф.ғ.к., доценті Қ.Т. Мухамади

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет