Редакция ал қ



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата31.01.2017
өлшемі8,34 Mb.
#3088
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

РЕДАКЦИЯ

 

АЛ

Қ

А

СЫ

МЕНШІК ИЕСІ: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті

Альманах Қазақстан Республикасының

 Мәдениет және ақпарат министрлігінің

Ақпарат және мұрағат комитетінде қайта тіркеуден өтіп,

2007 жылғы 23 шілдеде №8514-А куәлігі берілген.

ТУҒАН ТІЛ №1 (26), 2016

ЕЛАРАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ,

ӘДЕБИ-ҒЫЛЫМИ АЛЬМАНАХ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Қуаныш АСЫЛОВ 

БАС РЕДАКТОР



Талғат МАМАШЕВ

БАС РЕДАКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ



Қонысбай ӘБІЛ

ЖАУАПТЫ ХАТШЫ 



Жанар ЖАНАПИЯНОВА

Өмірзақ АЙТБАЕВ

Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ

Смағұл ЕЛУБАЙ

Күләш ШӘМШИДИНОВА

Қаржаубай САРТҚОЖАҰЛЫ

Абдулқаюм КЕСИЖИ 

(Еуропа)

Сұраған РАХМЕТ 

(Моңғолия)

Ирина ҚАРАБУЛАТОВА 

(РФ, Мәскеу)

Назарбек БАЙЖІГІТОВ 

(Қырғызстан)

Меллат РӘМЕТҰЛЫ 

(Қытай)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ 

ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖҰМЫС КОМИТЕТІ


М а з м ұ н ы

ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: 

ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ .............................................................4

ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ЕЛ МҰРАТЫ ..............................................................16 

                                            .......................................................................24

АЛТЫН БАУЛЫ ШАҢЫРАҚ   ..............................................................32

ALTINBAWLI ŞAÑIRAQ ......................................................................39

«ШИПАГЕРЛІК БАЯНДАҒЫ» КЕЙ СӨЗДЕР  ....................................44

АРҒЫ БЕТКЕ АСҚАН АЛАШ АРЫСТАРЫ .......................................46

 

 



 

 

 



 

 

  



  -

-

 



.

 

 



.

 



-



.

 

 



-



.

 

 



-

 -



 ......................................................48

ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ АЙТЫС ДӘСТҮРІ  ................................52

КАЗАХИ В КИТАЕ: ТРАДИЦИИ АЙТЫСА .......................................57

АТАУ-ТЕРМИН ЖӘНЕ СӨЗЖАСАМ ЖҰРНАҚТАРЫ .................62

ЖАТ ЖҰРТТА ЖЕРЛЕНГЕН ЖАМПОЗДАР ......................................66

JAT JURTTA JERLENGEN JAMPOZDAR ..................................................72

ЖАМБЫЛДЫ ЖАҢАША ТАНУ ..........................................................78

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, БІР СЫРЛЫ .................................................................84

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫ ...................................................90

ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАСЫ ...................................92

 

 

 



                                                                                                                    

 

 



-

 



 

 

                                                                                  



 

 

 



 

-

-



-

-

-



-



-



 

 



 



-

-

 



 

-


№ 1 ( 2 0 1 6 )

3

Талғат



МАМАШЕВ 

«Туған тіл» альманахының 

бас редакторы

Алғы сөз

Құрметті оқырман! 

Міне, «Туған тіл» альманахының 2016 жылғы 

алғашқы нөмірі де қолыңызға тиіп отыр. Жылашар 

санда жаңа кезең міндеттерін өткен жылы қол 

жеткізген биіктерімізбен салыстырып межелеп 

алу ежелгі дәстүріміз саналады. Ал, өткен жыл 

Қазақстан үшін маңызды да айтулы жыл болғанын 

барша жұртымыз біледі. Ең байырғы өркениет 

бастауы болған Сақ пен Ғұннан тамыр алатын қазақ 

ұлтының жеке хандығы құрылып, мемлекеттігіміздің 

жарияланғандығына 550 жыл толуына орай былтыр 

елімізде айтулы мерекелік  іс-шаралар дүркіреп өтті. 

Ал биыл Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 

тура 25 жыл толып отыр. Осыған орай «Туған 

тіл» альманахы биыл шығатын төрт нөмірін де 

еліміздің тәуелсіздігін насихаттауға арнаумен қатар 

қазақ тілі, тарих, шетелдегі қазақ тілінің жағдайы 

мәселелерімен де өз оқырманын таныстыруды басты 

бағыт етіп ұстайды. 

Қолдарыңыздағы альманахтың алғашқы беттері 

ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған 

Жолдауының мәтінін жариялаумен ашылып отыр. 

Жолдаудағы көтерілген негізгі мәселелердің бірі 

ретінде мемлекеттік тілді дамыту, өркендету 

болғандығын біз қуана құптадық. Альманах 

оқырмандарының да бұл реттегі ой-пікір, лебіздері 

көп жағдайда осы арнада тоғысты.  Тіл – ұлттың 

жан жүрегі десек,  ана тіліміздің өсіп-өркендеуі 

мен қазақ ұлтының дамуы егіз құбылыс екендігін, 

Жолдаудың тіл болашағын айқындаудағы маңызды 

құжат екендігін оқырмандарымыздың бәрі де бір 

ауыздан қолдайтындығы байқалады. Осы жайтқа 

байланысты қазақ тілінің дамуына үлес қосып 

жүрген шетелдік  қазақ ғалымдарының альманахтың 

жаңа санында жарияланған ғылыми мақалалары 

мен ақын-жазушылардың көркем шығармалары да 

оқырманның ойына – ой, біліміне – білім қосады 

деген сенімдеміз.

Биыл қазақ елінде мерейтойлар аз емес, соның 

бірі М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік 

академиялық драма театры құрылуының 90 

жылдығы болып отыр, қазақ мәдениетінің айтулы 

мерейтойына байланысты альманахта арнаулы 

мақала берілді. Ал, «Қазақ тілінің қайраткері» 

айдары «Қазақ тілі» қоғамының президенті, 

академик Өмірзақ Айтбайұлының  80 жасқа толған 

мерейтойына арналды. Екі мақаланың да танымдық, 

эстетикалық, тәрбиелік сипаты айрықша. 

Ел жаңалығына елеңдеп отыратын өздеріңізден 

«Алыстағы ағайыннан хат» айдарына жер 

реформасына байланысты ойларыңыз бен 

пікірлеріңізді күтеміз. 

Алыстағы ағайынға амандық-саулық тілей 

отырып, Қазақ елінің әр атаулы күндерінде 

амандықпен жолығайық дегіміз келеді.            



РЕДАКТОР БАҒАНЫ

№ 1 ( 2 0 1 6 )

4

Қымбатты қазақстандықтар!



Құрметті Парламент депутаттары 

мен Үкімет мүшелері! 

Ханымдар мен мырзалар!

Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын 

желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 

25 жылдығына аяқ басамыз.  Бұл – тәуелсіздікті 

нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің 

ширекғасырлық белесін қорытындылайтын 

мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол 

жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын 

мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай 

өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдан өтуге 

тура келеді.

Заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыз-

дар. Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ бастық. Жаңа 

қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген 

жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. 

Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санкциялар 

алмасу дүниені тұйыққа қарай бастауда. Біздің 

басты экспорттық өнімдеріміздің дүниежүзілік 

нарықтағы бағасы еселеп құлдырады. Бүгінгі 

ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, 

елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты 

сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

ПРЕЗИДЕНТІ – Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ  

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА 

ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:

ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, 

ДАМУ

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

№ 1 ( 2 0 1 6 )

5

аянбай тер төгуіміз керек. «Біріміз – бәріміз үшін, 



бәріміз – біріміз үшін» деген қағиданы ұстанып, 

еңбек етуге тиіспіз. 

Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай 

амал болуы керек. Ең жақсы жоспар – уақыт тала-

бына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның 

беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспар-

ларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз 

– елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отаны-

мыз – Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі 

ең дамыған 30 мемлекеттің  қатарына қосылып, 

бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл 

мақсатымызға міндетті  түрде жетеміз. Мен бүгін 

жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген 

жаңа жаһандық нақты ахуалда дамудың басты 

бағыттарын айқындайтын  Қазақстан халқына Жол-

дауымды жария етпекпін.



Қымбатты қазақстандықтар!

Құрметті Парламент депутаттары, Үкімет 

мүшелері!

Ханымдар мен мырзалар!

Бірнеше күннен кейін тарих ел Тәуел сіз дігінің 

25 жылдығының есебін бастайды. Небәрі ши-

рек ғасырда Қазақстан жаһан дық шаруашылық 

байланыстарға қосыл ған егемен ұлттық эко-

номика және ұлт тардың әлемдік отбасының 

толыққанды қатысушысына айналған мемлекет 

ретінде қалыптасты. Біз бәріміз бірге көптеген 

сынаққа төтеп бердік, шынығып,  нығайдық. Біз 

өзіміздің бүкіл тарихымызда көз көрмеген табысты 

экономикалық даму қарқынына қол жеткіздік. Біздің 

халқымыз бұған дейін ешқашан бүгінгідей жақсы 

өмір сүрген емес. Біз көп нәрсеге қол жеткіздік.

Қазір әлем шапшаң қарқынмен өзгеруде. Басқаша 

дәуір туып келеді. Біздің көз алдымызда өзгеше 

мүмкіндіктері мен тәуекелдері бар жаңа жаһандық 

нақты ахуал пайда болуда. Бүгінде Қазақстан 

экономикасына әлем дік рыноктардағы құлдырау 

туындатқан бірқатар сыртқы факторлар теріс әсерін 

тигізуде. Жаһандық дағдарыстардың шығу төркіні 

біздерге байланысты емес. Жаһандық дағдарыстар 

ықпалынан ешкім де сақтанып қала алмайды.



І. Жаңа жаһандық нақты ахуалдың сын-

қатерлері

Бүгінде бізге де әлем дамуының бүкіл сын-

қатерлерін көре білудің маңызы зор.

Біріншіден, қазіргі жаһандық дағдарыс жап-

пай қамту сипатына ие. Іс жүзінде барлық әлемдік 

рынок – қаржы, көмірсутегі, метал дар, азық-түлік 

және басқа да рыноктар тұрақ сыз. Біздің экспорттық 

өнімдерімізге сұра ныс тың төмендеуінің негізгі 

себебі де  – осында.

Екіншіден, әлемнің барлық экономикаларын-

да да экономикалық өсімнің баяулауы байқалуда. 

Бүгінде жаһандық ІЖӨ өсімінің үнемі төмендеуі 

жөніндегі болжамдар ешкімді де таңғалдырмайды. 

2011 жылдың күзінен бастап Халықаралық валюта 

қоры оларды 5-тен 3 пайызға дейін төмендете оты-

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ


№ 1 ( 2 0 1 6 )

6

рып, болжамдық көрсеткіштерді 6 рет қайта қарады. 



Және, шамасы, бұл да – шек емес сияқты.

Үшіншіден, бүгінде мұнайдан түсетін супер-

табыс тар жоқ.

Төртіншіден, жаһандық экономика саяси 

факторлардың қысымын сезінуде. Әлем тұрақсыз 

бола түсті. Жетекші державалар бір-біріне қарсы 

санкциялар енгізді. Олардың арасындағы сенім күрт 

төмендеп кетті. Таяу және Орта Шығыс, Солтүстік 

және Орталық Африка өңіріндегі тұрақсыздық пен 

дау-жанжалдар кең ауқымды босқындар ағынына 

апарып соқтырды. Әрбір күн террорлық актілер 

мен ондаған адамның қаза тапқаны туралы ха-

бар жеткізуде. Бүгінде халықаралық терроризм 

әлемге елеулі қатер төндіріп тұр. Бұл – тәуелсіз 

мемлекеттердің ішкі істеріне сыртқы күштердің ара-

ласуы жолымен мемлекеттілік күйреуінің нәтижесі.

Әлемнің дамуы күштердің әлемдік және өңірлік 

орталықтарының арасындағы қатаң бәсекелестік 

аясында жүретін болады. Жаңа жаһандық өмір 

шындығының сын-қатерлеріне біз өзіміздің нақты 

мүмкіндіктеріміз негізіндегі біртұтас іс-қимыл стра-

тегиясын қарсы қоюымыз керек.



ІІ. Қазақстанның дағдарысқа қарсы 

мүмкіндіктері

Жаһандық дағдарыс – тек қауіп қана емес, 

сонымен бірге жаңа мүмкіндіктер. Әлемдік 

ауқымдағы көптеген компаниялар дамудың 

дағдарыстық кезеңінде сәтті компанияларға айнал-

ды. Іс жүзінде соңғы жарты жүзжылдықта табысқа 

қол жеткізген елдердің бәрі тура мағынасында 

нөлден бастаған болатын. Біздің Қазақстанның 

өзі де дағдарыс дәуірінде өмірге келді. Алғашқы 

онжылдықта – Тәуелсіздіктің қалыптасуының ең 

қиын кезеңінде – біз негізінен «мұнайсыз» өмір 

сүрдік. Тәуелсіз Қазақстан әр кезде де сыртқы 

экономикалық стихияларға кереғар дамып отырды. 

Біз Тәуелсіздігімізді жариялаған өткен ғасырдың 

90-жылдарының бірінші жартысы біз үшін қолайлы 

бола алды ма? Ол уақыттары өндіріс тоқтап, адамдар 

жұмыссыз әрі өмір сүруге қажетті қаржысыз қалды. 

Біз лайықты түрде, қадам сайын ол дағдарысты 

еңсере білдік. Біздің еліміз өзгерістердің алғашқы 

нәтижелерін енді ғана сезіне бастаған сәтте 1997-

1998 жылдардағы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қаржы 

дағдарысы келіп жетті.

Сол уақыттары қабылданған стратегиялық 

шешімдер мен іс-қимылдар маңызды оң сипатты 

мәнге ие болды. Ол – кең ауқымды жекешелендіру 

мен біздің экономикамызға көптеген трансұлттық 

компаниялардың келуі. Сол кезеңде біз жаңа елор-

дамыз – Астананың құрылысын қолға алдық, Ка-

спий құбырлы өткізгіш консорциумы жұмыс істей 

бастады, «Қазақстан-2030» Стратегиясы бастау 

алды. 2007-2009 жылдардағы дүниежүзілік қаржы 

дағдарысы туындаған кезде Ұлттық қор құру тура-

лы шешімнің маңыздылығы мейлінше айқын бола 

түсті. 20 миллиард доллардай – Қазақстан ІЖӨ-

сінің 14 па5йызы – жұмыспен қамтуды қолдауға, 

жолдарды жөндеп, салуға, қалалар мен ауылдар-

ды көріктендіруге бөлінді. Банк секторы, шаруа 

қожалықтары, шағын және орта бизнес көмекке 

қол жеткізді. Арам ниетті құрылыс салушыларға 

алданған мыңдаған үлестік құрылысқа қатысушылар 

мемлекеттің ізгілікті ерік-жігерінің арқасында жаңа 

тұрғын үйлер алып шықты.

Біз дағдарысқа қарсы екі жоспарды әзірлеп, 

дәйектілікпен жүзеге асырдық. Бұл – біздің 

экономикалық қиындықтарды еңсерудегі зор да 

табысты тәжірибеміз. Қазіргі жаһандық дағдарыс 

біздің басымызға күтпеген жерден келіп түскен жоқ. 

Мен жаңа толқынның қайткенде де келіп соғатынын 

талай рет айтқанмын. Бұл жолы Қазақстан 

дағдарысқа қарсы алдын алу стратегиясын алғаш рет 

қолданып отыр.

Біріншіден, біз қазірдің өзінде индустриялық-

инновациялық дамудың екінші бесжылдығын 

бастадық, яғни, шикізат ресурстарына ғана қарап 

қалмайтын экономика құрудамыз.

Екіншіден, біз «Нұрлы Жол» Мемлекеттік 

инфрақұрылымдық даму  бағдарламасын 

қабылдадық. Дағдарысқа қарсы шаралардың 

маңызды аспектісі ұлттық валютамыз – теңгенің 

еркін бағамға көшуіне байланысты болды.

Үшіншіден, біз «5 институттық реформаны 

жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспа-

рын жүзеге асырудамыз. Парламент Ұлт жоспарын 

заңнамалық қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде. 

Ол – 80-нен астам заң. Олар біз жоспарлағандай, 

2016 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бас тайды. 

Шағын және орта кәсіпкерлік үшін әкімшілік 

кедергілер жойылуда, мемлекеттік басқару, білім 

беру мен денсаулықсақтау жетілдірілуде. Осы 

шаралардың бәрі де мемлекетке, қоғамға біздің 

экономикамызға қосымша төзімділік береді.

Төртіншіден, біз қажетті мемлекеттік қор мен ал-

тын-валюта резервін жинақтадық.

Бесіншіден, менің тапсырмам бойынша, бұған 

дейін мен айтқандай, мұнай бағасы барреліне 

30-ға дейін және 20 долларға дейін төмендеген 

жағдайларға ойластырылған іс-қимыл нұсқасы 

әзірленді.

Алтыншыдан, Қазақстанда инновациялық инду-

стрияландыру шеңберінде  құрылған экономиканың 

жаңа секторлары экономикалық өсімнің 

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ


№ 1 ( 2 0 1 6 )

7

драйверлеріне айналуда. Көптеген өңдеуші салалар 



өсім көрсетіп отыр. Бес жылда өңдеу өнеркәсібі 1,3 

есе, химия өнеркәсібі мен құрылыс материалда-

ры өндірісі 1,7 есе өсті. Мәшине жасау өнімдерін 

шығару 2,2 есе, экспорт 3 есе артты. 800-ден астам 

индустриялық жоба жүзеге асырылды. Биылғы 

жылы металлургия өнеркәсібі бірден 15 пайызға, 

химия өнеркәсібі 3,2 пайызға ұлғайды. Минералды 

өнімдер өндірісі 3,2 пайызға, киім-кешек 4 пайызға 

өсті. Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкі 

Қазақстан үшін 2016 жылға жоғары экономикалық 

өсу қарқынын болжап отыр.

Жетіншіден, қазақстандықтардың экономикалық 

мінез-құлықтары өзгеруде. Еңбек өнімділігінің 60 

пайыздан астамға артқаны байқалып отыр.

* * *

Біздің халқымыз ешқашан бүгінгідей 



бақуатты тұрмыс кешіп көрген емес. Тәуелсіздік 

алғаннан бері 1300-ден астам денсаулықсақтау 

нысаны мен 1700-ден астам білім беру ошағын 

салдық. Олардың барлығын ең соңғы үлгідегі 

құралдармен жабдықтадық. Аса күрделі опера-

цияларды өз елімізде, өз дәрігерлеріміз жасайтын 

жағдайға жеттік. Жалпы халықтың тұрмысының, 

денсаулығының түзелуі, санының өсуінің 

нәтижесінде қазақстандықтардың орташа өмір 

ұзақтығы 72 жасқа жуықтады.  

Мемлекет қандай жағдайда да әлеуметтік 

міндеттемелерін шашау шығармай орындап 

келеді. Тарихымызды түгендеп, мәдениетімізді 

өркендетуге қол жеткіздік. Жаңа жылдан бюд-

жет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік 

жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа алғанда,  

30 пайызға дейін көбейеді. Осының барлығы 

халықтың болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз  

өмір сүруіне толық негіз болады.

Құрметті қазақстандықтар!

Осыдан екі жыл бұрын мен «Қазақстан-2050» 

Стратегиясын жарияладым. Осы уақыттың 

өзінде-ақ біз оны жүзеге асыруда, тіпті, жаһандық 

дағдарыстың теріс ықпалына қарамастан, орасан зор 

нәтижеге қол жеткіздік.

Біріншіден, «Давос» экономикалық форумының 

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіші 

бойынша, Қазақстан әлемде 42-орынға ие болды.

Екіншіден, бизнес үшін барынша қолайлы 

жағдайлар жасайтын елдердің әлемдік рейтингінде 

Қазақстан 41-позицияны иеленді.

Үшіншіден, бүгін, 30 қарашада, Қазақстан 

Дүниежүзілік сауда ұйымының заңды түрдегі 

толыққанды мүшесі болды. Ол туралы ДСҰ Бас 

кеңесінің отырысында ресми түрде хабарланатын 

болады. Бұл оқиға тәуелсіз Қазақстан тарихындағы 

маңызды кезең болып табылады. Ол біздің еліміздің 

толыққанды сауда-экономикалық әріптес ретінде 

мойындалуын айғақтайды. Қазақстанның ДСҰ-

ға өтуі біздің экспорттаушыларымыз үшін де, 

экономикамыздың шешуші секторларына келетін 

шетелдік инвесторлар үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады.

ІІІ. Біздің дағдарысқа қарсы басты стратагемамыз

Бүгінде көптеген жайт Ұлы Қазақстан жолы мен 

Мәңгілік Ел идеясын бастап отырған өзімізге байла-

нысты. Біздің ұзақ мерзімді, орта мерзімді және таяу 

болашаққа арналған іс-қимыл стратегияларымыз бар.

Қазір және кез келген басқа уақытта біздің 

дағдарысқа қарсы басты стратагемамыз үш 

қарапайым, бірақ маңызды: «өсім», «реформалар», 

«даму» ұғымдарымен үндес.

Біріншісі – өсім. Әңгіме, ең алдымен, 

экономикалық өсім туралы болып отыр. Ағымдағы 

міндеттерге қатысты алғанда, бізге Қазақстанның 

әлемнің неғұрлым дамыған отыздығына енуін 

қамтамасыз ететін экономикалық өсім қарқынын 

қалпына келтіру қажет. Біз жеке бастамаларды дамы-

та отырып, өсімнің жаңа ішкі көздерін ашуға тиіспіз.

Екінші – реформалар. Олар экономиканың, 

қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз 

етеді. Қазір біз «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын 

жүзеге асырып жатырмыз. Олар өз ауқымы жағынан 

біз 90-жылдары жүргізген реформалар ауқымына 

сәйкес. Бізге мемлекеттік және корпоративтік 

менеджментті, қаржы және фискалдық секторларды 

неғұрлым тереңірек реформалау мейлінше қажет.

Үшінші – даму. ХХІ ғасырда қоғамның барлық 

саласын үздіксіз жаңғырту дамудың басты фак-

торына айналып отыр. Біз Жалпыға Ортақ Еңбек 

Қоғамы, жоғары әлеуметтік жауапкершілік, 

халықтың неғұрлым әлсіз буындарына атаулы көмек 

қағидаттарында бүкіл мемлекеттік, қоғамдық және 

жеке институттарды кең ауқымды жаңғырту бойын-

ша жұмыстар жүргізудеміз.



IV. Дағдарысқа қарсы және құрылымдық 

жаңарулардың бес бағыты

Таяу уақыттарда бізге келесі бес бағыт бойын-

ша дағдарысқа қарсы және құрылымдық кешенді 

жаңаруларды жүзеге асыру қажет.



БІРІНШІ. Қаржы секторын тұрақтандыру

Біздің маңызды міндетіміз – қаржы жүйесін 

жылдам тұрақтандыру, оны жаңа жаһандық нақты 

ахуалға сәйкестендіру.

Біріншіден, қаржы секторының теңгенің 

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ


№ 1 ( 2 0 1 6 )

8

еркін бағамы жағдайында тиімді жұмыс істеуін 



қамтамасыз ету. Мұндағы қағидатты сәт сол: ұлттық 

валютаның бағамына Ұлттық қор қаржылары 

есебінен шексіз қолдау көрсету тәжірибесіне қайта 

оралу болмайды. Ұлттық банк банк секторының 

барлық субъектісіне жұмыс істемейтін несиелер 

бойынша стресс-тестілеу жүргізуі қажет. Оның 

нәтижелері бойынша оларды мойындап, есептен 

шығару жөнінде шаралар қабылдау керек. Капитал-

дандыру проблемаларын шеше алмаған банкілер 

қаржы жүйесінен «кетуі» тиіс. Қазақстандық 

банкілер барлық халықаралық стандарттқа, соның 

ішінде, Базель комитеті мен Халықаралық валю-

та қорының стандарттарына сәйкес келуі қажет. 

«Долларсыздандыру» құралдарын кеңейту арқылы 

ұлттық валютаға деген сенімді нығайтуға қол 

жеткізудің маңызы зор.

Екіншіден, инфляциялық таргеттеу шеңберінде 

Ұлттық банк орта мерзімді болашақта инфляция 

деңгейін 4 пайызға дейін төмендетуі керек. Ол үшін 

пайыздық мөлшерлемелерді икемді өзгерту тетігі 

толыққанды пайдаланылуы тиіс.

Үшіншіден, Ұлттық банкідегі институттық 

кемшіліктерді жою қажет. Біртұтас Зейнетақы 

қорын, Проблемалы несиелер қорын және басқа да 

қаржы институттарын оның бақылауынан шығару 

керек.


Төртіншіден, 2016 жылы зейнетақы 

активтері жеке қазақстандық немесе шетелдік 

компаниялардың басқаруына берілуі тиіс. Зейнетақы 

жиналымдарының табыстылығын арттыру 

мақсатында зейнетақы қаржыларын инвестициялауға 

көзқарастарды қайта қараған жөн. Зейнетақы қорына 

көзқарас пен басқару да Ұлттық қорға көзқарас пен 

басқару сияқты болуы керек.

Ұлттық банк қоғам мен қаржы мекемелеріне 

өз қызметінің мәселелері бойынша үнемі 

тиянақты ақпарат беріп тұруы тиіс. Қаржы сек-

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ


№ 1 ( 2 0 1 6 )

9

торына қатысушылардың бәрімен қалыпты 



жұмыс бабындағы үнқатысуды жолға қоюдың 

маңызы зор. Осы аталған барлық кезек күттірмес 

шараны қабылдағаннан кейін ғана экономика-

ны ынталандыруға, соның ішінде монетарлық 

тәсілдермен ынталандыруға кірісуге болады. 

Мен жаңа басшылықтың Ұлттық банкіні сауат-

ты басқаратынына сенемін. Біздің бәріміздің де 

ұлттық валютамыз – теңгеге сенуіміз қажет. Теңге 

салымдары – бүгінде азаматтардың жиналымдарын 

сақтаудың ең үздік құралы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет