Редакция ал қ



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата31.01.2017
өлшемі8,34 Mb.
#3088
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Құрметті отандастар!

Жаңа 2016 жылдан Ұлт жоспары шеңберінде 

қабылданған жаңа заңдар жұмыс істей бастай-

ды. Бүгін мен экономикамызды, мемлекетіміз бен 

қоғамымызды нығайтуды көздейтін жаңа шаралар 

туралы хабарладым. Барлығымыздың мойнымызда 

еліміздің болашағы үшін орасан зор жауапкершілік 

жатыр. Алдымызда қиын жұмыстар күтіп тұр. 

Қазақстан халқына Жолдауымдағы барлық міндетті 

жүзеге асыруда мен «Нұр Отан» партиясына ерекше 

орын беремін. Жолдау барлық партия мүшесі үшін 

іс-қимыл негізі және таяудағы жылдарға арналған 

бағдарлама болуы тиіс. Кең көлемді түсіндіру 

жұмыстарын жүргізіп, адамдарды жұмылдыру, 

қойылған барлық міндетті орындауда біріктіру керек. 

Партиядан сайланған депутаттар дағдарысқа қарсы 

және құрылымдық қайта жаңғыруларды заңнамалық 

тұрғыдан қамтамасыз етулері тиіс. Мен барлық 

саяси партияны, қоғамдық бірлестіктерді, барлық 

азаматтарды Отанымыздың игілігі жолындағы ортақ 

іске бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып 

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ


№ 1 ( 2 0 1 6 )

15

жұмылып, аталған Жолдауды жүзеге асыруға белсе-



не қатысуға шақырамын.

Келе жатқан күрделі кезең біз үшін еңсеру 

кезеңі болады. Біз жаңа жаһандық дағдарысты 

міндетті түрде жеңеміз. Бұл үшін бізде біртұтас 

ерік-жігер, халық бірлігінің берік дәстүрлері бар. 

Біз Қазақстанымызды дамудың жаңа шептеріне 

шығаратын боламыз!  

Қымбатты қазақстандықтар!

Дағдарыстың бәрі өткінші: өтеді де кетеді. 

Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы 

сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Мен айтып 

өткеннің барлығы – жеңуге болатын, біз жеңе ала-

тын бөгеттер. Біз көлденең шыққан кедергілерге 

кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу 

мақсатына қадам басамыз.    

Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік 

Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын 

желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдын-

да жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, 

тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!

Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы 

алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар 

биіктерден көрінсін!  Барды бағалап, жоқты жасай 

білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым 

биікте желбіресін!



Алға, Қазақстан!

30 қараша, 2015 жыл 

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

№ 1 ( 2 0 1 6 )

16

Елбасы және 



ел мұраты

(Ұлы тойдан кейінгі толғаныс) 

АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ!

№ 1 ( 2 0 1 6 )

17

З



аманында Ұлы Даланы 

дүбір леткен Ер Түріктің 

бүгінгі ұрпағы сол 

байырғы байтақ дала-

да Қазақ хандығының 

550 жылдығына арнап ғибратты, 

тағылымды той өткізді.

Ата тарихын танып-білетіндей, 

ел санасына сіңіретіндей ұлан -

-ғайыр шаралар өтті. Дүйім жұрт 

байтақ тарихының, ел билеген хан-

дарының, сөз ұстаған биле  рінің, қол 

бастаған көсем дері нің болға нына 

тағы да көздері жетіп, мәз болысты. 

Әдеттегідей абыр-сабыр үй тігіп, 

көшіп-қо нып ешкім әбігерге түскен 

жоқ. Тойдан жар қын із қалды. Құ-

лаш-құлаш мақа ла, том-том кітап 

жазылды. Хандық ор наған өлке – 

құт мекен – Жамбыл облысы, көне 

Тараз екі мың жылдықтан кейін 

қайта түледі. Сөйтіп, еліміз, От-

анымыз үшін, ұлан-ғайыр байтақ 

тарихымыз үшін, Ұлы Даланы 

дүбірлеткен бабаларымыздың 

теңдесі жоқ ерлігі үшін бәрімізді 

мақтаныш сезімі биледі. «Қазақ та-

рихы – ешкімнен ұялмайтын тарих, 

үнемі бірігу, тұтастану тарихы. Біз 

– Ұлы Даланың перзентіміз»,– дейтін 

Елбасының сөзіне қайта қанықтық, 

қайта жігерлендік.

Қыркүйектің он бірі күні Аста-

нада, Тәуелсіздік сарайында Қазақ 

хандығының 550 жылдығына 

арналған салтанатты жиын өтті. 

Сол тарихи жиында Елбасы: «Біз 

– Ұлы Даланың мұрагерлеріміз»,– 

деп тебіреніп сөз сөйледі. «Мәңгі 

елдігіңді сақтау», «Ел ұстап төрелік 

ету», «Барлық сөзімді ай тар, мәңгі 

тасқа бастым», «Ел тұта тын жер 

осы Өтүкен қойнауы еді», «Көкте 

Түрк Тәңірісі, Түрктің қасиетті 

жері, суы», «Түрк халқы жойылма-

сын, Ел болсын» дейтін Күлтегін 

жазуындағы кемеңгерлік толғамдар 

Елбасының сөзінде ақ алмастай 

қайта жарқырады. Замана толғатқан

ғасыр тудырған, халықтың арман-

тілегінен жар ал  ған асыл тұлға: «Ба-

тыр бабала рымыздың биік рухына 

тағзым ету және тағдырдың сан 

алуан қиындықтарынан сүрінбей 

өткен ата тарихынан тағылым алу 

үшін елдігіміздің іргетасын одан 

сайын бекітіп, ұлт, тіл, дәстүр, діл, 

дін тұтастығын көздің ағы мен 

қарасындай сақтап, бойтұмардай 

ұстап, Қазақ елінің айбынын асырған 

ұлы хандарымыз бен даңқты 

батырларымыздың керемет, кесек 

қимыл-әрекеттерін, отаншылдық ру-

хын шалқар шабытпен, ғұламалық, 

білімпаздық зердемен, мейірлене 

толғап, байыр ғы бабаларымыз бөрілі 

бай рақ ұстап, Байкалдан Балқанға 

дейін гі алқапты еркін жайлағанын, 

Қа зақ хандығы «Еуразияның Ұлы 

Дала сында орнаған арғы дәуірдегі 

Сақ, Ғұн, Үйсін мемлекеттерінің 

бергі замандағы Ұлы Түрік хандығы, 

Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда 

мемлекеттерінің заңды мұрагері» 

екенін айрықша қадап айтты.

Елбасының ерекше лебізі 

көпшіліктің көңілін, жүрегін теңіздей 

толқытып, қиялына қанат байлап, на-

мысын қайрап, жігер отын тұтатты.

Кешкісін «Барыс» көпфунк-

циялы жаңа мұз айдынында өт кен 

Елбасының «Тарих толқы нында» 

кітабының алтын арқа уына құрылған 

ғажайып театр лан дырылған 

қойылымда тарихи сана-зерде айна-

сында мыңжыл дықтардың мәдени 

жады тізбек-тізбегімен қопарыла 

қайта тірілді. Баба тарих, Ұлы Дала 

елі, Алтын Орда мен Қазақ хандығы, 

Тәуелсіз Қазақстан заманы дүние 

төрінен, дәуір биігінен сөйлеп 

тұрғандай болды. Мыңжылдықтар 

тарихы, бүгінгі «Ұлы Түркі елінің 

қара шаңырағы», «тарихымыздың 



Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ,

Серік НЕГИМОВ

Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың 

жылдан бергі асыл арманы.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.

Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ!

№ 1 ( 2 0 1 6 )

18

суреті; бір өзінде сегіз мыңдай 



алтын сурет бар қамқа тон; нәзік 

әрі келісті нақышталған алқалар, 

тұмарлар, сәндік түйреуіштер 

мен қапсырмалар, сақиналар; 

ою-өрнегі көз сүйсіндірер шыны 

ыдыстар, көркемдікке қызмет 

ететін алтын жапырақтар, 

сырғалар, ат әбзелдері; бояу-

дан, тас тан, эмальдан жасалған 

және әр алуан көркемдік және 

техникалық тәсілдермен шебер 

орындалған түрлі түсті бұйымдар, 

сауыт-сайман құралдары – 

арғы-бергі заманда адамзат 

жасаған өнердің, сұлулықтың 

қайталанбайтын тамаша үлгісі 

еді.

Ғұндардың дүниетанымына 



жараты лыстың ғарыштық қуаты, 

символикалық-фантастикалық, 

табынушылық-мағы налық мән, 

геометриялық өрнек-әше кейлер, 

гармониялық үйлесім, табиғат пен 

адамның біртұтастығы тән еді.

Ғұн дәуірінде халықтардың 

ұлы көші Сақтар мен Сарматтар 

мекендеген Шығыс Еуропаға 

қоныстана бастады. Рум тарих-

шысы Аммиан Марцеллиан мен 

ақын Клавдий Клавдиан ғұндар 

Азау теңізі мен Мұзды мұхит 

жағалауында мекендейтінін 

әрі атқа үйір екендігін жазып 

қалдырған.

Батыс Ғұн мемлекеті 

билеушілері Руй, Бледа, әсіресе, 

Еділ батыр тұсында алтынның 

мол қорына ие болған.

Ғұн заманының әшекейлі 

бұйымдары – Польша, Румыния, 

Югославия, Чехия, Словакия, 

Венгрия, Германия жерінде 

сақталған.

Бағзыда Византия елшісі Зе-

марх Ұлы Даланың мәдениеті 

жайында, асқан зергерлері, тасты 

бауырша тілетін бәдізшілері (ою-

шылары), темірге жан салатын 

ұсталары, қолашылары хақында 

жазба деректер қалдырған.

Бабаларымыз осылай темір 

балқытқан, шаһар тұрғызған, 

егін салған. Көшпелі тайпалар 

жаңа шамшырағы», «Ұлы Дала 

елі» – Қазақстанның аршынды 

қадамдары, тыныс-тіршілігі 

тұтастай айшықты суреттелді. 

Тарих толқындарындағы Қазақ 

елінің этномәдени тұтастығы, 

тарихи-тәжірибелік таным терең-

дігі, ұлттық сана, яғни, ұлттың 

жан- жүрегі, дәстүрлі мәдениеті 

бол ғаны, ел басқару жүйесі – 

бәрі-бәрі барын ша кемел, толық 

сипатталды.

«Мәңгілік Ел» қойылымының 

«Сақтар. Сарматтар. Ғұндар» 

дейтін бірінші бөлімінде көрер-

мендердің көз алдына тарих 

тұң ғиығындағы мыңдаған жыл 

бұрынғы мемлекет келешегін 

діт теген өжет, өнерлі аталардың 

жолы Құс жолындай сайрап, қиял 

құс тарын қалықтатты. Ел ұйыды, 

сіл ті дей тынып қызықтады.

Арғы ата-бабамыз – 

ғұндардың кемелденген, өркен 

жайған, құдіретті державаға 

айналған заманы – б.з.д. IV-III 

ға сырлар. Ғұндар мен қытайлар 

ондаған ғасыр бойы арпалысты. 

Небір ерлер тарих сахнасына 

шықты. Сайыпқыран Тұман, 

оның мың шақырымға шабатын 

тұлпар мінген баласы, ұлы мем-

лекет ұйымдастырған Көкбөрінің 

қасиеті дарыған Тәңірқұт-

Мөденің (Ботахан) кезеңі – Ғұн 

тарихындағы жарқын дәуір бол-

ды. Сол заманда Мөде әскерінің 

саны 300 000 сарбазға жеткен 

екен, Ғұн жерінде темір қорыту, 

қару-жарақ өндіру, алтын, күміс, 

қола сияқты асыл тастарды 

балқыту ісі кең өріс алған; сом 

алтыннан жасалынған білезіктер, 

сәукеленің маңдайына тағылатын 

тәтілер, әдемі алтын белбеулер; 

алтын, күміс, қоладан жасалған 

ілгектер, кестеленген қамқа ша-

пандар, мамық ішіктер, қымбат 

көркем тондар асқан шеберлікпен 

жасалынған. Тасқа түсірілген 

бейнелер, жаңа туған лақтың ба-

сына ұқсайтын сұлу күміс сырға, 

салт атқа мінген жауынгерлер, 

алтыннан қиып жасаған бөрінің 

мекендеген аймақты Геродот 

алтын және мысқа толы өлке, 

сақ тайпаларының ойлап тапқан 

бір ғажабы темір рудаларын 

балқытудың құпиясын табу деп 

таныған.

Аспан шырақтарын, құстар 

дүниесін, гүл дің түрлерін, аңның 

кескінін, ізін, құрт-құмырсқа-

лар дың, қару-жарақтардың 

суреттерін тасқа түсі ру мен 

айналысқан қазақтың ертегі жыры 

қандай сұлу, қы зық ты болса, оның 

ағашқа, матаға, киіз ге, темірге, 

сүйекке, шыныға, тағы басқаларға 

түсір ген ою- үлгілері сондай 

қызықты болған. Және де олар 

жұлдыз ғылымымен айналысқан. 

Аспан шырақ тарының құпиясына 

құмартып, шаншыла көз тіккен.

Елбасы ұлы тарихшы 

Мұхаммед Хайдар Дулатидің 

«Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі 

елдігіміздің тамыры тереңде 

жатқанын танытатын тарихи 

айғаққа жүгіне отырып, Қазақ 

хандығының туын көтерген ел 

перзенттері, ұлт патриоттары 

– Керей мен Жәнібек, Қасым 

хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, 

Еңсегей бойлы Ер Есім, Салқам 

Жәңгір, Әз Тәуке, Абылай хан 

турасында тебіре ніп, қазақтың 

алғашқы 14 ханының жетеуі 

жорық жо лын да қаза тапқанын 

еске түсіреді.

Қазақ хандығы тұсында та-

рих сахнасына бі лік ті, парасатты 

хандар, ақылгөй абыздар, әді летті 

дана билер, айбатынан ай бұққан 

қайрат ты баһадүрлер дүркіреп 

шыққан еді. Төле, Қаз дауысты 

Қазыбек, Әйтеке сынды көсем 

ойлы, тапқыр тілді, билік-кесім 

шығарған ділмәр ше шен дердің, 

«Сары азбан атқа ер салып, сара-

ман дәуір сүрсін» деп Ұлы Дала-

ны қорғаған Қабанбай, Бөгенбай, 

Қарасай, Малайсарыдай кемеңгер 

қолбасшылардың сол бір сын-

дарлы заманда өмір сүруі – 

қазақ халқының асқан бағы еді. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақ 

хандығы кезеңі – ат жалында 

АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ!


№ 1 ( 2 0 1 6 )

19

Сырым Датұлы, Исатай-Махам-



бет, Кенесарының қан кешудегі, 

нар кешудегі жорықтары – Ұлы 

Даланы қорғаудағы теңдесі жоқ 

ерліктің жарқын мысалдары 

еді. «Сар дала – сары атандай 

жауыр еді», – деп Жұмекен 

ақын зар илегендей, еліміз 

теперіштің, небір зұлымдық, 

небір жыртқыштықтың бәрін 

көрді. Дала данагөйі Бұқар жырау 

күнбатыстан бір қорғасындай 

қара бұлт шығып, қазақ да-

ласын ойран-топыр ететінін 

көрегендікпен сезінді; зар за-

ман ақындары – Дулат, Мұрат, 

Шортанбайлар отарлық езгінің 

елге, жерге, дінге, тілге тигізер 

зиянын зар еңіреп тұрып жырға 

қосты. Олар дәстүріміздің, 

эпостарымыздың түбіне бал-

та шабылатынын күні бұрын 

сезіп, күйінді. Нарманбет 

Орманбетұлының:

Қалмады, ей, Сарыарқа, 

 

 

сенде қызық,



Сандал тау, сары өлкені 

 

 



алды мұжық.

күн кешкен Алаш жұртының 

қаһармандық дәуірі» – деп айта-

тыны да содан.

Тәуелсіздік – қасиетті ұғым, 

сәулелі құбы лыс. Сандаған 

ғасырлар мен замандар бойы 

бабаларымыздың асыл ар-

маны болған Тәуелсіздік ақ 

қанатты періште сипатында 

халқымыздың басына бақ болып 

қонды. Отанымыз Тәуелсіздік 

құшағында асқақтап, замана 

тарихтың ұбақ-шұбақ көшінің 

неше алуан қисапсыз суреттері, 

тағдыр тәлкегіне душар болған 

халқымыздың хал-ахуалы, 

зобалаң-дүрбелеңдері әлгі 

қойылымда көз алдыңда қайта 

тізілгендей; «Елім-айдың» зарлы-

мұңлы әуені естілгендей; Ұлы 

Дала – ұлт рухының шар айнасы, 

бақ-дәулеті, Ай мен Күндей баға 

жетпес, теңдесі жоқ қазына болып 

қайта жаңғырды. Орманбеттің: 

«Еділ – үйдің есігі, Жайық 

– үйдің жапсары, Түркістан 

– үйдің төрі»,– деп жырлайты-

ны; Қошке Кемеңгерұлының: 

«Түріктің алтын бесігі – Алтай, 

ер жетіп, өсіп-өнген ордасы – 

Түркістан»,– деп толғанатыны; 

Мағжан Жұмабаевтың: 

«Түркістан – екі дүние есігі 

ғой, Түркістан – Ер Түріктің 

бесігі ғой»,– деп жүрегіне бөлеп 

жырға қосатыны – көпшіліктің 

туған жерге деген махаббатын 

күшейте түсті. Бағзы заманғы 

алтынжалды арғымақ мінген 

атақты қолбасшы Еділ батырдың, 

Түркі қағанаты дәуіріндегі Бу-

мын, Естеми қағандар, Елтеріс, 

Тоныкөк, Күлтегін тәрізді қағанат 

қаһармандарының ерлігі қайта 

жарқырап көрінді.

Жоңғар шапқыншылығына 

қарсы күрескен Абылай хан, 

Қанжығалы Бөген бай, Қаракерей 

Қабанбай, Шапырашты На-

урызбай сынды баһа дүрлердің, 

сонымен бірге ұлт-азаттық 

көтері лістің ту ұстаушылары 

Қолыңнан келер де жоқ, 

 

 

өнер де жоқ,



Баласы байғұс қазақ 

 

     қалдың мыжып, –



деп күңіренетіні содан. 

Отарлау шылардың қазақтарды 

қынадай қырға нын, бидай-

дай қуыр ғанын, өзен-көл дің, 

тоғай-орманның ішінен қу дала 

қыр ға қуғанын, бейбіт елдің 

әбігерге түсіп, меке нінен безіп, 

шұбырындыға айнал ғанын 

қобыздай күңірентті.

Қазақта ақыл-ойымен, шешен 

тілімен халқына риясыз қызмет 

еткен дана аз емес. Әйтеке бидің 

дауылпаз үнінде, сегіз қырлы 

семсердей тілінде: «Біз қазақ 

деген бір ұяның балапаны едік: 

сұңқар болып жетіліп, самғап 

ұшайық! Біз қазақ деген бір 

тоғайдың ағашы едік: орман бо-

лып жайқалып, жасылданайық! 

Біз қазақ деген бір биенің құлыны 

едік: тұлпар болып жетіліп, 

бәйгеден озайық! Біз қазақ деген 

бір дастарқан едік: атамекенді 

түгел қамтиық»,– дегені бүгін 

ерекше естіледі. Дананың осы 

АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ!


№ 1 ( 2 0 1 6 )

20

нақыштар, сан алуан бояу лармен 



құбылған бейнелі суреттер сал-

дырды.


«Астанасына қарап елін 

таниды. Астанасының қайда 

орналасып, қалай өркендеп 

жатқанынан әр елдің өзінің өткені 

мен ертеңіне деген көзқарасын 

аңғарып, өзгелерге деген пейілін 

сезінеді. Сон дықтан да Астана 

келбеті – ұлт келбеті, мемлекет 

ди дары, халық мерейі. Күллі 

әлем атын енді жат тай бастаған 

жаңа Астана біздің жас мемле-

кетімізге деген назарды екі есе 

арттыра түсуде. Оның біз жетпек 

биіктердей өрелі, біз орнатпақ 

қоғамдай тартымды болып, 

көркейіп, өсуі жолында бүгіндері 

небір қарышты қадамдар жа-

салуда. Біздің жаңа астананы, 

жаңа астананың бізді ұятқа 

қалдырмайтынына нық сенеміз», 

– деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев 

жүрегінің миуа-жемісіндей, 

жаны ның бөлшегіндей ардақты 

Астанасы туралы көкейкесті, 

жүрекжарды ойын ылғи осы-

лайша өрнек теп, тебіреніп 

жеткізумен келеді.

Ел Президенті Астананың әрбір 

ғимаратын, әрбір мекемесін, әрбір 

ауласын көзбен көріп, зердемен 

бақылап, тыным таппайды. Көзінің 

ағы мен қарасындай Астанасын 

аралап, қаланың тағдыры мен та-

рихына, сәулеті мен құрылысына, 

рухани-мәдени өрлеуіне қатысты 

ой өрбітіп, кеңес береді.

«Еуразия жүрегіне, қазақ 

жерінің кіндігіне Ақордасын 

тіккен Астана – Қазақ елінің 

өз қа лауы мен жасаған дербес 

таңдауы. Біз оны бай тақ да-

ла ның шын иесі кім екендігін 

алыстың да, жақын ның да есіне 

салу үшін жасадық. Бұл ар қылы 

біз қазақтың осы бір құйқалы 

өңіріндегі ұлттық дәс түрді, тілді, 

өнерді, әдетті, әдепті шайы лудан, 

жойылу дан сақтап қалу үшін 

жаса дық. Біз оны болашақ ұрпақ 

үшін, еркін еліміз үшін жасадық», 

– дейді Елбасымыз.

бір сөзінде рух, сезім, сенім, 

тазалық, ар-ождан шебер, әдемі 

қиюласады. Қазақтың арғы-

бергі заманындағы ұлыларының 

бәрі де ұлтын әлпештеп, сүттей 

ұйыған бірлігін жүректеріне 

бөлейді. Сүйінбай ақын да қырғыз 

Қатағанмен айтысында бүкіл 

қазақтың атынан сөйлеп, ұлтының 

рухын аспанға көтерген еді.

Нұрсұлтан Назарбаев 

Тәуелсіздіктің алғашқы жылда-

рынан бастап-ақ елдігін баянды 

етудің, Ұлы Далада Мәңгілік Ел 

орнатудың амалдарын жүзеге 

асырып келеді. Соның бірі – Аста-

наны Арқа ға көшіру. Ызы-қиқы 

заманда, аса бір қиын кезеңде Бас 

қаланы көшіру – ол кез де ақылға 

да сыя бермейтін, қиял ға да 

келмейтін, теңдесі жоқ ерлік еді. 

Аста на бүгінде – Отанымыздың 

орталы  ғы на ор наласқан 

ғарыштың тап кін ді гін дегі Темір-

қазық жұлдызына, жаңар ған 

Қазақ елінің інжу-маржанына, 

қасиет ті бойтұмарына, ұлан-бай-

тақ дала мызға қан жүгіртетін, 

жан бітіретін күре  та мырына, әлем 

қызығатын, ел сүйсінетін игілік 

ме кеніне, халқымыздың қара 

шаңырағына, жаһан ға танылған 

жұртымыздың жарқыраған 

жақұтына, азаттығымыздың ал-

тын қыранына айналды.

Астана – ұлт рухының 

құдіретті ша райнасы. Ол 

мемлекетіміздің биік мәртебесі, 

жоғары дәрежесі, бақ-бере кесі, 

елдік пен тұтастық-бірлік тің тұт-

қасы, дербестігіміздің дара тумасы.

Астана тарихы Елбасының 

ерен тұлғасын, қай рат кер лік, 

саясаткерлік іс-қимылдарын 

айқын сипат  тай ды. Аста наның 

бас сәулеткері – өзі, қала ның 

архи  тек  тура лық, философиялық-

эстетикалық тұжы рымдамасын 

да өзі жасады. Жаһан дық сәу лет 

өнерінің жаңа құбы лыстарына, 

үздік үлгі  ле ріне жүгінді; саяси-

әлеуметтік, мәде ни-эконо микалық 

мәні өзгеше жаңа елор даға лайық 

қайта ланбас ою-өрнектер, ұлттық 

Елбасы Сарыарқа төсіне, 

қазақ жері нің қаси етті төріне 

Астананы көшіргені тегін емес. 

Бұл өңірде небір өркениет 

дамыған. Астананың ірге сіндегі 

Бозоқ қаласы, Ерейментаудағы 

байырғы хан ордалары осы Ұлы 

Жібек жолының бойын да қоныс 

тепкен, тоғыз жолдың торабы-

на орна ласқан. Түгін тартса, 

майы шығатын осынау топы-

рақта мыңдаған баһадүріміздің 

қаны төгілген. Қазақ тың соңғы 

ханы – Кенесарының да айтулы 

шайқасы осында өткен. Олар 

қазақ халқының келе шегі үшін 

күрескен.

Қазақ жері – қасиетті, тарихы 

мен тағ дыры тақсыретті жер. 

Ұлы Даланы бабаларымыз ақ 

найзаның ұшымен, ақ білектің 

күшімен, құдіретті рухымен 

қорғады. Әзіз бабалар елдік пен 

ерліктің ұлы үлгісін көрсетті. 

Темір ноқта мен арқан ноқтаның 

ортасында оттай лаулап, Отанын 

сақтады, Тәуелсіздікті аңсады.

Бабалар аңсаған сол ар-

ман – мемлекет тәуел сіздігі сан 

ғасырлар сағындырып, ақ қанатты 

періш те кейпінде елімізге оралды. 

Халқымыз Нұх пайғам бардың 

кемесіне мінгендей хал кешкен-

де, қайшы лықтар шырмауына 

шырмалғанда, замана теңізінен 

аман алып шыққан кемел ойлы 

саясаткер, кемеңгер, дуалы 

ауыз, ел бастау тәсіліне жетік 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 

еді. «Әлем тарихында жарқын 

құбылыс, жаңашыл реформатор» 

деп танылған ұлы саясаткер жай-

ында дүниежүзі қайраткерлерінің 

жарыса жазатыны – содан.

Ол пікірлердің қай-қайсысы да 

– ел Пре зи денті нің пайым-параса-

тына, ер лік іс-қимыл дарына, тө-

тен ше шешім паздығына берілген 

мейлін ше әділ сипат тамалар. 

Еліміздің тереңінен толғап, алыс -

тан бол жар көсемі, сұңқар пейіл 

бас шысы, алтын же белі сардары 

Нұрсұлтан Назар баев тың көреген-

дігі мен іскерлігі арқасында 

АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ!


№ 1 ( 2 0 1 6 )

21

қатысуды Алла кез келген кісі-



нің пешенесіне жаза бермеген. 

Біздер – руханият саласында 

осы бақытқа ие бол ғандармыз. 

Бізді баулыған да, елге қызмет 

еткізген де – Нұрсұлтан Назар-

баев, сол кісімен бірге келген 

Тәуелсіздік, Азаттықтың ақ таңы, 

ата-бабамыздың сан мың жылғы 

аңсаулы арманы.

Қазақ тарихы бұрын-соңды ба-

сынан кешпеген, өзіміз де, өзге де 

таңғалғандай осы құдіретті істің 

басында Нұрсұлтан Әбішұлы На-

зарбаев тұрды.

Алпауыт күштер сырттан 

андыздап тұрғанда, ел ішінде 

адам баласы түсініп болмай-

тын шытырман оқиғалар ар-

палысып жатқанда, Назарбаев 

көрегендікпен, көсемдікпен 

есеңгіреген елдің есін жиып, 

Ұлы Далада өте қысқа мерзімде 

бұрын-соңды болмаған бүтіндей 

жаңа мем лекет орнатты. Орнатып, 

қалып тастырып, дамытып, әлемге 

танытып, әлемдік қоғамдастыққа 

мойындатып қана қойған жоқ, 

мемлекеттіліктің, ел басқарудың 

өзіндік жаңа қазақстандық 

мектебін қалыптастырды. Өзі де 

әлем қауымдастығы мойындаған 

кемеңгерге айналды. Ел 

алдындағы, өркениет ал дындағы 

осындай аса жауапты міндетті 

Елбасы, сөйтіп, абыроймен 

орындады. «Сүйер ұлың болса, 

сен сүй», – деп Абай айтқандай, 

Нұрсұлтан Назар баев – қолдауға 

да, қошеметтеуге де тұратын; 

қалай мақтаса да сыятын, соған 

лайықты кісі, ортасынан ойы 

озған, қатарынан қалпы озған 

азамат.

Жас та, жасамыс та анық 



білетін ақиқат – осы. Тарих үшін, 

әділет үшін бұл шындықты да ай-

татын мезгіл жетті.

Президент Назарбаев – 

мемле кет ті лігімізді орнатып, 

қалыптастырып, экономикасын 

реформалау арқылы өзін де, 

елін де әлемге мойындатқан 

заман ның аса дарынды тұлғасы. 

Астана жел кілдеп, жаңарып, 

жаңғырып, ертегідегі алып тар дай 

ар шын  дап алға басып, қарыштап 

дамып келеді.

Елбасының қым-қуыт заман-

да Тәуел сіз мемлекет орнатуы 

да, тез арада Аста наны көшіруі 

де – құбылыс еді. Осының бәрін 

Мәңгілік Ел орнату үшін жасап 

жатқанына бүгінде көзіміз жетіп 

отыр.


Өзімізді өзіміз бақпасақ – 

сырттан ке ліп ешкім, ешқашан 

бізді жарылқа майды. Сақ 

заманындағы би атамыздың: 

«Арманның жолы қиқалаң, 

Адалдың жолы төте еді. 

Жақсы-жаман әркімнің 

Арасынан өтеді. 

Араздаспай, таласпай, 

Тату жүрсең не етеді? 

Ынтымағы бар бол са, 

Бұл дүниенің қызығы 

Бәріне түгел жетеді», – деген 

аталы сөзі бүгін де қажет.

Елбасының арман-мұраты 

да – тату лық, ын ты мақ, бірлік, 

тыныштық. Біз аздаған жылда 

талай жолдан, талай дағдарыстан 

өттік. Қиындық та аз болған жоқ. 

Соның бәрін де ел бір лігінің 

арқасында жеңдік.

Президентіміз есепсіз көп 

нәрсе істеді. Тәуел сіздігімізді ба-

янды етті. Абы ройлы асулар дан 

астық. Әлемдегі озық елдердің 

қатарына қосыл дық. Халық өз 

Президентін жүрегінің төріне 

шығарды.


Нұрсұлтан Әбішұлы – Елбасы. 

Ұлт намысының қамшыгері.

Қазір әлемдік саясатты иге-

руде, эко номиканы еңсеруде, 

өз халқының тари хын, тілін, 

мәдениетін білуде Прези дент-

ке тең келетін адам жоқ. Еура-

зия кінді  гінде ұлт пен ұлысты 

сүттей ұйы  тып, күнбе-күн келісім 

мен жарасым шам шырағын 

жағып отырған – қарқарадай 

Президентіміздің еңбегі.

Мемлекет орнату, оны 

қалыптастыру, баянды ету, әлемге 

таныту дейтін күрделі үдеріске 

Елбасының азғана жыл да адам 

айтса нанғысыз атқарған қыруар 

істері болашақ ұрпаққа аңыз 

болып жете тіні сөзсіз. Аумалы-

төкпелі, алмағайып заманда мың 

өліп, мың тірілген қазақтың, үш 

ғасыр бодан бол ған елдің тізгінін 

Нұрекеңдей азаматтың ұстауы – 

Алла ның халыққа берген сыйы 

еді. Қазақ халқы сан мың жылдар 

іздеген мұратына да, арманы-

на да Нұрсұлтан Назарбаевтың 

тұсында жетті. Осы жыл дарда біз 

Президентіміздің жарқылдаған 

кел бетін, биік болмысын, кемел 

дарынын, ел бас шысы ретіндегі 

көсем қасиеттерін айқын 

таныдық.

Н.Назарбаев – ұлттық 

дәстүрде тәр биеленген, 

халқының бар қадір-қаси етін 

бойына жиған, тілін, тарихын, 

мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-

дәстүрін жетік білетін, ұлтын 

жан-тәнімен сүйетін, оның 

мәртебесін өсіріп келе жатқан, 

халқының үмітін, сенімін ақтап 

келе жатқан ұлтжанды азаматы; 

қалың елдің жанашыры; мұңдасы, 

тағдырласы; қорыққанға – қорған, 

тарыққанға – пана, зарыққанға 

сана бола білген өз елінің шын 

перзенті; алдағыны болжай 

білетін, ертеңгісін де оза ойлай 

білетін көсемі; елінің жүгін 

көтеріп келе жатқан қара нары; 

халықаралық қауымдастыққа 

кеңі нен танылған, өркениетті 

елдердің басшыларымен терезесі 

тең, сөйлескенде сөзі асатын, еге-

скенде еңсесін басатын, елдескен-

де мейірімін шашатын аузы уәлі, 

сөзі дуалы саясаткері.

Шынтуайтына келгенде, 

Нұрсұлтан Назарбаев – тарих 

толғатып туған ғасырдың тұлғасы, 

елінің жанын ұғатын, халқын 

замана көпірінен аман өткізіп 

келе жатқан қамқоршы; еліміздің 

дарынды ұйымдастырушысы, 

көреген басшысы, нарықтық 

экономиканың терең білгірі, 

аңқылдаған ақ көңіл; кекшіл емес 

– текшіл; жікшіл емес – көпшіл; 

АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ!


№ 1 ( 2 0 1 6 )

22

елді адастырмайтын түсбағдар 



керек болып отыр, елдің 

ілгергі үміті керек болып отыр, 

арманға жетелейтін жарқын 

идея, мемлекеттік идеология 

керек болып отыр. Бұл идеяны 

Н.Назарбаев елінің тәуелсіздігін 

қорғау үшін, Тәуелсіз 

Қазақстанды дамыту үшін 

ұсынып отыр, «бабалар жеткізе 

алмаған арманға елін жеткізсем», 

– деп отыр.

– Егер сен Өтүкен қойнауында 

отырсаң, Мәңгі ел орнатар едің – 

деген сөзді «Күлтегін» жырынан 

оқимыз. Яғни, Мәңгі ел орнатуды 

бабаларымыз Бумын, Естеми 

қағандар жетінші ғасырда-ақ 

аңсаған. Өкініші – басараздық, 

алауыздықтың кесірінен қа-

ғанат құлап, олар арманына жете 

алмаған.

Демек, Мәңгі ел орнату үшін 

алдымен жердің тұтастығы, елдің 

ынтымағы керек, ата тарихын 

ұрпақ санасына сіңіру керек, 

Ұлы Даланың тарихын сол Ұлы 

Даланың ұлы тұлғаларынан алып 

жазу керек.

Мәңгілік Ел бір күнде ор-

най қал майды. «Мәң гілік Ел» 

– өміршең, мәңгілік идея. Ол 

науқаншылықпен, жарлықпен, 

бұйрықпен орнамайды, ғасырлар 

бойы қалыптасады. Сол себепті 

«Мәңгілік Ел» идеясын өткінші 

науқанға, еріккеннің ермегіне, 

жаяу жарысқа айналдырмау 

керек. Бұл идеяны ұлттың 

дүниетанымына, санасына 

сіңіру керек. Өйткені ол – терең 

толғанатын, біліп, иінін қандырып 

жазатын, жылдар бойы тылсымы 

ашыла беретін ұлы құбылыс.

Қазақ – осы Ұлы Далада туып, 

өсіп-өркендеп, талай ұлыс, талай 

қағанат орнатқан, көнеден келе 

жатқан байырғы халық.

Ұлы Далада керегесін кең 

жайған, бүкіл әлемге әйгілі Сақ, 

Ғұн, Түрк қаға наты секілді іргелі 

ұлыстардың да аталуы әртүрлі 

болғанымен, солардың бәрінің 

тегі бір, заты қазақ еді.

жұртты сендіре де, иландыра да 

алатын, «өз елім менің – өзегім» 

дейтін Азамат.

Біз бүгін ұлтымыздың 

абыройына, киесіне айналған 

Президентіміз үшін мақ тана ала-

тын халық пыз. Президентіміз 

үшін мақтанғанымыз – елді гіміз 

үшін мақтан ғанымыз. Н.Назарбаев 

– Қазақ стан ның паспортына, сим-

волына айналған адам.

Елбасының ендігі арманы – 

Ұлы Далада Мәңгілік Ел орнату.

Ұлы Далада Мәңгілік Ел 

орнату идеясы бүгін ғана туа 

қалған жоқ, ықылым замандар-

дан бері, ел орнап, билік пайда 

болғалы бері жалғасын үзбей 

келе жатқан әлемдік құбылыс. 

Адам баласы өмір бойы жұмақ 

жерді, жұмақ елді, бақытты, 

еркіндікті іздеумен, аңсаумен 

келеді. Ол – арман – татулығы 

жарасқан, береке-бірліктің елін 

орнатудың, Мәңгі Ел орнатудың 

идеясы. Назарбаев бұл идея-

ны халқының байырғыдан бері 

жалғасып келе жатқан байтақ 

тарихынан алып отыр. Ол – қой 

үстіне бозторғай жұмыртқалаған 

заман, Түрк дүниетанымындағы 

Өтүкен, халқымыз армандаған 

Жиделі Байсын; Асанқайғы 

желмаяға мініп шарқ ұрып іздеген 

Жерұйық, бақытты өмір, баянды 

тіршілік. Қытайлар өзін «Аспана-

сты еліміз дейді, яғни, аспанасты, 

жерүсті еліміз» деп отыр, Жапон-

дар өздерін: «Күншығыс еліміз», 

– дейді, біз – Ұлы Дала еліміз.

Кез келген мемлекетті да-

мытатын, халықты арманына 

жетелейтін күш – идея, идеоло-

гия. Идеология дегеніміз – сол 

елдің бағдаршамы, адастырмай-

тын түсбағдары. Егер ол болмаса, 

кеме – мұхитта, ұшақ – көкте, 

адам жерде адасады.

Арғы-бергі тарихта «елім 

мәңгі болмасын» деген бірде-

бір мемлекет жоқ. Бәрі де соны 

армандаған. Бірақ жете алмаған. 

Мұны Елбасы білмей отырған 

жоқ, біліп айтып отыр. Бізге 

Біз данагөй, шежіре 

қариялардың соңын көре қалған 

ұрпақпыз. Олар: «Сақ Ата за-

манында», – деп байтақ әңгіме 

бастайтын, «Сақтарды өзінің 

атасы санайтын, Сақтардың 

ұрпағымыз», – дейтін.

Ұлы Дала мектебін, Ұлы Дала 

универ ситетін, Ұлы Дала акаде-

миясын, Ұлы Даланың бұлжы-

майтын салт-дәстүрін, тозбайтын 

тағылымын, ғылымын, білімін, 

тәлімін қазақ мыңдаған жылдар 

бойы өзі қалыптастырған. Сөйтіп, 

ұрпақ санасына құйып отырған.

Елбасы өзінің Мәңгілік Ел 

идеясын мыңдаған жылдар бойы 



АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ!

№ 1 ( 2 0 1 6 )

23

қалыптасқан даналықты да, ше-



шендікті де, көсемдікті де қайта 

жаңғырту үшін ұсынып отыр. 

Халқымыздың шешендігі мен 

даналығын қайта жаңғырту үшін 

Астанадан алдымен Төле бидің 

шешендік мектебін, Абайдың 

даналық мектебін ашып, дарынды 

балаларды жинап, сонда оқыту 

керек. Келешек үшін игілікті істің 

басы – осы болады.

Ұлы Дала елі – талай 

өркениеттердің қауыш қан-

тоғысқан алтын құндағы. 

Мәңгілік Ел – Ұлы Далада 

керегесін кең жаятын ұлы 

құбылыс.


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 

«Ұлы Дала елі» –  Мәңгі лік Ел» 

идеясы күр  делілігімен, сан 

қырлы лы ғымен ерек шеленеді. 

Бұл идеяны жүзеге асыру үшін 

терең, байыпты концепция ке-

рек. Оның ең басты шарттары: 

1) мемлекет территориясының 

тұтастығы; 2) мемлекеттің қорға-

ныс қабілеті, ұлт қауіпсіздігі; 3) 

мемлекеттің тілі; 4) діні; 5) ізгілік, 

даналық ілімі, ұлы эпостары; 6) 

ата дәстүр, атакәсіп; 7) халқының 

ынтымақ-бірлігі.

Жуырда Парламент Мәжілісі 

«Мәң гілік Ел» идеясының 

заңнамалық негізін қабылдады. 

Ендігі міндет – осынау идея-

ның біртұтас жүйесін жасау. Ол 

жүйе де, біздіңше, халқымыздың 

өткеніне, бүгінгісіне қатысты 

тарихи-әлеуметтік, әдеби-мәдени, 

философиялық және экологиялық 

құнды лықтардың қамтыл ғаны жөн.

«Ұлы Дала елі – Мәңгілік 

Ел» идея сының ке шен ді 

тұжырымдамасын жасауды «Нұр 

Отан» пар тия сы қолға алуда. Бұл 

– бәріміз жұмылып қол дай тын 

игілікті іс.

Иә, сөйтіп, елімізде Қазақ 

хандығының 550 жылдығына 

арналған айтулы той өтті. 

«Мәңгілік Ел» театрландырылған 



АНА ТІЛІМ – АЙБАРЫМ!

№ 1 ( 2 0 1 6 )

24

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет