Редакция ал қ



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата31.01.2017
өлшемі8,34 Mb.
#3088
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

СЕГІЗ ҚЫРЛЫ, 

БІР СЫРЛЫ

Ана тіл, ана сүтім, арым менің,

Баяным, бақ-дәулетім, барым менің.

Өзіңменен рухым көтеріліп,

Өзіңменен атады таңым менің.

(Ө.Айтбайұлы)

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЙРАТКЕРІ

№ 1 ( 2 0 1 6 )

85

Өмірзақ Айтбайұлы 1936 жылы сәуір айының 



бесі күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауда-

ны, Балтакөл ауылында (бұрын Түркістан ауданына 

қараған) дүниеге келген. 

1954-1959 жылдары бұрынғы С.М.Киров 

атындағы ҚазМУ-дің филология факультетінде 

жоғары білім алады. 1962 жылдың көктемінде Қазақ 

ССР Ғылым академиясының Тіл білімі инсти-

тутына кіші ғылыми қызметкер болып жұмысқа 

орналасады. Содан бері табан аудармастан бүгінгі 

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында 

қызмет атқарып, ұзақ жылдар Терминология және 

аударма теориясы бөлімін басқарады.

1971 жылы аударма саласына қатысты 

кандидаттық, ал 1992 жылдың басында «Қоғамдық 

ғылымдар терминологиялық лексикасының 

қалыптасуы мен дамуы» деген



 тақырыпта докторлық 

диссертация қорғайды.

1994  жылы Ғылым академиясының жалпы 

сессиясында Ұлттық Ғылым академиясының 

корреспондент-мүшесі болып, ал 2003 жылы 

толық мүше – академик болып сайланады. Сондай-

ақ ол Экология халық академигі (1997) және ҚР 

Әлеуметтік ғылымдар академиясының (1998) 

академигі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлы-

ғымен 1998 жылы «Құрмет» орденімен, ал 2007 жылы 

«Парасат» орденінімен марапатталады. 

2014-15 жылдары таңдамалы ғылыми еңбектерінің 

5 томдығы жарық көрді.



Ана тіл – шырқап салар әнім менің,

Сәулетім, сая бағым, сәнім менің.

Өзіңменен кеудемде көктем гүлдеп, 

Өзіңменен ашылар мәнім менің.

(Ө.Айтбайұлы)

Жол басын журналистикадан бастаған...

Студенттік жылдардың өзінде ғылыми, қоғамдық 

жұмыстарға белсене араласып, ұйымдастырушы ретінде 

көзге түседі. Көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, 

ән-би сауық кештерін ұйымдастырып, оған бүкіл қала 

жастарын тартады. Сол жылдары ол ән шығарумен де 

әуестенеді. Жастар арасында әбден танымал болған 

кейбір әндері орталық  газеттерде (мәселен, «Лениншіл 

жас», 1959) жарияланады.

Ө.Айтбайұлы университетті бітіретін жылы, яғни, 

1959 жылдың шілдесінде-ақ республикалық аға газет 

– «Социалистік Қазақстанға» әдеби қызметкер болып 

қызметке шақырылады. 

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЙРАТКЕРІ


№ 1 ( 2 0 1 6 )

86

Қашанда журналисттік кәсіп әрі қадірлі, 



әрі қауіпті (әсіресе бүгінгі алмағайып заманда) 

мамандықтардың алдыңғы легінен орын алады. 

Тегін адам жауапкершілігі зіл батпан, қара сөзден 

қаймақ айырған журналистік ортаға бейімделіп, от-

тан қазаны түспейтін тәрбие-таным ошағында пісіп-

жетіліп,  болып-толып кете алмайды. Тіл мәйегін 

жемсеген, сөз құдіретін емсеген жан ғана Орталық 

партия комитетінің бас газетіне басын сұға алмақ. 

Ол тұста, әрине, алдымен саяси ұстаным-көзқарас, 

сонан соң білім-білік һәм тіл жүйріктігі басты крите-

рий болатын.

Тек алғашқы жолашар сапарында ғана емес, 

Өмекеңнің барша ғұмырлық шығармашылығына 

арқау-негіз болған әке тәрбиесі-тұғын. Ал ол әкесі 

– жалпақ қазаққа танымал Айтбай ақын, елдің 

сөзін ұстаған, көзін ашқан Айтмұхаммед молда 

Белгібайұлы болатын. Құран-хадисті жатқа айтып, 

қисса-дастанды жанынан қиыстырып, айтысқанды 

алып та, шалып та жығатын сөз зергері-тұғын. 

Ескілікті әңгіме, небір шежіре сырлар, көшелі де 

өнерлі қариялар – міне, Өмекең өскен орта, өнген 

топырақ!.. Осындай иманды, рухани, сұпы да сахи 

бесікке тербелген жанның ақын, сазгер, әнші, күйші 

болмауға қақы да жоқ-тұғын...

Селдей сөз тасқынынан маржан теріп, сарқырама 

ақпарат ағынын қалауынша өз арнасына  бұра 

алатын бірден-бір кәсіп – жорға журналист болу 

екінің бірінің маңдайына жазыла, бұйыра бермейді. 

Ал сөзді ойната да, ойланта да білетін, тілі татым-

ды,  қаламы қарымды жан, әсіресе, шығармашыл 

тұлға бақытты. Айтарыңды айтып, көпті ұйытсаң, 

жазарыңды жазып соңыңа сөз қалдырсаң, қандай 

ғанибет! Ешкімнен қарызға сөз сұрамасаң, еліңнің 

мейірін өсіріп, есесі кеткен жерде олқылығын 

толтырсаң, азаматтық қарыз-парызыңды өтесең, 

ол да – бір дәурен ғой, шіркін! Міне, Өмекең де 

– сексеннің сеңгіріне шықса да, осы жүрісінен 

жаңылмаған, кеудедегі күмбірлеген ойына 

қылау түсірмеген, жүйрік қаламының желісінен 

жаңылмаған сөз зергері, тіл білімпазы. Аға газетте 

апыл-тапыл басқан қадамдар, қанатын қақтырып 

сөз айдынына әуелеткен ағалар алақаны, құйма 

құлаққа құйылған ақыл-кеңестер, талап пен талант, 

еңбекқорлық пен жанкештілік – бүгінге дейінгі 

жүріп өткен жол, сөре-сөре том-том кітап...

Ана тіл – халықтың бас қазынасы,

Кез келген ұқпас оның мағынасын.

Дүниеде нанға жетер не бар дейсің?!

Тілге де нанмен бірдей табынасың.

(Ө.Айтбайұлы)

Дарақ бір жерде гүлдейді

Өмір – мұхит, адам баласы – «арман-жағалауға 

аман-есен жетсем» деп жанталасқан, жаратылған 

жаңқадай бір пенде ғой. Өміріңнің басы алақанға 

салғандай айқын болғанмен,  жол үсті мен жол соңы, 

бұралаң соқпағы мен бел-белестерін кім болжап  

біліпті?!. «Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл 

бөлсеңіз» деген хакім сөзі ой салды ма әлде дәм-тұз 

бұйырмыс па, әйтеуір білдей журналист «тіл білімі» 

атты тылсым бір әлемге мойнын бұрды. 

Көрнекті тіл мамандары – М.Балақаев, 

I.Кеңесбаев, Ә.Қайдар, Ш.Сарыбаев, әйгілі 

жазушы, аудармашы, ғалымдар С.Талжанов, 

Ә.Сатыбалдиевтің ақыл-кеңесінің негізінде 

Ө.Айтбайұлы тіл білімі мен аударма ғылымының 

мәселелерімен шұғылданады, ғылыми-теориялық 

конференцияларға қатысып, баяндамалар жасап, 

ғылыми ортада таныла бастайды.

Қарапайым кіші ғылыми қызметкерден 

ғылымның жетекші маманы, ұйымдастырушысы 

ретінде өсіп жетіледі. Терминология мен аударма 

теориясы бөлімінің меңгерушісі болған жылдарында 

«Қазақ терминологиясының жасалу көздері» (1981-

1984), «Қазақ әдеби терминологиялық лексикасының 

дамуы» (1985-1991), «Мемлекеттік тілде ғылыми 

терминологияны қалыптастырудың теориялық, 

ғылыми-әдістемелік және практикалық мәселелері» 

(1997-1999) сынды келелі тақырып-жобаларға 

жетекшілік жасады. «Тіл мәдениеті және баспасөз» 

(Алматы: Ғылым, 1968), «Өрелі өнер» (1976), «Сөз 

өнері» (1978), «Ұлт саясатын бұрмалаушылар... 

(1981), «Қазақ терминологиясының мәселелері» 

(1986), «Аударманың лексика-стилистикалық 

мәселелері» (1987), «Термин және олардың аударма-

лары» (1990) сынды ғылыми ортаға танымал сапалы 

ұжымдық жинақтар осы тұста жарық көрген болатын. 

Аталған тақырыптар негізінен қазақ 

терминологиясының мәселелеріне арналғандықтан, 



ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЙРАТКЕРІ

№ 1 ( 2 0 1 6 )

87

Ө.Айтбайұлы жетекшілік еткен ғылыми 



қызметкерлер, ең алдымен, бөлімнің картотекалық 

қорын жасауға кірісті. Бұл – айтуға жеңіл 

болғанымен, орындалуы қиын жұмыс. Өйткені сол 

1980 жылдарға дейін жарық көріп үлгерген екі тілді 

терминологиялық сөздіктердің бәрін жинақтап, 

жүйелеп, сараптауға тура келді. Бөлім қызметкерлері 

меңгерушіден бастап түгел картотека қорын толық 

қамтып, молайтумен айналысты. Бірнеше жылға 

созылған бұл күрделі жұмыс бөлімнің 500 мыңға 

таяу картотекалық қорының негізін салды.

Замана сұранысына орай, М.Әуезов атындағы 

Шымкент пединститутының профессоры Қ.Бектаев 

тобымен өзара шартқа отырып, әлгі сөздіктер лек-

легімен электронды есептеу мәшинесінің сарабынан 

өткізілді. Ғылымның ірі-ірі бес саласы бойынша 

жасалған бұл материалдар кейінгі жылдары түзген 

түрлі сөздіктерге негіз болды, өзінің зерттеушілері 

мен сөздікшілерін тапты. Олар: қоғамдық ғылымдар 

саласы, биология ғылымдары, физика-математи-

ка ғылымдары, жер туралы ғылым мен техника 

ғылымдарының саласы. Бұл – түркі дүниесінде 

тұңғыш жинақталған, жүйеленген терминологиялық 

картотекалық қор болатын.

Мұның ішінен бөлім қызметкерлері қазіргі 

сұранысқа ең қажеттірегі деп «Қоғамдық ғылымдар 

терминдерінің орысша-қазақша және қазақша-

орысша сөздігінің» екі томдығын түзіп шықты. 

Бұл – бөлім атқарған ең күрделі жұмыстардың бірі. 

Ө.Айтбайұлы – осы сөздікті жасаушылардың бірі, 

жетекшісі әрі бұл жобаның жауапты редакторы. 

Бұл сөздік бірнеше рет толықтырылып, өңделіп, 

сұрыпталып, баспа жүзін көрді.

Ғалым өзінің төл ізденістері мен зерттеу 

жұмыстарын тұжырымдап, қазақ лингвистикасының 

тарихында тұңғыш рет қазақ терминологиясының 

дамуы мен қалыптасуы жайында көлемді де іргелі 

еңбектері – «Казақ терминологиясының дамуы 

мен қалыптасуы» (1988) және «Қазақ сөзі» (Қазақ 

терминологиясының негіздері) (1997) монографияла-

рын жарыққа шығарды.  

Ө.Айтбайұлының ғылыми ой-тұжырымдары 

аталған салалармен ғана шектелген емес. Тіл 

мәдениеті, стилистика, лексикология, ономасти-

ка, диалектология, әдеби тіл, әдебиет, мәдениет, 

мемлекеттік тіл, аударма, қазақ терминологиясы 

мен аудармасының мәселелері қашанда ғалым 

ізденістеріне арқау болып келеді. 

Академик Ө.Айтбайұлы бірнеше жыл бойы 

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті 

(бұрынғы Министрлер Советі) жанындағы 

Мемлекеттік терминология комиссиясының мүшесі 

әрі ғалым хатшысы ретінде де зор жұмыстар 

атқарды.

 Ғылымның түрлі саласында пайда болып, 

ала-құла қолданылып жүрген терминдердің бірізге 

түсуіне, ғылыми тұрғыдан реттелуіне атсалысты. 

Биология, физиология, химия, физика, матема-

тика, теміржол, музыка, спорт, компьютер т.б. 

салаларға қатысты терминдерді жүйелеп, сөздіктерді 

рет-ретімен Мемтерминком талқысына салып, 

жұртшылыққа ұсынуда оның үлесі мол. Әсіресе, 

Мемтерминкомның осы заман сұранысына лайықты 

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЙРАТКЕРІ


№ 1 ( 2 0 1 6 )

88

ережесін қайта жазып, құрылымын нақтылай түсуі 



де білікті ғалымның  іс-әрекеттерімен тікелей  

байланысты.



Көрсе де неше түрін зілзаланың,

Құлатпай келген қорғап тіл қамалын.

Аталар аманатын сақтап ұстар,

Жас ұрпақ, сенің бүгін сын заманың.

(Ө.Айтбайұлы)

Ұстаздық еткен жалықпас

Зерттеуші ғылыми ізденістер нәтижесін 

практикалық тәжірибемен ұластырып, ұстаздық 

өнеге танытудан да жалыққан емес. 1980-жылдардың 

басынан Қарағанды, Қызылорда, Шымкент, Ал-

маты қалаларындағы жоғары оқу орындарында 

мемлекеттік емтихан төрағасы ретінде және дәріс 

оқу арқылы тіл мамандарын, жалпы филологтерді 

дайындауға өз үлесін қосты. Ол 1994-95 жылдары 

Алматы Қыздар пединститутының, ал 1996-97 жыл-

дары Қ.Ясауи атындағы Қазақ-түрік университетінің 

профессоры ретінде дәріс берді. Ұзақ жылдар 

қосымша жүктеме жолымен «Қайнар» университеті 

филология факультетінің деканы болды. Осы жыл-

дары оның қаламынан тіл білімінің түрлі саласы-

на қатысты жоғары оқу орындары курстарының 

оқулық, бағдармалары түзілді.

Сонымен бірге ол Тіл білімі институты 

жанындағы ғылыми дәреже беретін Ғылыми 

кеңестің көп жылдар мүшесі ретінде жас 

мамандардың өсіп, жетілуіне қолғабыс етіп келді. 

Күні кеше диссертация қорғау тоқтатылып, кеңес 

жұмысы таратылғанша әсіресе, бұрынғы Одақтағы 

түркі тілдес халықтардың ғалым кадрларын дай-

ындауда қыруар шаруа атқарылып, ұлттық тарихи 

миссия үн-түнсіз орындалғанын екінің бірі біле 

бермейді. Өркениетке бір табан жақын татар мен 

башқұрт бауырларды айтпағанда, шуаш пен саханың, 

шор мен алтайдың, тыба мен хақастың бүгінгі 

беткеұстар тілші ғалымдарының тұсауы уақтысында 

осы кеңесте кесіліп,  кандидаттық және докторлық 

диссертациялары мақұлданып,  ғылыми өмірге жол-

дама алып жататын.

Профессор Ө.Айтбайұлы шәкірттері арасын-

да Ш.Біләл математика саласында ұлттық ғылым 

тілін қалыптастыру қақында, ал Л.Дүйсембекова 

ресми-іс қағаздар тілінің теориялық мәселелері 

бойынша докторлық диссертация қорғаса, ондаған 

жас терминтанушы «Құран Кәрімдегі» тұрақты 

тіркестер мен термин сөздердің қазақ тілінде берілу 

жайынан бастап, қазіргі мұнай мен газ терминдеріне 

дейінгі сала-салаларды жіктеп, жіліктеп зерттеді, 

кандидаттық диссертация жұмыстарын жазып 

шықты. Бүгінде еліміздің жоғары оқу орындарының 

беделді ұстаздарына айналған кешегі жас талаптар 

бүгінде өз салаларының өрісін кеңейтіп, өздері де 

шәкірт-ізбасар дайындауда.

Өзге елмен сен арқылы теңесемін,

Кемеңгер, даналармен кеңесемін.

Өз тілімде ән айтып, сөз сөйлесем,

Шабыттың айдарынан жел еседі.

(Ө.Айтбайұлы)

Жігітке жеті өнер де аз

Білім мен білік, ғылым мен өнер қашан да егіз. 

Тегіне тартқан телқоңыр жансерігі домбырасы-

нан ажыраған емес. Күйкі тірлік те, Құдай басқа 

салған өмір тауқыметі, жүрегін жұлымдаған ауыр 

қайғыларда да Өмекеңе жұбаныш болған – осы 

қара домбыра, оның өмірдің өзімен кіндіктес 

қоңыр күйлі әуені. Әсіресе ақындық пен сазгерлік 

өнерінің жөні бөлек. «Көкше келбеті», «Жар 

сәлемі», «Жас ойшыл», «Ана тілі», «Тіл өнері 

дертпен тең», «Аққоян», «Өренім»  әндері 

көпшілік жұртшылыққа танымал.Тыңдаушысын 

тамсандырған дәулескер күйшілігі – өз алдына 

бір сала әңгіме. Оның орындауындағы біраз әндер 

мен күйлер Қазақ радиосының «Алтын қорында» 

сақталса,  «Ыстықкөлдің алқызыл гүлдері» атты 

көркем фильмдегі өнерпаз орындаған Біржанның 

«Теміртасы» бүкіл әлемге тарады.

2003 жылдың 28 ақпанында Ғалымдар үйінде 

Ө.Айтбайұлы өткізген «Көңілімде көп сыр бар 

айтылмаған» атты екі жарым сағатқа созылған 

шығармашылық кеш әлі күнге жұрт аузында. Онда 

академик көп орындала бермейтін халық әндері мен 

күйлерді ұлы ғұлама ұстаздар Мұхтар Әуезов пен 

Қаныш Сәтпаевтың рухтарына бағыштап орындаған 

еді.


Азамат, барыңды күт, мәпелегін,

Ұмытпа ана тілін, әке үнін.

Кезінде ескермеген ағайынның

Келешек кешірмейді қателігін.

(Ө.Айтбайұлы)

Тіл майданының маршалы

Ғылымды ұйымдастыру қарымының үстіне 

Ө.Айтбайұлының қайраткерлік қабілетінің 

айқын көрінген тұсы «Қазақ тілі» қоғамындағы 

жұмыстарға тікелей байланысты. Бұл жұмыс, 

әрине, әріден басталған. Ана тіліне саналы өмірін 

сарп етіп келе жатқан ғалым қайта құру жылда-

рында басталған «тіліміздің әлеуметтік болмысын, 

қоғамдық қызметін айқындап, оның беделін көтеру 

үшін соған иелік жасайтын бір ұйым керек»  деген 

Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдаровтың бастамасын 

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЙРАТКЕРІ


№ 1 ( 2 0 1 6 )

89

бірден қолдайды. Тіл жөніндегі толғаныстар оған 



қолына қаламды ғана емес, домбыраны да ұстатып, 

көмекейін әуен кеулей бастайды. Сөйтіп, Қоғам 

құрылмастан аттай бір жыл бұрын «Ана тілі» дейтін 

ән дүниеге келеді. Осы әнді өзі орындай отырып, 

ол Қазақ радиосы арқылы жарты жылға таяу уақыт 

қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілу қажеттігі 

жайында хабар жүргізді. Сөйтіп, бұл ән болашақ 

«Қазақ тілі» қоғамының өз әнұранындай болып, көп 

көңілінде жатталды. Әсіресе, 1988 жылы баста-

лып, 1989 жылы қаулай бастаған тіл күресінің ол 

басы-қасында болды. Бүкіл жұртшылық қолдаған 

бұл шерудің түйіні 1989 жылдың 20-21 қазанында 

шешілді. Сөйтіп тұңғыш құрылтайда Республикалық 

«Қазақ тілі» қоғамы құрылды. Онда делегаттар 

бірауыздан қоғамның президенті етіп Ә.Т.Қайдарды, 

вице-президенті етіп Ө.Айтбайұлын сайлады. 2004 

жылдың 11 қарашасында ол кезекті Құрылтайда 

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті 

болып сайланды.

Міне, осы кезден бастап Ө. Айтбайұлы 

қоғам қайраткері ретінде әрдайым

 тіл мен діл 

жолындағы зиялы қауым ұмтылыстарының 

көшбасшыларының бірі болып келеді. Ол акаде-

мик Ә.Қайдармен бірге Қазақ тілінің мемлекеттік 

тілге айналуына қажетті шаралардың бәріне 

қатысады. Мемлекеттік бағдарламаның түзілуіне, 

қоғам жарғысы мен Бағдарламасын дайындауға 

белсене атсалысты. Ең бастысы – қоғамның 

жергілікті ұйымдарын құрып, оған іскер мамандар 

таңдауда және олардың күнделікті жұмыс бағдарын 

айқындауда Ө.Айтбайұлының еңбегі ерекше. Ол 

облыстық, қалалық, аудандық ұйымдардың тұңғыш 

жиындарының көбіне тікелей өзі қатысып, қоғам 

атқаратын жұмыстар мен міндеттерін түсіндіріп, 

оның халықтық мәнін насихаттаумен болды. Осын-

дай нақты іс-әрекеттер нәтижесінде қоғам ел алдын-

да бедел алып, халықтық қозғалысқа айналды. 

«Қазақ тілі» қоғамының екі ғасыр тоғысында, 

өліара, өтпелі кезеңде,  атқарған істеріне ел куә, 

тарих куә. Өйткені еліміздің түкпір-түкпірінде өткен 

алқалы жиындар (Ақмола, 1990; Ақтөбе, Алматы, 

Семей, 1991, 1994; Жамбыл, 1992; Талдықорған, 

1993; Семей, 1999; Павлодар, 2002; Өскемен, 1994, 

1998, 2003), Шевченко мен Гурьевтің ескі пальтосын 

Ақтау мен Атыраудың зерлі шапанына ауыстыру, 

Ермак қанышердің ескерткішін құлатып,  шаш-

касы шошаңдаған казактардың дымын басу, асыл 

арыстарымызды ақтау, Наурыздың ақша қарындай 

салт-дәстүрімізді жаңғырту, бір сөзбен айтқанда, 

Ұлттық қайта түлеу жолында жанын салған ұлтшыл 

азаматтардың баршасы осы кезеңде қоғам жаны-

нан табыла білді, ұжымдасып ұйыса білді. Соның 

нәтижесінде тәлп-тәлп басқан шарана Тәуелсіздігіміз 

тұғырына қонды.  Бүгінде «баяғы жартас – бір 

жартас» деп зарланып жүрсек, көнтерілі мәңгүрттік 

тазкепештен толық арылмасақ, тынысымыз тары-

лып, қарманар таза ауа таппасақ – мұның бәрі сол бір 

кездегідей ұлтшылдық ұранның, елшілік байрақтың 

астына бір адамдай, жұмылған жұдырықтай біріге 

алмағандығымыздан болса керек. 

«Әр қазақ – менің жалғызым», – деген 

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бүгінде шарқ 

ұрып жаңа жол-бағыт іздесе, заманға сай транс-

формалануды ойлап, көптің көкейінен шығар 

көшбасшы болуға ұмтылса, ол да – қоғам басшысы, 

ел ағасы, сөз ұстаз ұстар абыз ақсақалы академик 

Өмірзақ Айтбайұлының ұстанымы. Әр қазақ, әр 

қазақстандық Ана тілімізді анасындай ардақтайтын, 

мейманасы тасыған мерейлі Мемлекеттік тілі бар 

мемлекетке айналғанымызша тіл майданының 

маршалына тақтан түсуге, қолбасшылықты қолдан 

шығаруға еш мүмкіндік жоқ. Сол себепті де бар 

болыңыз, қашан да нар болыңыз, Өмір-аға!

Ер қазақ, тоқта, ойлан, жетер енді,

Еңсеңді ездік басқан көтер енді.

Тіліңнің тұмшаланған бұйдасын шеш,

Дәстүрін ұстап мықты, өсер елдің.

(Ө.Айтбайұлы)   

Ғарифолла ӘНЕС,

Филология ғылымдарының докторы

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҚАЙРАТКЕРІ


№ 1 ( 2 0 1 6 )

90

      



²açàºïûí

Ғұннан қалған  Аз-ақпын,

Тағдыры жұмбақ Қазақпын.

Бөрі қаным бойымда,

Жауыма тисем, тозақпын!

Таңдайымда құрыш – тіл,

Тасқа қашап сөз жазғам.

Тағдыры ауыр қиын  күн

Тәңіріге ғана қол созғам.

Алтынмен аптап бабамды, 

Алты ғасыр сақтағам.

Атадан қалған салтымды

Күн нұрына қақтағам.

Ай жосыса аспанда,

Айға қарап ұлимын,

Күн жосыса аспанда,

Күнге қарап ұлимын!

Төрт дүниені тең кезген

Тіреуі – Көк құйынмын.

Терлігіме шер қатқан

Тұлпар текті құлынмын.

Қанағатым қамалдай –

Алты малта ас болған.

Қағанатым қас маңдай –

Қастасым көріп, дос болған,

«Қазақ» деген халықпын

Қаһары  зілдей өшпеген.

Қайсар ділді халықпын:  

Арын тілімен өлшеген!

Ақын, аудармашы Жүкел ХАМАЙ 1959 жылы Қобда (Моңғолия) 

аймағында дүниеге келген. 1987 жылы Моңғолия Жазушылар Одағының 

жанындағы Әдебиет кафедрасының поэзия бөлімін үздік тәмамдаған. Кәсіби 

әдебиеттанушы. Моңғол, қазақ тілдерінде қатар жазатын ақын әрі шебер 

аудармашы. 1987, 1989, 1990 жылдары Моңғолияда өтетін «Болор цом» жыр 

мүшәйрасының, 1993 жылы Алматыда өткен «Түркі тілдес халықтардың II 

поэзиясы» фестивалінің лауреаты.

Моңғолия және Қазақстан баспасөздерінде қызмет етіп, көптеген 

мақаласымен жұртшылыққа кең танылған журналист. Ол Абай Құнанбаев, 

Жамбыл Жабаев, Махамбет Өтемісұлы, Мағжан Жұмабев, Мұқағали 

Мақатаев, Төлеген Айбергенов сынды қазақтың ақын-жазушыларының 

шығармаларын моңғол тіліне тәржімалап, моңғол жұртшылығына танытты.

Лұбсанданзанның «Алтан товч» тарихи кітабының аудармасы мен 

түсініктемелерін және моңғолдың басқа да бірқатар құнды жазба деректерін 

қазақ тіліне  аударып, жарыққа шығарған моңғолтанушы, аудармашы.

Îòàíäû ñ¾þ

Өзгеден 


Сұңқар құс қалай ұшуды,

Сұры киік қалай жосуды

Сұрамайтыны секілді,

Отанымды қалай сүюді

Сұрамадым мен!

Өзгеден


Ана баласын қалай тууды,

Ай аспанда қалай толуды

Сұрамайтыны секілді,

Отанымды қалай сүюді

Сұрамадым мен!

Өзгеден


Балық қалай жүзуді,

Бала қалай сөйлеуді

Сұрамайтыны секілді,

Отанымды қалай сүюді

Сұрамадым мен!

Өзгеден


Таулар қалай тұруды,

Тұлпар қалай тарпуды

Сұрамайтыны секілді,

Отанымды қалай сүюді

Сұрамадым мен!

Өзгеден


Жел қалай есуді,

Ел қалай көшуді

Сұрамайтыны секілді,

Отанымды қалай сүюді

Сұрамадым мен!

Өзгеден


Ағаштар қалай өсуді,

Адамдар қалай өлуді

Сұрамайтыны секілді,

Отанымды қалай сүюді

Сұрамадым мен!

Ò¾í  ê¼òåðiï               

á¼òåí åëäå 

æ¾ðìií‚ ìåí!

Түн жамылып

Бөтен елде жүрмін мен!

Меруерт шығы мөлдіреп,

Майсалы көк құрағы 

Өлі жандай көрінеді!..

Тыныс алсам,

Туған елдің

Тұнық ауасы жетіспей,

Тұнғиыққа жоқ іздеп,

Тұла бойым көміледі.

Түн көтеріп

Бөтен  елде жүрмін мен!

Түн жамылып

Шалғай елде жүрмін мен!

Жан қайғысын арқалап



ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫ

№ 1 ( 2 0 1 6 )

91

Жатқан үнсіз көк тепсең



Арманын әлсіз таспалап,

Шырмап мені қойғандай. 

Тау қайғысын мен жүктеп,

Тау да әлсіз күрсінеді,

Түн қалғыған шөптерден

Көне бір үн естіледі.

Түн көтеріп,

Шалғай елде жүрмін мен!

Түн жамылып,

Алыс елде жүрмін мен,

Тізілген көк жұлдызы

Жылуы өшіп, өлгендей,

Бәрін  көріп қайғырам,

Үмітім түгел өшкендей.

Ат дүбірі жақындап,

Арқарлы елдің киесі

Арқалы белден үн қатып

Шақырғандай: «Кел, кел!» – деп. 

Түн көтеріп 

Алыс елде жүрмін мен!

Түн жамылып, 

Бөтен елде күрсінем мен!

Тұмар қылып тағатұғын

Топырағынан нәр алған,

Үзіп алса, өлетұғын

Талшық шөбі мен екем!

Туған елді сағындым,

Бөгде түнін жамылдым.

Шала өліктей – тағдырым: 

«Айтшы, мені кім үзген?!»...

Түн көтеріп, 

Бөтен елде

Осылай деп, күрсіндім!

Түн өткеріп

Бөтен елдің 

Топырағында күрсіндім!..

                                     1992, сүмбіле.  

Àñïàíäà¹û àéìåí 

cðëàñó

Ей, аспандағы аппақ Ай!

Жердегі тас саған жамырағанда,

Мен де ұмтылып саған 

 

 

қараушы ем.



Жалғыздық жанымды    

 

 



 

жаралағанда,

Саған айтып сертімді

Аппақ жүзіңе таңдана 

 

 

ұзақ тұрушы ем!



Ей, аспандағы аппақ Ай!

Үндемейсің сен неге  

Қайтқан қаздың қанатындай  

 

 



 

 

иіліп?!



Мені неге күндейсің,

Қайдағы бір өткенімді келтіріп?!

«Мұңай!» – дейсің бе 

Мұртын жұлдырған шал сияқты?!

«Қызған!» – дейсің бе 

Қытымыр  тұл сияқты?!

Ей, аспандағы аппақ Ай!

Жердегі мұңдасың ем,

Бұлттан сені іздегем.

Көрдегі сырласың ем,

Қияннан сені іздегем.

Сырымды ұқ, 

Үндеме!..

Табысармыз екеуміз

Белгісіз түстікте!..

Үн қатпа,

Сыр бүкпе,

Сырсыздар – боз өкпе!

Тіл қатпа,

Тұр солай, жырақта.

Үндеме...

Тұрақта!..

Тұрақта!..

26.11.2004



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет