Орта және арнаулы білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі
Құжаттарды педагогтер қағаз немесе (білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған жағдайда) электрондық форматта толтырады. Электрондық форматта толтыратын жағдайда қағаз нұсқа талап етілмейді.
Электрондық цифрлық қол электрондық жүйеге қосылған және құжаттар электрондық форматта жүргізілген жағдайда, мөр мен қолға теңестіріледі.
Барлық оқу пәндерінің педагогтері:
күн сайын сабақ кестесіне сәйкес:
1-4 сыныптарға арналған cынып журналын, 5-11 (12) сыныптарға арналған сынып журналын, факультативтік сабақтар, үйде оқыту журналын, мектепалды сыныптардың журналын (қағаз немесе электрондық форматта);
қысқа мерзімді (сабақ) жоспарды (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) жүргізеді;
оқу жылы басталғанға дейін бір рет:
пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарды (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);
тәлімгерлік жоспарды (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) әзірлейді;
тоқсандық қорытынды бойынша:
автоматтандырылған ақпараттық жүйеден автоматты түрде жасалатын және бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері бойынша талдауды жүргізеді (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);
оқу жылының қорытындысы бойынша бір рет:
негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқыту курсы үшін емтихан хаттамасы (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) жүргізеді.
9 (10), 11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау хаттамаларын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында).
Сынып жетекшісі:
оқу жылы басталғанға дейін бір рет және оқу жылы ішінде:
сынып жеткшісінің жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) әзірлейді және іске асырады;
тоқсандық және оқу жылының қорытындысы бойынша:
1-4 сынып білім алушысының үлгерім табелін, 5-11 (12) сынып білім алушысының үлгерім табелін (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);
білім алушының жеке іс қағазын (қағаз немесе электрондық форматында) жүргізеді.
Әлеуметтік педагог:
оқу жылы басталғанға дейін бір рет және оқу жылы ішінде әлеуметтік педогогтің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) әзірлейді және іске асырады;
оқу жылы ішінде:
мектептің әлеуметтік паспортын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);
мектептегі білім алушылар туралы мәліметті (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) жүргізеді.
Педагог-психолог:
оқу жылы басталғанға дейін бір рет және оқу жылы ішінде:
педагог-психологтің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) әзірлейді және іске асырады;
оқу жылы ішінде:
психологиялық қызметтің топтық және жеке жұмысын есепке алу журналын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);
педагог-психологтің консультациясын есепке алу журналын (қағаз немесе электрондық форматта word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) жүргізеді.
Басшының (директордың) қызмет бағыттары бойынша (оқу, тәрбие жұмысы, бейіндік оқыту, ақпараттық технологиялар жөніндегі) орынбасары:
оқу жылы басталғанға дейін бір рет:
тәрбие жұмысы жоспарын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);
Мектептің даму бағдарламасы (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);
педагогтердің оқу жүктемесі (тарифтеу) туралы мәліметтерді (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);
мектепішілік бақылау жоспарын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);
оқу жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);
педагогтердің жеке құрамын есепке алу кітабын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);
оқу-тәрбие жұмысы жоспарын (қағаз немесе электрондық (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) әзірлейді/толтырады.
оқу жылының ішінде қажеттілігіне қарай:
ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналын (қағаз немесе электрондық форматта);
білім алушыларды жазатын алфавиттік кітапты (қағаз немесе электрондық форматында);
кеткен және келген білім алушыларды есепке алу кітабын (қағаз немесе электрондық форматында);
бұйрықтарды тіркеу кітабын (негізгі қызмет, жеке құрам, оқушылар қозғалысы бойынша) (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында);
педагогикалық және ғылыми-әдістемелік кеңес хаттамаларын әзірлейді
/жүргізілуін қадағалайды.
оқу жылының соңында бір рет:
негізгі орта мектепті бітіргендігі туралы аттестатты есепке алу және беру кітабын (қағаз немесе электрондық форматында);
жалпы орта білім туралы аттестатты есепке алу және беру кітабын (қағаз немесе электрондық форматында);
білім алушылардың үлгерім табельдерін есепке алу кітабын (қағаз немесе электрондық форматында);
мақтау қағаздарын және мақтау грамоталарын беруді есепке алу кітабын (қағаз немесе электрондық форматында) толтырады.
Басшы (директор):
оқу жылы басталғанға дейін бір рет: тәрбие жұмысы жоспарын, мектептің дамыту бағдарламасын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, мектепішілік бақылау жоспарын, жұмыс оқу жоспарын бекітеді (қағаз түрінде немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматта);
Тәлімгерлік жоспарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығымен бекітілген Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20486 болып тіркелген) сәйкес қосымша ақы алатын педагог толтырады.
Ата-аналар жиналысының, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік кеңестің хаттамалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) жүргізіледі.
Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқыту курсы үшін емтихан хаттамасы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) бекітілген 3-қосымша нысанына сәйкес жүргізіледі.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияда:
тіркеуші осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес балалардың консультацияға алдын ала жазылу журналын жүргізеді;
мамандар, педагогтер осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес баланың даму картасын толтырады.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде және оңалту орталықтарында мамандар:
жеке даму бағдарламасын, түзету және дамыту бағдарламасын әзірлейді; баланың болу есебін жүргізеді;
баланың дамуының қысқаша тарихын толтырады;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес психофизикалық дамуды бағалау хаттамасын жасайды.
Аутизм орталықтарында мамандар:
оқу жұмыс жоспарын, баланы дамытудың жеке жоспары - «Ерте қолдау» бағдарламасын әзірлейді;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы бойынша балаларды тіркеу журналын жүргізеді, Тіркеу нысанын, Баланың даму картасын, Прогресс мониторингін толтырады;
ата-аналар үшін ұсынымдар әзірлейді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы « »
№ бұйрығына 4-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ 130 бұйрығына 4-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |