15
5.6. Соңғы оқу жылында білім алушылардан басқаларының жазғы семестрге тіркелуі
көктемгі семестрді бітіргеннен кейін жүзеге асырылады.
5.7. Пәнді қайта оқып-игеру (Retake) үшін тіркеу жалпы тіркеудің белгіленген
мерзімдерінде жүзеге асырылып, бірақ оқу үшін алдын ала төлем жасауды талап етеді,
себебіпәнді қайта оқып-игеру барлық мамандықтар мен оқыту түрлері үшін тек қана ақылы
түрде жүргізіледі.
5.8. Білім алушылардың академиялық топтары аталған пәнге жазылған білім алушылар
санының жеткіліктілігі бойынша құрылады. Міндетті пәндерге тіркелгендердің
бакалавриатта талап етілетін ең аз мөлшері:
▪ дәрістерде – кемінде 40 адам;
▪ тәжірибелік сабақтарда – 20-25 адам;
▪ білім алушылар контингенті аз мамандықтарды санамағанда, тілдік, зертханалық
сабақтарда – артығы 12 адамды құрайды.
Білім алушылардың академиялық топтарының білім алушылар контингенті шағын
мамандықтардың элективті пәндері бойынша білім алушылардың барлығының бір пәнге
жазылу ұстанымы бойынша құрылады. Мұндай жағдайда білім алушылардың жалпы саны
10-12 адамнан артық болмауы тиіс.
Білім алушылар саны бекітілген ең аз мөлшерден кем болған жағдайда пән ашылмайды.
Осы пәнге жазылған білім алушыларға тіркеу аяқталғаннан кейін 3 күннің ішінде бұл туралы
ескертіліп, пәнді қайта таңдаулары сұралады.
Белгілі бір оқу пәніне тіркелген білім алушылардың саны осы пәнге бекітілген ең көп
мөлшерден асып кеткен жағдайда бұл пән бойынша қосымша академиялық топ (ағым)
құрылады.
5.9. Магистратура мен РhD докторантура топтарын құру барысында университет ҚР
Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-нұсқаулық құжаттарын басшылыққа алады.
Академиялық ағымдар білім алушылар контингенті аз мамандықтарды санамағанда
максимал есеппен 20-25 адамнан құрылады.
5.10. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да электрондық оқу-әдістемелік материалдарды (е-
ПОӘК және т.б.) пайдалану арқылы қашықтықтан оқыту технологиялары қолданылады. ҚР
БҒМ нормативтік құжаттары бойынша белгіленген жағдайларда оқу жоспарындағы кейбір
пәндерді қашықтан оқуға болады.
Толығырақ §§7, 8, 13, 14, 18, 19, 34, 35 қараңыз.
Достарыңызбен бөлісу: