Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау



Pdf көрінісі
бет13/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   208
8. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау 
8.1. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бақылаудың келесі түрлері 
мен формалары қарастырылған: 

ағымдағы бақылау

аралық бақылау

қорытынды бақылау

8.2. Ағымдық бақылау - академиялық кезең ішінде, оқытушымен өткізілетін 
аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда білім алушылардың білімін оқу 
бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру. 


17
8.3. Межелік бақылау–бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім 
алушылардың оқу жетістіктерін бақылау. Ол академиялық күнтізбе бойынша өткізіліп, 
ағымдық бақылау нәтижелерінен тұрады. Межелік бақылау қорытындылары «Univer» 
жүйесіндегі тізімдемеге қойылады. Межелік бақылау саны оқу жұмыс жоспарында 
анықталып, пәннің силлабусында көрсетіледі.
8.4. Жартылай семестрлік емтихан (Midterm Examenation) – семестрдің 8-ші аптасында 
өткізілетін білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау. Midterm Examenation 
бойынша үлгерімнің максимал көрсеткіші 100 балды құрайды. Midterm Examenation 
нәтижелері «Univer» жүйесіндегі жеке тізімдемеге енгізіліп, пәннің қорытынды бағасында 
ескеріледі.
8.5. Ағымдағы және аралық бақылауды өткізудің формасын пәннің ерекшелігіне 
байланысты оқытушы белгілейді. Ағымдағы, межелік бақылаулар және жартылай семестрлік 
емтихан коллоквиум немесе компьютерлік тестілеу, жазбаша бақылау жұмысы, білім 
алушылардың пікірсайыстарға, дөңгелек үстелдерге, іскери ойындарға қатысуын бағалау, 
жағдаятты тапсырмаларды шешу және т.б. түрде жүргізіледі. Ағымдағы және межелік 
бақылау формасы туралы толық ақпарат пән бойынша жасалған силлабуста көрсетіліп 
семестрдің алғашқы екі аптасында білім алушылар хабардар етіледі. 
8.6. Ағымдағы бақылаудың қорытындысы ескеріліп, пәннің межелік бақылау бойынша 
үлгерімінің максималды көрсеткіші 100 балды құрайды. Межелік бақылау қорытындысы 
аттестациялау апталығының дүйсенбісінен кешіктірілмей «Univer» жүйесіндегі тізімдемеге 
қойылады. Межелікбақылау аптасында 50 балдан жоғары баға қою ұсынылмайды. 
Бағасын көтеру мақсатында межелік бақылау нәтижесін өзгертуге болмайды.
8.7. Егер білім алушы семестр ішінде межелік бақылаудан дәлелді себептермен 
(ауырғаны туралы құжаты Алматы қаласының студент емханасында куәландырылған және 
т.б.) баға алмаған жағдайда, ол «І» бағасына ие болады. «I» бағасын стандартты бағаға 
өзгерту үшін рұқсат алған білім алушы оқытушымен кездесіп, орындалатын жұмыстың 
көлемі мен түрлерін анықтауға тиіс. 
8.8. Курстық жұмыс (жоба) тапсырмаған білім алушылар пән бойынша емтиханға 
жіберілмейді.
8.9. Қорытынды бақылау – білім алушының оқудағы жетістіктерін пәнді оқып 
болғаннан кейінгі сессия (аралық аттестация) кезінде бақылау. Қорытынды бақылауға 
межелік бақылауларда 50 балдан ((МБ1+МБ2)/2) кем алған білім алушылар жіберілмейді. 
Емтихандағы максималды баға – 100 балл. 
8.10. Сессияның ұзақтығы және емтихандардың саны мамандық бойынша бекітілген 
оқужұмыс жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес анықталады. Емтихан сессиясын 
ұйымдастырып өткізу жауапкершілігі деканға, университеттің АМД, ЖКБИ жәнеТіркеуші 
офиске жүктеледі.
8.11. Білім алушылар барлық емтихандарды пәннің бекітілген оқу бағдарламасы 
бойынша және жеке оқу жоспары мен оқу жұмыс жоспарына сәйкес қатаң тәртіппен 
тапсырулары керек. 
Әр оқу пәні бойынша емтиханның түрі мен тәртібін академиялық кезең басталғаннан 
кейін бір ай мерзімінен кешіктірмей факультеттің Ғылыми кеңесі анықтайды. 
Оқытудың сырттай бөлімі бойынша емтихан сессиялары, олардың мерзімдері мен оқу 
жылындағы саны мамандық бойынша бекітілген оқу жоспарында анықталады.сырттай оқыту 
түрі бойынша білім алушыларды емтиханға жіберу тәртібі күндізгі оқу түріндегідей 
орындалады.
8.12. Соңғы курста жоғарғы білім беру бағдарламаларында көрсетілген көлемдегі оқу 
пәндерін меңгеру деңгейін анықтау мен білім беру қызметінің сапасын бағалау мақсатымен 
оқу жетістіктерін сырттан бақылау жүргізіледі. 
Толығырақ §§7, 8, 13, 14, 37, 39,40,43, 44 қараңыз. 


18


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет