Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет119/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   208
3.
 
Академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру 
 
33. Қысқа мерзімді академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мақсатында шетелдерге 
шығатын білім алушылар шетелге шығару комиссиясына мынадай құжаттарды тапсыру 
қажет: 
-
ректордың атына іссапарға бару туралыөз қолымен жазылған өтініш; 
-
мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге ұтқырлық мақсаты, оқу 
мерзімі көрсетілген және нотариус растағаншақыру көшірмесі; 
-
білім алушының шетелге шығуына рұқсаты туралы факультет ғылыми 
кеңесініңмәжіліс хаттамасынан көшірме; 
-
шақырушы универитет ұсынған тағылымдаманың бағдарламасы; 
-
іссапарға шығушының титул парағымен рәсімделген мемлекеттің, қала мен 
шақырған ЖОО-ның аты, іссапар мерзімі, мақсаты, жоспарлаған жұмыс түрілері көрсетілген 
іссапар жоспары; 
-
шетел тілін меңгеру жөніндегі сертификат: 
1)
магистратураға ––TOEFL сертификаты, алғашқыдеңгей кемінде 437 (жазбаша), 123 
(СВТ), 41 (iBT) немесе IELTS сертификаты, алғашқыдеңгей кемінде 4, немесе білім беру 
қызметі жөніндегі лицензиясы бар тіл орталықтары берген ағылшын тілін кемінде "Upper-
Intermediate" деңгейін меңгергені туралы сертификат, немесе қажет болса, эквивалентті 
деңгейде басқа шетел тілін меңгергені туралы сертификат; 
2)
докторантура PhD – TOEFL сертификаты, алғашқыдеңгей кемінде 477 (жазбаша), 
153 (СВТ), 53 (iBT) немесе IELTS сертификаты, алғашқыдеңгей кемінде 5, немесе білім беру 
қызметі жөніндегі лицензиясы бар тіл орталықтары берген ағылшын тілін кемінде "Upper-
Intermediate" деңгейін меңгергені туралы сертификат, немесе қажет болса, эквивалентті 
деңгейде басқа шетел тілін меңгергені туралы сертификат; 
-
шығындар сметасы. 
34. Қысқа мерзімдік сыртқы ұтқырлықты іске асыру үшін білім алушының өтініші 
келесі ретпен келісіледі: 
- кафедра меңгерушісі; 
- деканның ғылыми инновациялық қызметі және халықаралық ынтымақтастық 
жөніндегі орынбасары; 
- факультет деканы; 


213
- Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институт директоры (магистранттар мен 
докторанттар үшін) немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры 
(бакалавриат үшін); 
- ХЫД халықаралық академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету бөлімі; 
- Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті (бюджеттік бағдарламалар 
есебінен шет елге барушыларға смета құрастыру үшін); 
- қаржы қозғалысын есепке алу және ақылы қызметтер бөлімі(ақылы негізде білім 
алушыларға) немесе еңбекақы төлеу және шәкіртақы бөлімі(мемлекеттік тапсырыс бойынша 
білім алушыларға); 
- ақпараттарды қорғау секторы; 
- ҒИҚД ғылыми кадрларды дайындау және аттесстаттау бөлімі (докторанттарға). 
35. Ұзақ мерзімді сыртқы академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мақсатында 
шетелдерге шығатын білім алушылар шетелге шығару комиссиясына мынадай құжаттарды 
тапсыру қажет: 
- ректордың атына іссапарға бару туралы өз қолымен жазылған өтініш; 
- мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған және ноториусрастаған шақыру көшірмесі 
(шақырудаіссапардың мерзімі, мақсаты және оқылатын пәндердің тізімі көрсетілу керек); 
- жеке оқу жоспары; 
- ағымдағы транскрипт; 
- оқу кестесі (ЖОЖ-ға сәйкес пәндер, яғни қабылдайтын университетте оқылатын және 
ҚБТ бойынша оқылатын пәндерден тұрады); 
- оқу туралыүш жақты келісім; 
- оқу, ғылыми немесе білім алутағылымдамажоспарын міндетті түрде орындау және 
бюджеттік қаржыны мақсатқа сай пайдалану туралы екіжақтыкелісімшарт; 
- ESTC кредиттік технология бойынша білім алушының өтініші (ҚР БҒМ формасы 
бойынша ); 
- білім алушының шетелге шығуына рұқсаты туралы факультет ғылыми 
кеңесініңмәжіліс хаттамасынан көшірме; 
- шетел тілін меңгеру жөніндегі сертификат: 
1)
бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша ––TOEFL сертификаты, 
алғашқыдеңгей кемінде 437 (жазбаша), 123 (СВТ), 41 (iBT) немесе IELTS сертификаты, 
алғашқыдеңгей кемінде 4, немесе білім беру қызметі жөніндегі лицензиясы бар тіл 
орталықтары берген ағылшын тілін кемінде "Upper-Intermediate" деңгейін меңгергені туралы 
сертификат, немесе қажет болса, эквивалентті деңгейде басқа шетел тілін меңгергені туралы 
сертификат; 
2)
PhD докторантурасы – TOEFL сертификаты, алғашқыдеңгей кемінде 477 
(жазбаша), 153 (СВТ), 53 (iBT) немесе IELTS сертификаты, алғашқыдеңгей кемінде 5, немесе 
білім беру қызметі жөніндегі лицензиясы бар тіл орталықтары берген ағылшын тілін кемінде 
"Upper-Intermediate" деңгейін меңгергені туралы сертификат, немесе қажет болса, 
эквивалентті деңгейде басқа шетел тілін меңгергені туралы сертификат; 
1)
шығындар сметасы; 
-
бекітілген үлгідегі шетелге шығу үшін ОҚКБ-ның медициналық анықтамасы (№ 
082 форма, 23.11.2010 ж. № 907 бұйрық). 
36. Ұзақ мерзімдік сыртқы ұтқырлықты іске асыру үшін білім алушының өтініші келесі 
ретпен келісіледі: 
- кафедра меңгерушісі; 
- деканның ғылыми инновациялық қызметі және халықаралық ынтымақтастық 
жөніндегі орынбасары; 
- факультет деканы; 
- Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институт директоры (магистранттар мен 
докторанттар үшін) немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры 
(бакалавриат үшін); 


214
- ХЫД халықаралық академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету бөлімі; 
- Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті (бюджеттік бағдарламалар 
есебінен шет елге барушыларға смета құрастыру үшін); 
- қаржы қозғалысын есепке алу және ақылы қызметтер бөлімі (ақылы негізде білім 
алушыларға) немесе еңбекақы төлеу және шәкіртақы бөлімі (мемлекеттік тапсырыс бойынша 
білім алушыларға); 
- ақпараттарды қорғау секторы; 
- ҒИҚД ғылыми кадрларды дайындау және аттесстаттау бөлімі (докторанттарға). 
37. Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша шетелге кететін білім алушылардың 
барлық құжаттары халықаралық академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету бөліміне 
комиссия отырысынан 15 күн бұрын кешіктірілмей жіберілуі тиіс. Комиссия қорытындысы 
отырыстан кейін сол күні жарияланады. 
38. Шетелге шығару жөніндегі комиссия отырысының шешімі негізінде Студент офисі 
(бакалавриат студенттері мен магистранттар үшін) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім 
беру институты (PhD докторанттары үшін) ҚазҰУ-да ҚБТ қолдануымен шетелдік іссапар 
туралы бұйрық жасайды. Кеңсе іссапар туралыбұйрық көшірмесін реестр бойыншапроцесс 
қатысушыларынатапсырады. 
39. Білім алушылар қабылдаушы жоғары оқу орнының ережелеріне сәйкес қабылдану 
үшін әкімшілік процедуралардан өтеді.
40. Қысқа және ұзақ мерзімді сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша іссапардан 
оралған білім алушылар келесі құжаттарды тапсыру керек: 
- шетелдік іссапардан оралуына байланысты қайта қабылдау туралы ректордың атына 
өтініш (өз қолымен жазылады); 
- қайтып келген студент,магистрант немесеPhD докторантты университеттің білім 
алушылар құрамына кіргізу туралы факультеттің өтініші; 
- оқу жұмысы жөніндегі проректордың атына кредиттерді қайта есептеу үшін (ұзақ 
мерзімді сыртқы академиялық ұтқырлық үшін)оқу іссапары мерзімінде игерілген пәндер мен 
алынған кредиттеркөрсетілген факультеттің ұсынысы; қосымшада есепті талқылау 
нәтижелері бойынша кафедра/факультеттің ғылыми кеңесінің қосымша қорытындысы болу 
керек; 
- оқуды бітіру туралы сертификат пен оның нотариус бекіткен мемлекеттік немесе орыс 
тіліндегі аудармасы және қабылдаушы жоғары оқу орнының түпнұсқалық транскрипті; 
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі 
№152 бұйрығымен бекітілгеноқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін 
ұйымдастырудың қағидаларына сәйкес формадағы игерілген пәндер мен кредиттер саны 
көрсетілген транскрипт пен оның нотариус растаған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі 
аудармасы; 
- қабылдаушы университет басшылары мен оқытушылары қол қойған, мөртаңбамен 
расталған шетелдік жоғары оқу орынында оқылған пәндер силлабустары; 
- білім алушының ғылыми жетекшісі/ғылыми кеңесшісі және түлек шығарушы кафедра 
меңгерушісі қол қойған білім алушының шетелдік іссапары бойынша есебі. 
41. 
Білім алушының шетелдік іссапардан оралуы туралы өтініші келесі 
ретпенкелісіледі: 
-
кафедра меңгерушісі; 
-
деканның ғылыми инновациялық қызметі және халықаралық ынтымақтастық 
жөніндегі орынбасары; 
-
факультет деканы; 
-
қаржы қозғалысын есепке алу және ақылы қызметтер бөлімі (қаржылық есеп 
тапсырылғанын растау үшін); 
-
еңбекақы төлеу және шәкіртақы бөлімі (мемлекеттік тапсырыс бойынша білім 
алушыларға); 
-
қашықтықтан оқыту орталығы; 


215
-
оқу-әдістемелік басқармасы (тек кредиттерді қайта есептеу ұсынысын қарастырып 
бекітеді); 
-
академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры (бакалавриат үшін) немесе 
жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты (магистранттар мен докторанттар үшін). 
42. Білім алушылар, ПОҚ және қызметкерлер іссапардан оралысымен 5 (бес)жұмыс 
күннің ішінде Қаржы қозғалысын есепке алу және ақылы қызметтер бөліміне жұмсалған 
қаржы туралы аванс есебін өткізу керек; сонымен қатар кафедрада/факультетте 
талқыланғаннан кейін іссапар туралы есебін ХЫД академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету 
бөліміне (университет білім алушылары, ПОҚ, қызметкерлері) және Жоғары орнынан кейінгі 
білім беру институтына (магистранттар мен докторанттар) тапсыру керек.
43. Ғылыми тағылымдама мен біліктілікті арттыру мақсатымен шетелге шыққан 
тұлғалар үшін қабылдаушы ЖОО-дағы тағылымдама жетекшісінің ұсыныс хаты немесе 
пікірі, курстарды бітіру жөніндегі сертификат негізгі растайтын құжат болып табылады.
Магистранттар мен докторанттар растайтын құжаттардың нотариалды түрде тіркелген 
аудармасымен бірге есептің бір нұсқасын Жоғары орнынан кейінгі білім беру 
институтынатапсырады. 
44. Академиялық ұтқырлық бағдарламасын аяқтаған білім алушы келесі академиялық 
кезеңнің басталуынан10 күн бұрын кешікпей ҚазҰУ-ға қайта қабылдану керек. 
45. Кредиттер мен бағаларды қайта есепке алу үшін әр игерген пән (әр практиканың 
түрі) бойынша тағайындалған ECTS кредиттерінің саны Қазақстан Республикасының 
кредиттеріне қайта есептегенде ҚазҰУ-дың оқу жұмыс жоспарларындағы кредиттер санына 
сәйкес келу керек. Керісінше жағдайда, пән (практика) академиялық қарыз ретінде есептеліп, 
білім алушы оны қосымша семестрде ақылы түрде игереді.
46. ҚБТ бойынша кредиттер мен бағаларды қайта есепке алу үшін алынған бағалар 
ұсыныс арқылы тіркеуші кеңсеге беріледі және қорытынды бақылауға жіберу рұқсаты 
рәсімделіп емтихан тізімдемесі жасалады. 
47. Академиялық қарыздары мен айырмашылықтардыбілім алушылар қосымша 
семестрде ақылы түрде жою керек.
48. Шетел азаматтарды ҚазҰУ-ға қабылдануы қысқа және ұзақ мерзімдікіріс 
академиялық ұтқырлық бағдарламалар бойынша жүзеге асады. 
49. Қысқа мерзімді академиялық ұтқырлық бойынша ҚазҰУ-да оқу үшін шетелдік 
білім алушылар Халықаралық ынтымақтастық департаментінің академиялық ұтқырлықты 
қамтамасыз ету бөліміне келесі құжаттарды тапсырады: 
- бекітілген форма бойынша білім алушының өтініші; 
- оқу орнынан анықтама; 
- білімі жайында ағымдағы транскрипт; 
- төлқұжатының нотариус растаған көшірмесі; 
- уәждемелік хат; 
- жіберуші университеттің ұсыныс хаты; 
- тағылымдама жоспары. 
50. Қабылданған құжаттардың негізінде ХЫД халықаралық академиялық ұтқырлықты 
қамтамасыз ету бөлімі факультетпен бірлесе отырып тағылымдамажоспары мен мақсатының 
сәйкестігі бойынша құжаттарды қарастырады. Қарастыру оң нәтижелі болған жағдайда ХЫД 
халықаралық академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету бөліміресми шақыру және 
қажеттілігіне қарай визалық қолдау жібереді. Шетелдік білім алушының сәйкес 
факультеттетағылымдамадан өтуі туралы бұйрықты ХЫД халықаралық академиялық 
ұтқырлықты қамтамасыз ету бөлімі рәсімдейді. 
51. 
Қысқа 
мерзімді 
академиялық 
ұтқырлықтың 
іске 
асуына 
кафедра 
меңгерушісіжауапты, ол жеке оқу жоспарының орындалуын қадағалап,академиялық 
ұтқырлықбағдарламасын жүзеге асу барысы туралы ХЫД халықаралық ұтқырлықты 
қамтамасыз ету бөлімін хабардар етіп отырады. 


216
52. Тағылымдама мерзімі аяқталғаннан кейін шетелдік білім алушыларға сертификат 
беріледі. Сертификатты ХЫД халықаралық ұтқырлықты қамтамасыз ету бөлімі әзірлейді. 
53. Шетелдік азаматтар ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға 
міндетті түрде кемінде екінші оқу жылынауниверситетаралық келісім,үшжақты келісім 
негізінде қабылданады;
54. Ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға қабылдану үшін шетелдік 
білім алушылар ХЫД халықаралық ұтқырлықты қамтамасыз ету бөліміне академиялық 
мерзім басталуынан 30 күн бұрын электрондық почта,факс арқылы немесе өзі мынадай 
құжаттарды тапсыруы тиіс: 
-бекітілген форма бойынша білім алушының өтініші; 
- оқу орнынан анықтама; 
- білімі жайында ағымдағы транскрипт; 
- төлқұжатының нотариус растаған көшірмесі; 
- уәждемелік хат; 
- жіберуші университеттің ұсыныс хаты. 
55. Қабылданған құжаттардың негізінде ХЫД халықаралық академиялық ұтқырлықты 
қамтамасыз ету бөлімі Академиялық мәселелер жөніндегі департаментпен және 
факультетпен бірлесе отырып құжаттарды ҚазҰУ-да оқылатын пәндердің сәйкестігі 
бойынша қарастырады. Қарастыру оң нәтижелі болған жағдайда жіберуші және қабылдаушы 
жоғары оқу орындарының координаторлары оқу жөнінде үш жақты келісімге отырып, 
қабылдаушы факультет жеке оқу жоспарын рәсімдейді.
56. Жоғарыда аталған құжаттар негізінде ХЫД халықаралық ұтқырлықты қамтамасыз 
ету бөлімі сәйкес оқу курсына қабылдану туралы бұйрық шығарады.Бұйрық шыққан соң 
тіркеуші кеңсесі шетелдік білім алушыны туралы мәліметтерді «Универ» жүйесіне 
енгізіп,пәндерге тіркеу жүргізеді. 
57. Шетелдік білім алушының академиялық жетекшісі (эдвайзері) болып деканның 
ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары 
тағайындалады. Ол жеке оқу жоспарының орындалуын қадағалап, академиялық ұтқырлық 
бағдарламасын жүзеге асу барысы туралы ХЫД халықаралық ұтқырлықты қамтамасыз ету 
бөлімін хабардар етіп отырады. 
58. Оқу мерзімі аяқталған соң тіркеуші кеңсесі шетелдік білім алушыларға меңгерген 
оқу бағдарламалары, кредиттері мен алған бағасы көрсетілген транскрипт береді.
59. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша ҚазҰУ-ға қабылданған білім 
алушылар Қазақстан Республикасының «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 
Заңына,«Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-
ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібіне»,сонымен қатар ҚазҰУ-дың ішкі 
тәртіптеріне бағынуы тиіс. 
60. Зерттеулер жүргізу, тағылымдамадан өту, біліктілікті арттыру және халықаралық 
конференциялар/симпозиумдарға қатысу мақсатымен шетелдік іссапарға шығатын 
профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлер шетелге шығару комиссиясында 
қарастыру үшін ХЫД халықаралық ұтқырлықты қамтамасыз ету бөліміне келесі құжаттарды 
тапсыруы тиіс: 
-өз қолымен жазылған ректор атына өтініш; 
- шақырудың көшірмесі; 
- шетелдік іссапар кезінде сабақ алмастыру туралы факультеттің ұсынысы (ПОҚ үшін); 
- ғылыми-зерттеу институтының ұсынысы (ғылыми жобалар есебінен қаржыландырған 
жағдайда). 
61. Шетелдік іссапарға шығатын профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлер 
өтінішінің келісілуреті:
- кафедра меңгерушісі; 
- деканның ғылыми-инновациялық қызметі және халықаралық ынтымақтастық 
жөніндегі орынбасары; 


217
- факультет деканы; 
- ақпаратты қорғау секторы; 
- оқу-әдістемелік басқармасы (сабақты ауыстыруға байланысты ұсынысқа қол 
қойылады); 
-Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры; 
-жоба жетекшісі (ғылыми жобалар есебінен қаржыландырған жағдайда); 
- ҒЗИ бас бухгалтері (ғылыми жобалар есебінен қаржыландырған жағдайда); 
- ҒЗИ директорын (ғылыми жобалар есебінен қаржыландырған жағдайда); 
- ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор (ғылыми жобалар есебінен 
қаржыландырған жағдайда). 
62. УниверситеттіңПОҚ және қызметкерлері жоғарыда айтылған барлық құжаттарды 
ХЫД халықаралық академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету бөліміне шетелге шығару 
бойынша комиссияның отырысынан 15 күн бұрын кешіктірмей тапсыру керек.
63. Шетелге шығару бойынша комиссия отырысының шешімі негізінде персоналды 
басқару бөлімі университеттің ПОҚ және қызметкерлері үшін іссапартуралы бұйрық 
шығарады.Кеңсе іссапар туралы бұйрық көшірмесін реестр бойынша процесс 
қатысушыларына тапсырады. 
64. Іссапар кезінде қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Іссапар мерзімі 
бір айдан аспаған жағдайда еңбек жалақысы толық көлемде сақталады. Егер іссапар мерзімі 
бір айдан асатын болса, қызметкердің жалақысы сақталмайды және университет әкімшілігі 
іссапар мерзімі аяқталғанға дейін келісімшарт негізінде іссапарға кеткен қызметкер орнына 
басқа жұмысшы алуға құқығы бар. 
65. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерімен шетелдік білім мекемесі (шетелдік 
серіктес) арасындағы жеке келісімшарт негізінде немесе жеке шақырту бойынша іссапарға 
шығатын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қызметкерлері үшін еңбек жалақысы 
сақталмайды. 
66. Бір жылдан астам уақытқа шетелге кету жағдайында жұмыс орны сақталмайды. 
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық степендиясының иегерлері 
үшін бұл ереже орындалмайды. 
67. Білім алушылар, ПОҚ және қызметкерлер іссапардан оралысымен 5 (бес) жұмыс 
күннің ішінде жұмсалған қаржы туралы аванс есебін өткізу керек. 
68.Шетелдік іссапардан оралған қызметкерлер бекітілген формадағы іссапардың 
қорытындылары бойынша есебін ХЫД академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету бөліміне 
тапсыру керек. 
69. Ішкі кіріс ұтқырлықуниверситетаралық келісімдер негізінде жүзеге асырылады. 
70. Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті оқу-әдістемелік басқармасы (АМД 
ОӘБ) білім алушылардың өтініштері негізінде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым 
министрлігімен келісе отырып, басқа университетпен ынтымақтастық туралы келісім шартқа 
отырады (өтініштер бағдарламаның басталуынан 3 ай бұрын уақытта қарастырылады).
71. Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті оқу-әдістемелік басқармасы 
жіберуші университеттердің координаторларыменәл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағыжеке оқу 
жоспарларын келістіру жәнеоқудың төлемақысы мен тұрмысына қатысты мәселелер 
бойынша жұмыстарды үйлестіреді.
72. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқу 
үшін білім алушы келесі құжаттарды тапсыру керек:
- университет ректорының атына тапсырыс хат; 
-білім алушының өтініші; 
- жіберіп отырған университеттің визалары мен мөрі бар үшжақты келісім; 
- білім алушының жеке оқу жоспары;
- жіберіп отырған университеттің ұсыныс хаты; 
- жеке куәлігі. 


218
73. Университетке келген соң білім алушы экономика және бюджетті жоспарлау 
департаментінде оқу ақысын төлеу үшін құжаттамаларды рәсімдейді.
74. Оқу ақысы төленген соң ректордың бұйрығымен білім алушы әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ білім алушыларының қатарына тіркеледі. 
75. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры қол қойған үшжақты келісімің бір данасы, 
қабылдау туралы бұйрықтың, оқу төлем ақысы түбіртегінің көшірмесі білім алушыны 
жіберіп отырған ЖОО-ға жіберіледі.
76. Ректордың бұйрығы мен деканның өкімі негізінде тіркеуші кеңсе білім алушы 
туралы мәліметтерді «Универ» жүйесіне енгізіп, оны жеке оқу жоспары бойынша пәндерге 
тіркейді. 
77. Деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысыжөніндегі орынбасары ішкі 
ұтқырлықтың факультеттегі координаторы болып табылады және: 
- кафедра басқарушысымен бірлесе отырып кредиттері көрсетілген пәндердің тізімін 
анықтайды;
- білім алушы келгеннен кейін 3 күннің ішінде оның жатақханаға орналасуын, оқу 
ғимараттарына, жатақханаға, кітапханаға кіріп-шығуын қамтамасыз ететін уақытша 
рұқсатнаманы рәсімдеуін, куратор-эдвайзерді тағайындауын ұйымдастырады; 

куратор-эдвайзермен бірге жіберушіуниверситеттіңресми өкілдерімен білім 
алушының үлгерімі, тұрмыстық жағдайы және жеке оқу жоспарының орындалуы туралы 
үнемі хат алысып тұруды ұйымдастырады; 
- факультеттегі академиялық ұтқырлықтың жүзеге асырылуы бойынша Академиялық 
мәселелер жөніндегі департаменттің оқу-әдістемелік басқармасына ай сайын есеп беріп 
отырады;
- Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің оқу-әдістемелік басқармасын білім 
алушының жеке оқу жоспарындағы өзгерістер туралы уақытылы хабардар етеді.
78. Куратор-эдвайзеркелген білім алушыға университеттің Академиялық саясатын 
түсіндіреді, білім алушының жеке оқу жоспарының орындалуын және тұрмыстық жағдайын 
қадағалап отырады. 
79. Академиялық мерзім және емтихан сессиясы аяқталғаннан кейін тіркеуші кеңсе 
куратор-эдвайзерге және факультет деканына қол қойып бекіту үшін транскриптбереді, оны 
тіркеп сертификат рәсімдеу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің оқу-
әдістемелік басқармасына өткізеді. 
Шақырылған білім алушы деканатқа барлық визалар көрсетілген және мөр басылған 
тексеру парақшасын табыс еткен соң транскриптісі мен сертификатын алады. 
80. Оқу жылының қорытындысы бойынша 1-ші шілдеге дейін университеттің ішкі және 
сыртқы 
академиялық 
ұтқырлық 
бағдарламаларының 
кординаторлары 
Қазақстан 
Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан 
кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаментіне академиялық ұтқырлық 
бағдарламалары бойынша оқығанбілім алушылар туралы ақпарат береді. 
81.Құжаттар осы құжаттың 1-5 Қосымшасы және Оқытудың кредиттік технологиясы 
бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың қағидаларының(Академиялық саясаттың 7-
параграфы) 1-8 Қосымшасына сәйкес рәсімделеді. 


219
1Қосымша
[Өтініш үлгісі] 
Әл -Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректорына 
_____________________________________(ТАӘ) 
______________________________факультетінің 
_________________курс студенті (магистранты) 
_____________________________________(ТАӘ) 
Өтініш 
Маған 201_-201_ оқу жылы __ семестрінде, ______________________(елі, қаласы) 
_____________________ университетінде міндетті түрде кредиттерді есептеумен, ҚБТ 
қолданумен (ҚБТ арқылы оқу үшін) және шәкіртақының сақталуымен (мемлекеттік грантта 
оқыған жағдайда) академиялық ұтқырлықты бойынша 201_ж. __________(айы, күні) 201_ж. 
__________(айы, күні) дейін білім алу іссапарына барып келуге сұраймын.
Шығын төлемдері (республикалық бюджет,ұлттық компания гранттары, халықаралық 
қорлар, қабылдаушы жақтың, меншікті) қаражат есебінен төленеді. 
Студент(магистрант) _______________________ ТАӘ 
(қолы,күні) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет