Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет189/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   208
2.
 
Емтихандарды ұйымдастыру және өткізу 
 
12.
Емтихандар жазбаша, тесттік немесе аралас түрінде өткізіледі.
13.
Әрбір оқу пәніне сәйкес емтиханды өткізу түрі мен тәртібі факультеттің ғылыми 
кеңесінде академиялық мерзім басталғаннан кейін бір ай ішінде бекітіледі.
14.
Емтиханға аралық бақылау нәтижелерінде алған бағасына сәйкес (1-АБ, 2-АБ 
орташа арифметикалық бағасы) 50 балдан кем болмаса (кеңсе-тіркеуші), оқу ақысын төлеуде 
қарызы жоқ және академиялық демалыста немесе ұзақ уақыт емделуде болмаған жағдайда 
(деканның өкімімен) жіберіледі. Курстық жұмысты орындамаған студенттер сәйкес пәннен 
емтихан тапсыруға жіберілмейді. 
15.
Емтихандар өтетін аудиториялар мен дәрісханаларда, сонымен қатар шифрлеу, 
дешифрлеу және емтихан жұмыстарын тексеру бөлмелерінде дыбыс жазатын жоғары 
анықтығы бар бейнекамералар орнатылады. Бейнекамераға түсірілген материал емтихан 
өткенен кейін 6 ай ішінде Ақпараттық технологиялар мен инновациялық даму институтында 
сақталады.
16.
Факультет деканаты аудиторияларды емтиханға дайындайды: бейне аппратураның 
жұмысын тексеру, отырғызу орындарын нөмірлеу, тазалықты қамтамасыз ету және т.б.
17.
Кеңсе-тіркеуші келу парақтары мен емтихан тізімдемесін «Универ» жүйесінде 
құрастырады. 
18.
Деканат мамандары емтиханның алдында 1 күн бұрын келу парағы мен пән 
бойынша емтихан билеттерін басып шығарады, конвертке салып жапсырады және олардың 
уақытылы дайын болуына жауапты. 
19.
Емтиханда осы пән бойынша сабақ бермейтін оқытушылар кезекшілік атқарады.
20.
Деканат білім алушылар мен кезекші оқытушылардың қойылған кестеге сәйкес 
келуін қамтамасыз етеді. 
21.
Емтихан басталуынан 15 минут бұрын кезекші оқытушы білім алушыларға 
отырғызу орындарының нөмірлері көрсетілген келу парағына қолдарын қойғызып, 
орындарына отырғызады. 
22.
Кезекші оқытушы емтиханға келіп отырған білім алушының жеке басын 
куәландыру мақсатымен сәйкес құжаттар (жеке куәлік немесе сынақ кітапшасы) бойынша 
тексеріс жүргізеді. Егер емтихан тапсыруға өзге тұлға келген болса, кезекші оқытушы 
Ережені бұзылғаны туралы акт толтырады. 
23.
Емтиханға кешігіп келгендер кіргізілмейді. 
24.
Емтихан кезінде кезекші оқытушы бекітілген нұсқаулыққа сәйкес студенттердің 
тәртібін қадағалайды. 
25.
Емтихан уақыты (2 астрономиялық сағат) аяқталғанда кезекші емтихан 
жұмыстарын жинап, кеңсе-тіркеушіге шифрлеу үшін береді. 
26.
Емтихан кезінде шпаргалка, ұялы телефон, сөздік, калькулятор қолдануға, бір-
бірімен сөйлесуге және т.б. тыйым салынады. Осы ереже орындалмаған жағдайда білім 
алушы емтиханнан шығарылып, сәйкесінше акт толтырылады және пәнге «Ғ» 
(қанағаттанарлықсыз) бағасы қойылады.
27.
Емтихан ережелерін қайталап бұзған білім алушы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 
Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес Этика жөніндегі факультет кеңесінің шешімі бойынша 
университеттен шығарылуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет