Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет188/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   208
 
 


316
§40 
 
ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ (ЕМТИХАН СЕССИЯСЫН) ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ 
 
1.
 
Әдістемелік қамтамасыздандыру 
 
1.
Пән бойынша емтихан сұрақтарының жалпы саны – 50-ден кем емес. 
2.
Емтихан билеттеріндегі сұрақтардың жалпы саны – 3-5. Билеттегі сұрақтардың 
санын анықтауда әрбір сұрақтың емтихан уақытына (2 астрономиялық сағатқа)сәйкестігін 
алдымен есепке алуы тиіс. 
3.
Емтихан билетінің сұрақтары білім алушының оған жауап берер кезде осы уақытқа 
дейін оқыған білімін қорытындылап, сұраққа жауап бере алатындай құрастырылуы тиіс.
4.
Сұрақтар оқу барысының маңызды күтілетін нәтижелерінің шектеулі санын 
анықтауға бағытталуы тиіс. 
5.
Емтихан сұрақтарын құрастыру кезінде мынадай жағдайларды ескеру керек: 
сенімділік (білім алушының сұрақтарға жауап беруі оқу нәтижелерінің деңгейін бағалауды 
қалыптастыруға мүмкіндік береді) және нақтылық (валидтілік) (білім алушының сұраққа 
жауап беруі бағалау мүмкіндігіне сәйкес сол нәтижені қорытындылауға мүмкіндік береді). 
6.
Әрбір емтихан билетіндегі сұрақтар теориялық білімнің деңгейі мен жүйелігін, оны 
қолданып, сыни бағалау және қорытындылай алатындығын («теориялық»), сонымен қатар 
алған білімдерін тәжірибелік тапсырмаларды («тәжірибелік») шешу жолында дұрыс 
қолдануы сияқты жағдайларды ескеру қажет. 
7.
Теориялық және тәжірибелік сұрақтардың күрделілік деңгейі құзіреттердің 
қалыптасуына және оқытудың деңгейіне байланысты. 
8.
Емтихан билеттеріне кірген сұрақтардың әрбір тобы(теориялық, тәжірибелік) үшін 
лектор жауапты бағалау шкаласын құрастырып, онда оқудың күтілетін нәтижелерін меңгеру 
деңгейіне сәйкес әр жауаптың негізгі сипаттамаларын көрсетеді. Пән бойынша жауаптарды 
бағалау шкаласын лектор «Универ» жүйесіндегі оқу-әдістемелік кешеніннің«Емтихан 
сұрақтары» бөліміне емтиханның алдында 3 күн бұрын енгізіп, әріптестерінің –емтихан 
комиссия мүшелерінің пайдалануына рұқсат беру керек. 
9.
Емтихан сұрақтарын құрастырудың ұсыныстары: 
-
емтихан сұрақтары білім алушыны бір жағынан шатастыратындай, ал басқа 
жағынан соншалықты қарапайым, яғни дұрыс жауабын бірден таба алатындай болмауы тиіс; 
-
емтихан сұрақтарын құрастыру кезінде қойылып отырған сұрақ қандай білім 
деңгейін көрестетінінескерген жөнжәне білім алушы сұраққа жауап беру үшін белгілі 
ақпаратты тек еске түсірмей ғана, оны талдап жауап беретіндей сұрақтар жасау керек.
-
магистратура және докторантура білім алушылары үшін емтихан сұрақтары 
жоғары деңгейдегі білім мендағдыларын; пәнаралық және салааралықбайланыстарды орнату 
қабілеттілігін; жеткіліксіз немесе жаңа ақпарат жағдайында шешім таба білу қабілетін
қолданыстағы білім мен әдістердісыни бағалау қабілетін; сондай-ақ белгілі бір пән 
саласындағы мәселені және перспективті бағыттарды анықтау қабілетін бағалау бағытында 
құрастырылуы керек. 
10.
Емтихан сұрақтарын лектор «Универ» жүйесіне билеттегі сұрақ санына сәйкес 
блоктар бойынша енгізіп, кафедра меңгерушісі мен факультеттің әдістемелік бюро төрағасы 
(төрайымы) тексеріп бекітеді. 
11.
Факультеттің әдістемелік бюросы емтихан сессиясының пәндері бойынша емтихан 
сұрақтарының сараптамалық Актысын құрастырып факультеттің әдістемелік бюро 
отырысының хаттама көшірмесіменбірге Академиялық мәселелер жөніндегі ОӘБ әдістемелік 
бөлімі мен ЖОО-нан кейінгі білім беру Институтына тапсырады. 


317


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет