Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет25/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   208
§4 
 
«БІЛІМ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫНАН КӨШІРМЕ 
 
2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III ЗРК 
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 
17-1) білім беру ұйымының ерекше мәртебесі – оқуға қабылдаудың тәртібін дербес 
анықтауға, өз бетінше әзірленген білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыруға, оқу, 
ғылыми және әдістемелік қызмет саласында өзінің нормалары мен нормативтерін 
пайдалануға, білім туралы өз үлгісіндегі құжаттарды беруге мүмкіндік жасайтын жұмыс 
істеудің ерекше режимі; 
56-1) ұлттық жоғары оқу орны – елдің жетекші ғылыми және әдістемелік орталығы 
болып табылатын, ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны; 
43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті
4. Ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымы білім беру қызметтерін көрсету шартының 
нысанын өз бетінше бекітеді. 
5. Ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымдары білім беру қызметін өз бетінше әзірлеген 
білім беретін оқу бағдарламалары, білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық 
құрамның арақатынасы, оқу жүктемесінің нормалары, еңбекақы төлеу нысандары мен 
мөлшерінің негізінде жүзеге асырады.
 
§5 
 
ТИІСТІ ҮЛГІДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЛГІЛІК 
ҚАҒИДАЛАРЫ 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2013 жылғы 17 мамырдағы 
№499 қаулысымен бекітілген 
(ҚР Үкіметінің 2014.12.19 № 1332 
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) 
 
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік 
қағидалары 
1.
 
Жалпы ережелер 
 
1. Осы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің 
үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі 
Қазақстан РеспубликасыныңЗаңына (бұдан әрі - «Білім туралы» Заң) сәйкес меншік нысаны 
мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының жоғары және 
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды. 
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жоғары оқу орындарының мынадай 
түрлерінде: ұлттық зерттеу, зерттеу университеттерінде, ұлттық жоғары оқу орындарында
университеттерде, академияларда беріледі. 
Жоғары оқу орындарын жіктеу критерийлерін білім саласындағы уәкілетті 
органбекітеді. 


33
3. Жоғары оқу орындарының негізгі міндеті – ұлттық және жалпы адами құндылықтар, 
ғылыми және практикалық жетістіктер негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына 
бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін қажетті жағдайларды жасау арқылы 
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау. 
4. 
Жоғары оқу 
орны (бұдан 
әрі 
– 
ЖОО) өз 
қызметін 
Қазақстан 
РеспубликасыныңКонституциясына, білім беру және ғылым қызметін регламенттейтін 
«Білім туралы», «Ғылым туралы» Заңдарына, сондай-ақ осы Қағидалар мен оның негізінде 
әзірленген ЖОО жарғысына сәйкес жүзеге асырады. 
4-1. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, жоғары 
және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес 
берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады. 
4-2. Лицензиялау рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және 
рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, 
электрондық нысанда жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет