151
28. Магистратура мен докторантурада кәсіби оқу бағдарламаларымен білім
алушылардың қорытынды аттестациялары академиялық күнтізбемен және оқу жоспарымен
бекітілген мерзімде кешенді емтихан түрінде және диплом қорғау арқылы өткізіледі.
29. Мамандық бойынша кешенді емтихан тапсыру – білімгердің оқу дәрежесін
анықтаудың мемлекеттік бақылау формасы, ол білімгерлердің алған білімін, мамндық
бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сай немесе сай емес екенін анықтайды.
30. Магистрлік және докторлық диссертацияны қорғау – мемлекеттік бақылау
формасы, магистранттар мен докторанттардың квалификациялы бітіру жұмыстары.
Диссертациялық жұмыс терең білімнің нәтижесі, теориялық ойлаудың қалыптасқан
дәрежесі, жиналған ақпараттың көрінісі болып табылады. Ізденушінің зерттеу жұмысы
белгілі сынақтардан өту арқылы бағаланады: ғылыми эрудиция, кәсібилік, ғылыми
жұмыстың теориялық және қосымша мағынасы.
31. Магистрлердің дайындығы бойынша оқу барысының аяқталуының басты
критерилері магистранттардың меңгеруі болып табылады:
- Ғылыми және педагогикалық дайындық негізінде – 48 кредиттен төмен болмауы
керек, оның кем дегенде 30 кредиті теориялық білім, 5 кредиті практика, 7 кредиті ғылыми-
зерттеу жұмысы болуы керек;
- Профильді дайындық негізінде – 26 кредиттен (1 жылдық оқу мерзімі) және 38
кредиттен (1,5 жылдық оқу мерзімі) төмен болмауы керек, оның сәйкесінше 18 не 28 кредиті
теориялық білім, 2 не 3 кредиті практика, 2 не 3 кредиті тәжірибе-зерттеу жұмысы болуы
керек;
32. Философия докторы (PhD) немесе профиль бойынша доктор даярлау бойынша
білім беру процесінің аяқталуының басты критерилері кем дегенде 60 кредитті меңгеруі
болып табылады, оның кем дегенде 30 кредиті теориялық білім, сондай-ақ 6 кредиті
практика болуы керек.
33.Магистратураның кәсіби оқу бағдарламасын меңгерудің нормативті ұзақтығы 1-1,5
жылды құрайды, дайындықтың ғылыми-педагогикалық бағыты – 2 жыл. Докторантураның
кәсіби оқу бағдарламасын меңгерудің нормативті ұзақтығы – 3 жыл. Магистрдің, философия
докторы (PhD) немесе профиль бойынша докторың академиялық кезеңге өтуі кезінде, және
білім алу бағдарламасының оқу мен ғылыми компоненттерін тез меңгерген жағдайда,
мамандық бойынша кешенді емтиханды сәтті тапсырған жағдайда және магистрдің
академиялық деңгейде немесе докторанттың ғылыми деңгейде ізденуі нәтижесінде
диссертация қорғаған жағдайда уақытынан бұрын бітіруіне болады.
Достарыңызбен бөлісу: