Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


Магистранттар мен докторанттарға ғылыми жетекші/ғылыми кеңесші



Pdf көрінісі
бет77/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   208
 
3.2. Магистранттар мен докторанттарға ғылыми жетекші/ғылыми кеңесші 
тағайындау
40. ЖОО кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын меңгеру ғылыми жетекші/ғылыми 
кеңесшілердің басшылығымен жүзеге асады, онымен қоса жұмыс жоспарымен же жүзеге 
асады. 
41. Магистратурада (магистрант) білім алушының ғылыми жетекшісі докторлық 
дәржеге, ғылым кандидаты немесе профиль бойынша PhD доктор дәрежелеріне ие болуы 
тиіс, осы саладағы ғылыми зерттеулермен белсенді айналысып, ғылыми-педагогикалық 
жұмыс өтілі кем дегенде 3 жыл болуы керек, отандық және шетел басылымдарында, 
халықаралық конференция еңбектерінде, мамандық бойынша дайындық оқу құралдарында 
еңбектері жариялануы керек.
42. Докторантурада (докторант) білім алушының ғылыми жетекшісі кем дегенде 2 
адамнан құрылған арнайы кеңесші комиссиядан тұрады (отандық және шетел ғылыми 
кеңесшілері), олар «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD-докторанттарының отандық 
кеңесшілерге квалификациялық талаптары» Регламентіне сай келуі керек. Отандық ғылыми 
кеңесші әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тұрақты қызметкері болуы тиіс, шетелдік – 
алдыңғы қатарлы ғалым, шетел жоо-ның жәнеғылыми орталықтың тұрақты қызметкері 
болуы керек.
43. Білімгерлерге қажет болған жағдайда ғылымның басқа саласынан да кеңесші 
тағайындала береді. 
44. Білімгердің ғылыми жетекшісінің/ғылыми кеңесшісінің соңғы бес жылда шетел 
және отандық ғылыми баспаларда кем дегенде 3 ғылыми мақаласы жарық көруі керек. 


153
45. Магистратура/докторантурада білім алушыларың ғылыми жетекшісі/ғылыми 
кеңесшісі магистран/докторанттың жеке оқу жұмысын жасауға және нақтылауға қатысады, 
олардың оқу және ғылыми-зерттеу/тәжірибе-зерттеу жұмыстарына бағыт береді және жеке 
оқу жұмысында көрсетілген барлық жұмысының сапалы болуына жауап береді. 
46. 
Магистрант/докторанттардың 
ғылыми 
жетекші/кеңесшілері 
университет 
ректорының бұйрығымен факультеттің ғылыми кеңесінің шешімі негізінде оқудың алғашқы 
екі айында бекітіледі. 
47. Ғылымның әр түрлі саласынан кеңесші тағайындау магистратура/докторантура 
бағдарламасымен білім алу барысында оқудың кез келген кезеңінде жүзеге аса береді. 
48. Факультеттің ғылыми кеңесінің қарастыруымен білімгерлердің ғылыми 
жетекші/кеңесшісінің заманауи түсініктегі кандидатурасын ұсынуға бітіруші кафедраның 
меңгерушісі жауапты, магистрантар мен докторанттар олармен дайындықтан өтеді. 
49. Магистрант/докторанттардың ғылыми жетекші/кеңесшілерін ауыстыру, ғылымның 
басқа саласынан кеңесші тағайындау және т.б. бітіруші кафедрада факультеттің ғылыми 
кеңесі арқылы шешіледі. 
50. Докторанттың кеңесші комиссиясының құрамындағы ғылыми кеңесшілер 
докторанттың академиялық дайындығына жылына кем дегенде бір рет баға береді, керек 
болса оның жеке жұмыс жоспарына өзгертулер енгізеді және бітіртуші кафедраға, факультет 
деканатына, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоо кейінгі білім беру Институтына ақпарат беріп 
отырады. 
51. Магистрант/докторанттардың ғылыми жетекші/кеңесшілері факультеттің ғылыми 
кеңесінің жиналысында білімгерлердің оқу бағдарламаларын меңгеруі жайында жыл сайын 
есеп береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет