Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет90/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   208
§16 
 
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЕ АТАУЛЫ ШӘКІРТАҚЫ ТАҒАЙНДАУ 
ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ 
1.
 
Жалпы ереже 
 
1 .
Ереже 2007 жылдың 27 шілдесіндегі ҚР «Білім беру туралы» заңы, әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жарғысы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университетінің ішкі тәртіп Ережелері негізінде жасалды. 
2.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың атаулы шәкіртақысы күндізгі бөлімде оқитын 
қабілетті студенттерді, магистранттарды ынталандыруға арналған. Олар сәйкес білім 
бағдарламамларын жақсы меңгерген, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізетін, 
университеттің көркем өнерпаздар ұйымына, мәдени-бұқаралық жұмыстарға белсенді 
қатысатын, тек қана «өте жақсы» және «жақсы» бағаға ие болған білім алушылар.
3.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың атаулы шәкіртақысы университеттің бюджеттен 
тыс қаражаты есебінен немесе басқа ұйымдар мен қорлардың есебінен оқу жылы бойы 
атаулы шәкіртақы тағайындау туралы бұйрықтан кейін айдың 1 күнінен бастап беріледі, егер 
университет ректорының немесе университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімінде басқа 
шарттар келтірілмесе.
2.
 
Атаулы шәкіртақы түрлері 
 
4.
Атаулы шәкіртақының 5 түрі тағайындалады. 
5.
Ө.А. Жолдасбеков атындағы үш шәкіртақы - 1 семестр мерзіміне оқу озатының 
бір айлық мемлекеттік шәкіртақысына тең (мемлекеттік шәкіртақы +15%) көлемде беріледі, 
оның ішінде: 
-
гуманитарлық бағыттағы мамандықтар бойынша білім алушылар үшін біреу; 
-
жаратылыстану бағыттағы мамандықтар бойынша білім алушылар үшін біреу; 
-
«Механика» мамандығы бойынша білім алушылар үшін біреу. 
6.
А.З. Закарин атындағы бір шәкіртақы механика-математика факультетінің 
студенті үшін 1 семестр мерзіміне оқу озатының бір айлық мемлекеттік шәкіртақысына тең 
(мемлекеттік шәкіртақы +15%) көлемде беріледі.
7.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың I дәрежелі бір шәкіртақы 1 семестр мерзіміне 
оқу озатының бір айлық мемлекеттік шәкіртақысына тең (мемлекеттік шәкіртақы +15%) 
көлемде көркем өнерпаздар ұйымына, мәдени-бұқаралық жұмыстарға белсенді қатысатын 
студентке беріледі. 
8.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың IІ дәрежелі екі шәкіртақы 1 семестр мерзіміне 
бір айлық мемлекеттік шәкіртақысына тең көлемде көркем өнерпаздар ұйымына, мәдени-
бұқаралық жұмыстарға белсенді қатысатын студенттерге беріледі. 
9.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың IІІ дәрежелі үш шәкіртақы 1 семестр мерзіміне 
бір айлық мемлекеттік шәкіртақысының жартысына тең көлемде көркем өнерпаздар 
ұйымына, мәдени-бұқаралық жұмыстарға белсенді қатысатын студенттерге беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет