Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет93/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   208
 
3.
 
Құрылымдық бөлімшелердегі оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру тәртібі 
 
5. Оқу-әдістемелік жұмыс университеттің кафедралары мен факультеттерінде жүзеге 
асырылады. 
6. Кафедралар мен факультеттер оқу-әдістемелік жұмысты осы Ережелердің негізінде 
жүзеге асырады. 
7. Әдістемелік бөлім мынадай оқу-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асырады: 
1) кафедралар мен факультеттердің оқу-әдістемелік жұмысына басшылық жасау; 
2) оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша нормативті-құқықтық құжаттарды сараптау 
және оларды Ғылыми-әдістемелік кеңесте қарастыру үшін ұсыныс жасау;
3) оқу-әдістемелік жұмыстың күй-жайын талдап, оны ары қарай жетілдіру үшін 
ұсыныстар жасау;
4) оқу-әдістемелік өнімдердің жариялануы мен таратылуын талдап ұсыныстар 
жасау.анализ и рекомендация к публикации и распространению учебно-методической 
продукции. 
8. Университеттің оқу-әдістемелік жұмысына оқу жұмысы жөніндегі проректор тікелей 
басшылық етеді.
Кафедралар мен факультеттедің оқу-әдістемелік жұмысының жалпы басшылығын 
сайланбалы өкілді органдар – әдістемелік бюролар атқарады.
9. Ұжымдық әдістемелік жұмыс түрлері ретінде әдістемелік семинарлар, тренингтер
мастер-кластар, озық тәжірибе мектептері, нұсқаулық-әдістемелік мәжілістер, лекторийлар, 
конференциялар табылады.
10. Оқу-әдістемелік құжаттарды университеттің сәйкес құрылымдық бөлімшелері 
жасайды, олар кафедраларда, факультеттердің әдістемелік бюроларында, университеттің 
Ғылыми-әдістемелік кеңесінде талқыланып, оң шешім қабылданғаннан кейін оларды ректор, 
оқу жұмысы жөніндегі проректор бекітеді.
11. Университет кафедралары эксперименттік білім беру бағдарламаларының типтік 
оқу жоспарларына, сондай-ақ негізгі оқу жоспарларына сәйкес оқу жұмыс жоспарларын 
әзірлегеннен кейін, оларды кафедраларда, факультеттің әдістемелік бюросы мен ғылыми 
кеңесінде, әдістемелік бөлімде, Ғылыми-әдістемелік кеңесте қарастырып, оң шешімі 
қабылданғаннан кейін университеттің Ғылыми кеңесінің бекіту туралы шешімі негізінде 
ректор бекітеді.
12. Оқу-әдістемелік кешендерді оқытушылар типтік, негізгі оқу бағдарламасы немесе 
пәндер каталогы негізінде әзірлеп, кафедра, факультеттің әдістемелік бюросы мен ғылыми 


178
кеңесінде қарастырғаннан кейін, университеттің Ғылыми-әдістемелік кеңесінің оң шешімі 
негізінде оқу жұмысы жөніндегі проректор бекітеді.
13. Әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстарды профессор-оқытушылар құрамы әзірлейді. 
Кафедрада, факультет әдістемелік бюросында, университеттің Ғылыми-әдістемелік 
кеңесінде қарастырылып, оң шешім алғаннан кейін оларды оқу жұмысы жөніндегі проректор 
бекітеді.
14. Кафедрадағы оқу-әдістемелік жұмыс шаралар кешенінен және
1) оқу үдерісін оқу-әдістемелік құжаттармен (силлабус, бақылау-өлшегіш материалдар, 
СӨЖ және т.б.) қамтамасыз етуге; 
2) білім алушылардың аудиториялық және аудиториядан тыс жұмысын жетілдіруге; 
3) университеттегі оқу жұмысының барлық түрі, формасы және әдістерін жақсартуға 
бағытталған ұйымдастырушы-әдістемелік жұмыстан тұрады.
Кафедрадағы оқу-әдістемелік жұмысты әр оқытушы жеке жоспарына сәйкес орындап, 
кафедра меңгерушісі мен факультеттің әдістемелік бюросы үйлестіреді және бақылайды.
15. Факультет деңгейінде оқу-әдістемелік жұмысты оқу үдерісін ұйымдастыру мен 
әдістемелік қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып 
факультеттің әдістемелік бюросы үйлестіреді. 


179


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет