204
§22
МАГИСТРАНТТАР МЕН ДОКТОРАНТТАРДЫҢ КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
3.
Жалпы ережелер
1. Магистранттар мен докторанттардың кәсіби тәжірибесін ұйымдастыру ережелері
(ары қарай – Ережелер) әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегімагистранттар
мен докторанттардың зерттеу, педагогикалық және өндірістік тәжірибелерінен өтудің тәртібі
мен түрлерін реттейді.
2. Осы ережелер 2012 жылдың 23 тамызындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
№1080 бұйрығымен бекітілген жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берудің Мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
3. Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі кәсіби тәжірибе жоғары оқу
орнында оқу кезінде алған теориялық білімді бекітуге, тәжірибелік дағдылар мен
құзыреттіліктерді игеруге, сонымен алдыңғы қатардағы тәжірибені меңгеруге бағытталған
кәсіби дайындықтың компоненті болып табылады. Кәсіби тәжірибе зерттеу, педагогикалық
және өндірістік деп бөлінеді.
4. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі зерттеу тәжірибесінің мақсаты –отандық
және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерді
зерттеу; практикалық дағдыларды бекіту; диссертациялық зерттеуде эксперименттік
мәліметтерді жинаудың, өңдеудің және түсіндірудің заманауи әдістерін қолдану.
5. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі педагогикалық тәжірибенің мақсаты –
жоғарғы оқу орнындағы ғылыми-педагогикалық қызметке дайындалу, арнайы пәндерді
оқытудан, білім алушылардың оқу қызметін ұйымдастырудан, пән бойынша ғылыми-
әдістемелік жұмыстан тұратын жоғарғы мектептегі оқу-тәрбиелік үдерісін жүзеге асыру
бойынша практикалық дағдыларды алу және бекіту.
6. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі өндірістік тәжірибенің мақсаты – негізгі
құзыреттіліктерді игеріп бекіту, практикалық дағдылармен болашақ мамандығының бағыты
бойынша кәсіби қызметінің тәжірибесін жинақтау.
7. Кәсіби тәжірибенің мерзімі мен мазмұны мамандықтардың негізгі (жұмыс) оқу
жоспарында анықталады және жоғары оқу орнынан кейін білім бағдарламалары бойынша
білім алушыларының жеке жоспарларында көрсетілуі тиіс.
8. Кәсіби тәжірибелердің бағдарламалары мен мазмұны мамандық бағытына және
магистрант/докторанттың жеке білім траекториясына қарай түлек шығаратын кафедраларда
әзірленеді.
Достарыңызбен бөлісу: