Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов



Pdf көрінісі
бет197/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   208
Ауызша емтихан
(Oral Exam)
– оқытушы білім алушыларға ауазша, яғни қағазға 
түсірілмейтін жауапты талап ететін сұрақтар қойылатын емтихан. 
Жазбаша «жабық кітап» емтиханы
(Closed book Exam) 
студент сұрақтарды алғашқы 
рет көріп, емтихан барысында жауап жазатын емтиханның «әдеттегі» түрі. 
«Ашық кітап» емтиханы
(Open-book Exam or Open paper Exam)
. Емтиханның бұл 
түрінде студенттерге оқулықтар мен басқа кітаптарды пайдалануға рұқсат етіледі. Яғни бұл 
кезде негізгі акцент студенттің«есіне не сақталғанына» емес, оқыған материалды «қалай 
пайдаланатынына» қойылады. Емтиханның мұндай форматында студент жүзеге асыратын 
талдау маңызды.
Open Paper Exam – бір-екі сұрақ студенттерге ертерек (мысалы, бір апта бұрын) 
хабарланатын емтиханның күрделі түрі деуге болады. Оны тапсыру үшін білім алушы өзінің 
зерттеу мен талдау дағдыларын көрсету керек. Нәтижесі тақырып бойынша қысқаша эссе 
түрінде келтіріледі. Емтихан күні студенттер алдын-ала дайындаған эсселерін жазып береді. 
Емтиханның бұл түрінде қойылатын сұрақтардың тура жауабын оқулықтан тауап алуға 
болмайды. Әдетте жетістікке жету үшін студенттер жиналып, бір-бірімен пікір алмасып, 
өздерінің зерттеу нәтижелерін талқылайды. 
Open book Exam емтихан түрінде студенттер оқулықтарды пайдалануға құқылы. Бірақ 
кітаптардың саны мен түрі шектеулі. Жеңіл болып көрінгенімен, бұл емтиханды тапсыру 
қиын. Мысалы, мұндай емтихан формулалары мен есептеулері көп болатын пәндер 
(статистика) үшін қолайлы. Егер студент пәнді жақсы меңгергіп, дайындыққа берілген 
уақытты, көбінесе, есеп шығаруға арнаса, онда ол бұл емтиханды сәтті тапсырады. Өзінің 
уақытын жоспарлау жетістікке жету шарты болып табылады, себебі емтиханда берілетін 
уақыт студенттің есеп шығару үшін формуланы немесе тапсырманы орындау үшін басқа 
ақпарат іздеуіне жетпейді. Сондықтан уақытты кітаптан материал іздеу мен цитаталарды 
көшіруге жұмсамай, тиімді пайдалану керек. Тапсырманы орындау үшін уақытты үнемдеуге 
мүмкіндік беретін формулалар тізімдерін, бағдарламалы калькуляторларды, өздерінің эссе 
материалдарын, дәріс конспектілерін қолдануға болады.
Заң ғылымдары бойынша open book емтихан ұйымдастыру мысалы: 
«Сіздер емтиханға кез келген бір кітап, сонымен қатар тақырыпқа байланысты кез келген 
материалдарды, оның ішінде эсселер мен дәріс конспектілерін, әкелуіңізге болады.
Сізге тек бір кітап әкелуге рұқсат етіледі! Бірақ пән бойынша әртүрлі материалдарды әкелуіңізге болады. 
Сіздерден барлығын еске сақтау талап етілмейді, сондықтан сіздер сілтеме жасау үшін әдебиет көздерін 
пайдалануыңызға болады».
«Ойлану» емтиханы («Thinking» exam)
. Емтиханның бұл түрінде студент белгілі бір 
мәселе бойынша үлкен мәтін жазу керек. Мысалы, студенттерге үш сағат ішінде үлкен эссе 
жазуға тапсырма беріледі. Бірінші сағат ішінде студенттер ойланып, эссенің құрылымын 
дайындап, қалған екі сағат ішінде ойын іріктеп жазады. Емтиханның бұл форматы 
студенттен өзінің «миі» мен талдау қабілетін пайдаланып, пәннің әртүрлі бөліктерін 
біріктіруін талап етеді. Батыс елдердің жоғары оқу орындары үшін эссе жазу емтиханның 
дәстурлі түріне (Essays in exams) айналған. Бұл кезде келесі мәселе туындайды: емтиханның 
бұл түрі қаншалықты студенттердің ойлау қабілетін бақылауға бағытталады. Мүмкін осыдан 
емтиханның «Critical Thinking exam» түрі пайда болып келеді.
Үйге берілетін емтихан жұмысы («Take-Home» exam).
Студенттер өздерінің емтихан 
тапсырмаларын үйге алып кетеді. Жұмысты аяқтап тапсыру үшін студенттерге әдетте біраз 
(бірнеше сағаттан бірнеше аптаға дейін) уақыт беріледі. 
«Take-Home» емтиханын ұйымдастыру мысалы: 
«Ойлау туралу толғану. 
Бұл take-home емтиханы. Сіздерге оқып, зерттеп, мәтін жазып, оны редакциялауға 8 сағат уақыт беріледі. 
Сіздің жауабыңыз А4 форматындағы 6 беттен (аралығы екі бос жол) аспау керек. Сіз кез келген жазбаша 
материалдарды қолдана аласыз, бірақ ешкімнен кеңес алуға болмайды.
Сұрақтар:


330
1) Ғылым, дін және заң биліктің әртүрлі ресурстарына, әртүрлі әдіснамаларға, шынайылықтың
жөнділіктің және жауапкершіліктің әртүрлі көрсеткіштеріне, тіпті талқылау мен оқытудың әртүрлі стильдеріне 
ие. Осы айрмашылықтарды келесі 4 аспектінің контекстінде ашып беріңіз:
a) өлім
b) басқаша ойлау
c) эмпиризм, сенім және табиғи заңдылық
d) ізгі ықылас және детерминизм 
2) Осы пәнді оқу барысында кез келген типология мен жіктелу адамдар мен топтарды саралауға әкеліп 
соғатынына біз жиі назар аударғанбыз. Егер осылай болса, «Неге?» деген сұраққа жауап беріңіз. Келіспесңіз, 
контр-аргумент ұсыныла аласыз ба?
Осы мәселе бойынша ойлану үшін адамның пайда болу эволюциясының теориясына негізделген, адам 
топтарының арасында минималды айырмашылықтар бар екенін көрсететін екі мәлімет көзін талдаңыз. Немесе, 
егер Сіз бұл пікірмен келіспесеңіз, неге екенін түсіндіріп, осындай альтернативті көзқарасты қолдайтын 
мәліметтерді келтіріп түсіндіріңіз». 
Практикалық емтихан (Practical exam).
 
Кейбір емтихандарға практикалық мәселелер
мен жобалар кіреді. Бұл жағдайда студенттер өздерінің ептілігін, қабілеттілігін, алған 
білімдерді қолдана білуін көрсету керек (ол портфолио жасау бойынша сынақ, белгілі бір зат 
немесе бұйым жасау бойынша тапсырма, моторлық, артистік және т.б. дағдыларын көрсету 
сияқты тапсырмалар болуы мүмкін).
Ағылшын тілінен емтихан мысалы. 
«Емтиханда кейбір мәтіндік материалды бір формадан екіншісіне ауыстыру тапсырмасы беріледі. 
Емтихан сұрақтары алдын-ала айтылмайды, бірақ қандай тақырыпта болатыны хабарланады. Сіздерге берілетін 
материалды үйге алып, екі күн бойы қарастыруыңызға болады. Оқытушыдан кеңес алуға, сондай-ақ, басқа 
адамдармен сіздің сұрақтарыңызды талқылауға рұқсат берілмейді. 
Емтиханға келген кезде, сізден үш сауалдың біреуіне жауап беруіңізді сұрайды.
Сіздің мақсатыңыз материалдарды әртүрлі формаға (мысалы, презентацияның белгілі бір түріне, 
постерге, мәтін түріне) айналдыру». 
Тестілеу (Multiple-choice еxam или Shot-question exam)
 
дұрыс жауап таңдау 
емтиханы. Әр сұрақ бойынша екі немесе одан көп жауаптың ішінен студент дұрысын 
таңдайтын емтихан түрі. Емтиханның бұл түрі әдетте нақты білімді тексеру үшін 
қолданылады. Бір жағынан бұл емтихан түрі студент білімінің дәлме-дәл көрсетілуін талап 
етсе, екінші жағынан жауаптың кездейсоқтығын жоққа шығармайды.
Кез келген Midterm exam формасында келесіні ескеру керек: 
 
-
бағалау валидті болу керек бағалау нысандары пәннің мақсаттарына сәйкес болу 
керек; 
-
бағалау сенімді болу керек (бірынғай стандарттар мен көрсеткіштерді қолдану 
керек); 
-
бағалау әділ болу керек (әр білім алушының жетістікке жету мүмкіндіктері бірдей 
болу керек); 
-
бағалау дамытушы болу керек (студенттердің мүмкіндіктері мен ары қарай 
нәтижелерді жақсарту жолдарын анықтау керке); 
-
бағалау уақытылы болу керек (дамытушы кері байланысты жасау керек); 
-
бағалау тиімді болу керек (студенттер мен өзіңіздің барлық уақытын алып қолмай
орындалатындай болу керек). 
Бақылаудың кез келген түрі оқыту нәтижелерін нақты бағалауға мүмкіндік беріп, пән 
бойынша 
барлық 
тапсырмалар 
критериалды-бағытталған 
тәсілдеме 
шеңберінде 
құрастырылуы тиіс. Тапсырмалар мазмұнына оқу ақпараты кіру керек, ал оған жауап беру 
үдерісін және берілетін жауап мазмұнын жоғары оқу орны түлегінің болашақ кәсіби 
қызметімен байланыстыру керек. 
Бағалау тәсілдерін таңдау барысында валидтілік факторы ең маңызды критерий 
болғандықтан, пән мақсаты мен бағалау әдістері бір-біріне сәйкес келу керек. Әртүрлі оқу 
нәтижелері мен оларды бағалау тәсілдерін сәйкестендеру мысалдары кестеде келтірілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет