Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың қорытынды аттестаттауын



Pdf көрінісі
бет52/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   208
 
5. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың қорытынды аттестаттауын 
өткізу тәртібі
182. Жоғары оқу орнында немесе ғылыми ұйымда білім алушыларды қорытынды 
аттестаттау академиялық күнтізбесі мен мамандықтардың жұмыстық оқу жоспарында 
қарастырылған мерзімде кешенді емтихан тапсыру және магистірлік (докторлық) 
диссертация қорғау түрінде өткізіледі. 
183. Қорытынды аттестацияға оқу жоспары мен оқу бағдарламалары талаптарына сай 
оқу үрдісін аяқтаған магистранттар мен докторанттар жіберіледі. 
184. Бітіруші курстың білім алушылар жұмыс және жеке оқу жоспары талаптарын және 
оқу жұмыс бағдарламасын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсын қайта 
оқуға қалдырылады. 
185. Магистранттар мен докторанттардан кешенді емтихан алу білім алушыларға үшін 
ЖОО немесе ғылыми ұйым Мемлекеттік аттестациялық комиссия (МАК) құрады. 
186. Жоғары оқу орнының жетекшісі МАК төрағасына кандидатураларды 1 қарашаға 
дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады: 
магистратура мамандықтары бойынша – шығаратын мамандарының бейініне сәйкес 
келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағының болуы және осы ұйымдарда жұмыс 
істемеуі; 
докторантура мамандықтары бойынша – шығаратын мамандарының бейініне сәйкес 
келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағының болуы және осы ұйымдарда жұмыс 
істемеуі. 
187. МАК құрамына оның мүшелерінің құқықтарымен бірдей мыналар кіреді: 
магистратура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының бейініне сәйкес 
келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағы немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалар 
(бейіндік магистратура үшін құрылған МАК-тың құрамына, сондай-ақ шығаратын 
мамандарының бейініне сәйкес келетін жоғары білікті мамандар); 
докторантура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының бейініне сәйкес 
келетін ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағы немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалар. 
188. МАК-тың сандық құрамын білім және ғылым ұйымы дербес айқындап, жоғары оқу 
орны басшысының бұйрығымен бекітіліп 31-ші желтоқсаннан кешіктірмей 1 күнтізбелік 
жыл бойы қолданыста болады. 
189. Магистранттар мен докторанттарды қорытынды аттестаттауға жіберу ЖОО немесе 
ғылыми ұйым бұйрығымен тізім бойынша бекітіліп, қорытынды аттестация басталуынан 2 
апта бұрын МАК-қа тапсырылады. 
190. Мамандық бойынша кешендік емтиханға магистратура мен докторантураның 
кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті базалық және бейіндік компоненттері кіреді. 


102
191. Кешенді емтихан келесі нысандардың біреуі бойынша өткізіледі: ауызша емтихан, 
жазбаша жұмыс, пәндердің оқу бағдарламасы бойынша бекітілген пәндерден тест. 
192. Кешенді емтиханның бағдарламасы өткізілу нысанына және тапсырма мазмұны 
жоғары оқу орынмен немесе ғылыми ұйыммен осы кешенді емтиханға енген пәннің оқу 
бағдарламасына сай жасалады. 
193. Магистр немесе докторлық бағдарламаларды іске асыратын жоғары оқу орындары 
және ғылыми ұйымдар тесттік тапсырманы, олардың түрлерін (ашық, жабық, аралас) және 
тестілеудің өткізілу технологиясын өздері әзірлейді. 
194. Кешенді емтихан: 
магистрлік диссертацияны қорғауға дейін бір ай бұрын; 
докторантуралық диссертацияны қорғауға дейін үш ай бұрын қабылданады. 
195. Кешенді емтихан нәтижелері магистратура мен докторантурада әрбір білім алушы 
бойынша осы Ереженің 8-қосымшаға сай белгіленген нысандағы хаттамамен рәсімделеді. 
МАК отырысының хаттамасын шығарушы кафедраның оқу-көмекші қызметкерлерінің 
өкілі арасынан тағайындалған МАК-тың құрамында бекітілген хатшы жүргізеді. 
196. Кешенді емтихан тест түрінде өткен жағдайда жеке хаттама рәсімдеуге 
емтихандық ведомость негіз болады. 
197. Алынған бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға 
рұқсат етілмейді. 
197-1. Магистратураның және докторантураның кешенді емтиханын тапсыру 
қорытындылары бойынша білім беру ұйымының басшысы факультет деканы мен кафедра 
меңгерушісінің ұсынысы негізінде магистрантты және докторантты қорытынды аттестаттау 
аяқталғаннан кейін және/немесе академиялық күнтізбеге сәйкес оқу жылы аяқталғаннан 
кейін он жұмыс күні ішінде магистрантты және докторантты оқудан шығару туралы 
бұйрықты бекітеді. 
Бұл ретте магистрантты және докторантты оқудан шығару туралы бұйрықта 
«магистрлік және докторлық диссертацияны қорғауға ұсыныммен» немесе «магистрлік және 
докторлық диссертацияны қорғауға ұсынымсыз» деген жазу көрсетіледі. 
198. Кешенді емтиханның нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан өткізілгеннен 
кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляцияға беруге болады. 
199. Апелляция өткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен біліктілігі аталған 
мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия 
құрылады. 
200. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МАК мәжілісі хаттамамен 
ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға __________ № 
_______ хаттамамен қайта қаралды _____ бет» деген жазумен өзгертіледі және оған қатысқан 
МАК-сы мүшелерінің бәрі қол қояды. 
201. Кешенді емтиханда қанағаттанарлықсыз баға алған магистрант немесе докторант 
білім білім немесе ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен оқудан шығарылып, тұлғаға 
білімі аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі. 
202. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған тұлғаларға магистратурада және докторантурада 
қорытынды аттестация кезінде кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. 
203. Кешенді емтихан тапсырған магистрант немесе докторант диссертациялық 
жұмысты қорғауға жіберіледі. Диссертация қорғауға жіберу ЖОО МАК төрағасының 
ұсынуы негізінде немесе ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен ресімделеді. 
204. Диссертациялық жұмыстарды тексеру авторға және пайдаланған көздеріне сілтеме 
жасамай жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің магистратурасы және докторантурасының 
мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. 
205. Осы Ереженің 204-тармағына сәйкес жүргізілетін тексеруден кейін 
докторанттардың диссертациялық жұмыстары сараптамадан өтеді. Осы мақсатта біліктілігі 
(ғылыми немесе академиялық дәрежесі) қорғалатын диссертациялық жұмыстың бейініне 
сәйкес келетін диссертациялық кеңес мүшелерінің арасынан сарапшы тағайындалады. 


103
205-1. Магистрлік диссертацияларды қорғау кестесі академиялық күнтізбеге сәйкес 
бекітіледі. Осыған сәйкес, қорғауға күніне кемінде 6-8 магистрант жіберіледі. 
Магистрлік диссертацияларды қорғау МАК-тың ашық кеңесінде оның 2/3 кем емес 
мүшелерінің қатысуымен өткізіледі. 
Бір магистрлік диссертацияны қорғау ұзақытығы 50 минуттан аспауы қажет. 
Магистрант магистрлік диссертациясын қорғау үшін МАК-тың алдында 15 минуттық 
баяндамамен сөз сөйлейді. 
206. Магистранттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауы МАК-тың кеңесінде, 
докторанттардың қорғауы – диссертациялық кеңестерде жүзеге асырылады. 
212. Магистрлік диссертацияның қорғалуы төмендегі жағдайда жүзеге асады: 
ғылыми жетекшінің оң пікірі; 
диссертация тақырыбында кемінде 1 мақала ғылыми баспада жарық көруі халықаралық 
немесе республикалық ғылыми конференцияларда сөйлеген сөзі; 
шығарушы кафедраның қорғауға жіберілгені туралы шешімі (кафедра отырысы 
хаттамасының көшірмесі); 
сараптама кеңесінің диссертацияны ашық түрде қорғалуына берілген ұсынысының 
жазбаша қорытындысы; 
қорғалатын жұмыс бейініне сай келетін маманның бір рецензенттің рецензиясы. Мұнда 
диссертацияның жан-жақты сипаттамасы, көрсетілген аргументті қорытындысы және сол 
мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесін тағайындау мүмкіндігі көрсетіледі. 
Ғылыми жетекші немесе/және бітіруші кафедрасы тарапынан «қорғауға жіберілмейді» 
немесе «қорғауға ұсынуға болмайды» деген қанағаттанарлықсыз қорытынды берілген 
жағдайда, магистрант магистрлік диссертациясын қорғау мүмкіншілігінен айырылады. 
214. Магистрлік диссертацияның қорғалу нәтижесі әрбір магистрант үшін жеке осы 
Ереженің9-қосымшасына сәйкес бекітілген түрдегі хаттамамен толтырылады. 
215. Қорытынды аттестаттаудан өткен, магистратураның тиісті кәсіптік оқу 
бағдарламасын меңгергендігін растаған және МАК-тың шешімімен магистрлік 
диссертацияны жариялы түрде қорғаған магистрантқа магистрлік диссертациясын қорғаған 
күннен бастап отыз күндік мерзімде тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық 
дәрежесі беріледі және қосымшасымен бірге мемлекеттік үлгідегі диплом тегін беріледі. 
МАК-тың шешімі осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес нысанда хаттамамен 
ресімделеді. 
215-1. Дипломға қосымша магистранттың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандартында және оқу жұмыс жоспарында қарастырылған көлемде барлық пәндерден алған 
бағаларына сәйкес жеке оқу жоспарын орындағаны туралы анықтама негізінде толтырылады. 
Дипломға қосымшада білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша әрбір оқу 
пәнінен кредиттер мен академиялық сағаттар көлемі көрсетілген соңғы бағалар жазылады. 
215-2. Мемлекеттік үлгідегі дипломды қосымшасымен беру білім беру ұйымы 
басшысының бітіру туралы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады. 
Бітіру туралы бұйрықты магистранттарды қорытынды аттестаттау аяқталған күннен 
бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей МАК төрағасының ұсынысы негізінде білім беру 
ұйымының басшысы бекітеді. 
215-3. Сонымен қатар білім беру ұйымының басшысы офис-регистратормен келісу 
бойынша факультет деканының ұсынысы негізінде қорытынды аттестаттаудан өтпеген 
магистранттарды оқудан шығару туралы бұйрықты бекітеді. 
216. Магистранттардың қорытынды аттестаттауы аяқталғаннан кейін МАК төрағасы 
магистранттардың қорытынды аттестаттауының нәтижелері туралы есеп жасайды және оны 
екі апталық мерзімде жоғары оқу орнының басшысына ұсынады. 
217. Магистранттардың қорытынды аттестаттауының нәтижесі туралы бірыңғай есепке 
кестелер мен түсіндірме жазба енеді. Кестеге осы Ереженің 11-қосымшада келтірілген 
көрсеткіштер жазылады. 
Түсіндірме жазбада: 


104
1) аталған мамандық бойынша жоғары оқу орнындағы магистрлардың дайындық 
деңгейлері; 
2) кешенді емтиханда анықталған білім алушының біліміне мінездеме; 
3) аталған мамандық бойынша магистрларды даярлау сапасын талдау; 
4) магистрларды даярлаудағы кемшіліктер; 
5) магистрлік диссертациялардың ғылымның, техниканың, мәдениеттің қазіргі жай-
күйіне және өндірістің сұранысына сәйкестігі; 
6) магистрлік диссертацияларды орындаудың сапасы; 
7) магистрлік диссертацияларды қорғаудың деңгейі ғылыми жетекшісінің пікіріне, 
ресми оппоненттің рецензиясына сәйкестігі; 
8) магистрларды даярлауды одан әрі жетілдіру жөніндегі нақты ұсынымдамалар 
жөнінде мәліметтер болады. 
218. Магистранттарды қорытынды аттестаттауының нәтижесі туралы есепке МАК 
төрағалары қол қояды, жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады 
және бекітіледі. 
219. Жоғары оқу орны магистратурада білім алушылардың қорытынды аттестаттауы 
аяқталғаннан кейін магистранттарды қорытынды аттестаттауының нәтижесі туралы есепті 
білім саласындағы уәкілетті органға ұсынады. 
220. МАК төрағасының есебіне білім беру жетекшісі қол қойған дипломның нөмірі, 
мамандығы, тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп жазылған магистратура бағдарламасын 
аяқтаған бітірушілердің тізімі тіркеледі. 
221. PhD немесе бейін бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі 
диссертациялық кеңестер докторантураның мамандық бойынша немесе мамандықтар тобы 
бойынша құрылады. 
221-1. Докторлық диссертацияларды қорғау диссертациялық кеңесте жүзеге асырылады 
223. PhD немесе бейін бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі 
диссертациялық кеңестің құрамына шифры (коды), мамандығы аталған мамандықтың 
бейініне сәйкес келетін ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар тұлғалар 
кіреді. Осыған сәйкес, кеңестің кем дегенде үш мүшесінің шифры қорғалатын докторлық 
диссертациясының бейініне сәйкес келетін ғылым докторы ғылыми дәрежесі болуы керек. 
224. Докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің сандық 
құрамы бес адамнан кем болмауы қажет. 
227. Ғылыми консультанттар докторлық диссертацияға жеке пікірлер жазады. 
228. Егер ғылыми консультант және/немесе сараптамалық комиссия «қорғауға 
жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсынылмайды» деген теріс қорытынды берген жағдайда 
докторант докторлық диссертациясын қорғай алмайды. 
230. Докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес 
отырысының кестесі күнтізбелік жылға жасалады және жоғары оқу орны немесе ғылыми 
ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі. Осыған сәйкес, бір күнге үш-төрттен артық емес 
докторлық диссертацияны қорғау жұмыстары қойылады. 
231. Докторлық диссертацияны қорғау нәтижелері стенограммамен ресімделеді. 
Докторлық диссертацияны қорғау нәтижелері бойынша диссертациялық кеңес екі 
шешімнің біреуін қабылдайды: 
1) докторантқа философия докторы немесе тиісті мамандық бойынша бейіні жөніндегі 
ғылыми дәрежесін беру және Комитетке қорытынды сараптама өткізу туралы қолдау 
көрсету; 
2) философия докторы немесе тиісті мамандық бойынша бейіні жөніндегі ғылыми 
дәрежесін беруден бас тарту. 
232. Философия докторы немесе бейіні жөніндегі ғылыми дәрежесін беру туралы оң 
шешім қабылданған жағдайда кеңестің ғалым хатшысы докторлық диссертацияны қорғау 
туралы докторанттың жеке ісін қалыптастырады. 


105
233. Докторлық диссертацияны қорғау туралы докторанттың жеке ісінде мынадай 
материалдар болуы тиіс: 
1) докторлық диссертация; 
2) ғылыми консультанттардың пікірлері; 
3) диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдардың бедері; 
4) қорғауға жіберілген ұсынымдамасы туралы шығарушы кафедраның шешімі (кафедра 
отырысы хаттамасының көшірмесі); 
6) екі ресми оппоненттің рецензиялары; 
7) докторлық диссертацияны қорғаудың стенограммасы; 
8) докторлық диссертацияны қорғау бойынша құпия дауыс берудің нәтижесі туралы 
есеп комиссиясының хаттамасы; 
9) жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі; 
10) кешенді емтиханды тапсыру туралы МАК отырысы хаттамасының көшірмесі; 
11) докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру жөніндегі транскриптің 
көшірмесі. 
234. Докторлық диссертацияны қорғағаннан кейін бір ай мерзім ішінде докторлық 
диссертацияны қорғау туралы докторанттың жеке ісі білім және ғылым саласындағы 
уәкілетті органға ұсынылады. 
235. Докторанттардың кешенді емтиханының нәтижелері бойынша МАК кеңестің 
төрағасы олардың нәтижелері туралы есеп жасайды және бір айлық мерзімде жоғары оқу 
орнының басшысына ұсынады. 
236. Докторанттардың кешенді емтихандарының нәтижелері туралы есеп кестелер мен 
түсіндірме жазбаны қамтиды. 
2 кестеге осы Ереженің 11-қосымшасында келтірілген көрсеткіштер жазылады. 
Түсіндірме жазбада: 
1) аталған мамандық бойынша жоғары оқу орнында докторлар даярлаудың деңгейлері; 
2) кешенді емтиханда анықталған білім алушының біліміне мінездеме; 
3) аталған мамандық бойынша докторларды даярлаудың сапасын талдау; 
4) докторлар даярлаудағы кемшіліктер; 
5) докторлар даярлауды одан әрі жетілдіру жөніндегі нақты ұсынымдамалар жөнінде 
мәліметтер болуы қажет. 
237. Докторанттардың кешенді емтихандарының нәтижелері туралы есепті МАК 
төрағасы қол қояды, жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады және 
бекітіледі. 
239. Жоғары оқу орны докторантурада білім алушылардың қорытынды аттестаттауы 
аяқталғаннан кейін докторанттарды қорытынды аттестаттауының нәтижесі туралы есепті 
білім саласындағы уәкілетті органға ұсынады. 
239-1. Жыл сайын диссертациялық кеңес ағымдағы жылғы қаңтарда білім беру 
саласындағы уәкілетті органға кесте мен түсіндірме жазба енгізілген докторлық 
диссертацияларды қорғаудың нәтижелері туралы есеп береді. 
3, 4 кестеде осы Ережеге 11-қосымшада келтірілген көрсеткіштер көрсетіледі. 
Түсіндірме жазбада: 
1) докторлық диссертациялардың ғылымның, техниканың, мәдениеттің және өндірістің 
қазіргі жай-күйіне сәйкестігі; 
2) докторлық диссертациялардың орындалу сапасы. 
240. Докторанттардың докторлық диссертацияны қорғау нәтижелеріне докторлық 
диссертацияны қорғаған докторанттардың тізімі олардың аты-жөні, мамандығы, берілген 
дипломның нөмірі көрсетіле отырып тіркеледі. Тізімге жоғары оқу орнының басшысы қол 
қояды.


106


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет