101
семестрде ақылы негізде жекелеген пәндерді қайта оқуға және сол пәндер бойынша қайта
емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі.
179. Емтихан қорытындылары және емтихан сессиясы (аралық аттестация)
аяқталғаннан кейін оқу процесін жақсарту жөніндегі ұсыныстары кафедра, деканат
(директорат) және жоғары оқу орны отырыстарының талқылауына шығарылады.
180. Жоғары оқу орнынан немесе ғылыми ұйымнан шығарылған тұлғаға білімі
аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі.
181. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқарушы
жүйесі комитетінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жөніндегі агенттіктің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі
министрліктің ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарының білім алушылары үшін
осы Ереженің 173, 174, 178-тармақтарының нормалары тиісті мемлекеттік органдармен
келісіледі.
Достарыңызбен бөлісу: