Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


Магистратура мен докторантураның кәсіби оқу бағдарламаларының құрылымы мен



Pdf көрінісі
бет75/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   208
 
2. Магистратура мен докторантураның кәсіби оқу бағдарламаларының құрылымы мен 
мазмұны 
10. ЖОО кейінгі кәсіби білім беру жүйесінде білім беру процесін жүзеге асыру жоғары 
квалификациялы мамандарды дайындайтын халықаралық іс-тәжірибе принциптері негізінде 
жүзеге асырылады. Магистратура мен докторантураның кәсіби оқу бағдарламалары (білім 
беру бағдарламалары) шетелдің алдыңғы қатарлы ЖОО магистрлары мен докторларының 
кредиттелген бағдарламаларына сай болуы тиіс. 
11. ЖОО кейінгі кәсіби білім беру бағдарламалары бітіртуші кафедралармен өңделеді, 
олар белгілі бір нақты бағытта дайындалады, ол ЖОО кейінгі білім беру мамандықтарының 
мемлекеттік жалпыға бірдей міндеттелген стандарттар негізінде немесе зерттеу оқыту 


149
бағдарламаларымен жүзеге асырылады, оны ҚР ғылым және білім Министрлігі белгілі 
тәртіппен бекітеді және университет ректорымен бекітіледі. 
12. ЖОО кейінгі кәсіби оқу бағдарламалары екі бағытта жүргізіледі: ғылыми-
педагогикалық және профильді. 
Ғылыми-педагогикалық кәсіби оқу бағдарламасының мақсаты (ғылыми-педагогикалық 
магистратура бағдарламасы, Ph.D докторантура) мамандарды ғылыми-педагогикалық 
қызметте жоғары, жоо кейінгі білім беру және ғылыми-зерттеу секторы үшін білім беру, 
методологиялық және зерттеу бағытында даярлау. 
Профильді кәсіби оқу бағдарламалары (профильді магистратура бағдарламалары, 
профиьлді докторантура) қосымша мәнге ие және академиялық емес сектордың 
қажеттіліктерін өтеуге бағытталған, ол экономика, медицина, құқық, өнер, қызмет көрсету 
мен бизнес салаларының зерттеу-тәжірибе жұмыстарына арналған фундаментальды білім 
беру, методологиялық және зерттеу дайындықтарын жүргізе алады. 
13. ЖОО кейінгі кәсіби оқу бағдарламалары әр түрлі оқу және ғылыми/зертттеу 
компоненттерінен тұрады. Олар білім мазмұнын анықтайтын, оның ара қатынасын, мөлшері 
мен есебін көрсететін әр түрлі жұмыстармен қалыптасады. Білім алушылардың оқу және 
ғылыми жұмыстары меңгерілген мәліметтрі магистрант немесе доктордың жауапты 
кафедрасы жауапты болады. 
14. Жауапты кафедра білім алушыға мынадай жағдай жасауға міндетті: 
- білім алушының мамандығына байланысты шет елдік ғалымдармен кездестіру 
ұйымдастыру; 
- ғылыми-зерттеу/тәжірибе-зерттеу жұмыстарын жүргізуге келісім (договор) орнатуы 
қажет; 
- Аккредитациядан өткен шет елдік ЖОО-мен келісім шартқа отырып, докторларды 
білім тйжірбиесін алмастыруға жіберуді қамтамассз ету; 
- Практика өту туралы мекемемен келісім шарт жүргізу және шет елде тәжірбиеден 
өтуді қамтамассыз ету; 
15. Кәсіби оқыту бағдарламасының құрылымына ғылыми/зерттеп оқыту кіреді. Әртүрлі 
жұмыстардың құрылымын анықтау, олардың қарым-қанынас арасындағы көрінісі, өзгеру 
мен есептеуде қалыптасады. 
16. Кәсіби оқу бағдарламаларының қолданбалы білім берудегі міндеттері: 
- теориялық білім алу курсы; 
- бағдарламаға ғылыми зеттеу/эксперименталды зерттеу жұмыстары мен диссертация 
жазу; 
- практика (педагогикалық, зерттеу, өндірістік); 
- аралық және қорытынды аттестаиця. 
17. Білім алушының ЖОО-да білім алған соң, негізгі модкльді дамыту кәсіби оқыту 
бағдарламасына енеді. Кәсіби оқыту бағдарламасының құрамына методикалық (әдістемелік) 
оқу бағдарламасын қамтамассыз етеді.оның құрамына келесі шарттар енеді: 
- кәсібі оқыту бағдарламасында айрықшалану; 
- ағымдағы оқу жоспарының бағдарламасындағы кәсібі оқыту; 
- кәсіби оқыту бағдарламасындағы электрондық каталогтың модулі; 
- оқу-әдістемесіндегі кешенді (комплексное) мамандықтар мен пәндер. 
18. Мамандықтар бойынша ЖОО кейінгі білім берудің спецификациясы мен оқу 
жоспары университеттің Ғылыми кеңісінің шешімі негізінде ректор арқылы (оқу жұмыстары 
жөніндегі проректор арқылы) бекітіледі. 
19. ЖОО кейінгі кәсіби оқу бағдарламасының ғылыми компоненті ғылыми-зерттеу 
жұмыстарымен (ғылыми-педагогикалық бағыттағы оқу бағдарламалары үшін) немесе 
тәжірибе-зерттеу жұмыстарымен (профильді оқу бағдарламалары үшін) нақтыланады, 
ғылыми/методикалық публикацияны дайындау және магистрдің академиялық деңгейін 
анықтаудағы диссертацияны орындау, философия докторының (Ph.D.) ғылыми деңгейі 
немесе профиль бойынша доктор дайындау. 


150
20. Магистранттар мен докторанттардың диссертациялық зерттеулерінің тақырыптары 
мен ғылыми жетекшілері/ғылыми кеңесшілері факультеттің Ғылыми кеңесімен 
қарастырылады және оқудың алғашқы екі айында ректордың бұйрығымен бекітіледі. 
Бітіртуші кафедра сол диссертациялық зерттеулердің жалпы қасиеттерін анықтап, жыл 
сайын оны жаңартып отырады. 
21. Магистратура/докторантурада білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары: 
- Қорғалатын диссертациялық жұмыс мамандықтың негізгі мәселесіне сай болуы керек, 
маңызды болуы керек, ғылыми және практикалық мағынасы болуы керек. 
- қазіргі ғылымның теориялық, методикалық және технологиялық жетістіктеріне және 
іс-тәжірибеге негізделуі керек және теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуде 
жаңа теориялық мағынасы болуы керек. 
- өңдеудің қазіргі әдісіне және компьютерлік технологияларды қолданудағы 
мәліметтердің интерпретациясына негізделуі керек; 
- ғылыми зерттеулердің қазіргі әдістерін қолдануды жүзеге асыруы керек; 
- қорғауға алынған диссертацияның ғылыми-зерттеу (методикалық, практикалық) 
бөлімдері болуы керек. 
22. Магистратура/докторантурада білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары: 
- Қорғалатын диссертациялық жұмыс мамандықтың негізгі мәселесіне сай болуы керек, 
маңызды болуы керек, ғылыми және практикалық мағынасы болуы керек. 
- ғылымның, техниканың және өндірістің қазіргі жетістіктеріне негізделген болуы 
керек және нақты практикалық кеңестерден тұруы керек, бекітілген тапсырмаларды өз 
бетінше шешу, оның ішінде кешенді, функция аралық мәні болуы керек; 
- берілетін ақпараттық технологияларды қолдануды жүзеге асыру керек; 
- қорғалатын диссертацияның негізгі ережелеріне сәйкес тәжірибе-зерттеу бөлімдері 
(методикалық, практикалық) болуы керек. 
23. ЖОО-дан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларында білім алушылардың зерттеу 
жұмыстарының қорытындысы ғылыми басылымдарда жариялануы керек, сонымен қатар 
ғылыми конференцияларда қорғалуы керек. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының (ғылыми-
педагогикалық 
бағыттағы 
оқу 
бағдарламалары 
үшін) 
немесе 
тәжірибе-зерттеу 
жұмыстарының (профильді оқу бағдарламалары үшін) қорытындысы ғылыми/методикалық 
публикацияны дайындау 
және магистрдің академиялық деңгейін анықтаудағы 
диссертацияны орындау, философия докторының (Ph.D.) ғылыми деңгейі немесе профиль 
бойынша доктор дайындау болып табылады. 
24. Магистрдің академиялық деңгейін анықтаудағы диссертацияны орындау, 
философия докторының (Ph.D.) ғылыми деңгейі немесе профиль бойынша доктор дайындау 
(магистрлік/докторлық диссертация) – квалификациялы бітіруші жұмыс, ол жаңа ғылыми 
қорытындылардан тұратын өзінше ғылыми зерттеуді қажет ететін жұмыс. Магистрлік және 
докторлық диссертацияның құрылымы мен мазмұнына қатысты міндеттер белгілі нормативті 
құжаттармен бекітіледі. 
25. ЖОО кейінгі кәсіби оқу бағдарламасының білімгерлеріне арналған іс-тәжірибе 
ғылыми-зерттеу, педагогикалық және кәсіби біліктілікті қалыптастыру мақсатында 
өткізіледі. 
26. ЖОО кейінгі кәсіби оқу бағдарламасының білімгерлерінің аралық және қорытынды 
аттестациялары білімгерлердің оқытылатын бағдарламалардың оқу және ғылыми 
компоненттерін меңгеру деңгейін анықтау, қажетті білім, білгірлік пен компетенцияны 
нақтылау және көлеміне баға беру мақсатында өткізіледі. 
27. ЖОО кейінгі кәсіби оқу бағдарламасымен білім алушылардың білім деңгейін 
аралық аттестация аясында бағалау бақылаудың және аттестацияның әр түрлі формасын 
қолдану арқылы жүзеге асырылады, ол ағымдағы бақылау үлгерімді, аралық және 
қорытынды аттестация жоо білімгерлердің деңгейін анықтайды. 


151
28. Магистратура мен докторантурада кәсіби оқу бағдарламаларымен білім 
алушылардың қорытынды аттестациялары академиялық күнтізбемен және оқу жоспарымен 
бекітілген мерзімде кешенді емтихан түрінде және диплом қорғау арқылы өткізіледі. 
29. Мамандық бойынша кешенді емтихан тапсыру – білімгердің оқу дәрежесін 
анықтаудың мемлекеттік бақылау формасы, ол білімгерлердің алған білімін, мамндық 
бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сай немесе сай емес екенін анықтайды. 
30. Магистрлік және докторлық диссертацияны қорғау – мемлекеттік бақылау 
формасы, магистранттар мен докторанттардың квалификациялы бітіру жұмыстары. 
Диссертациялық жұмыс терең білімнің нәтижесі, теориялық ойлаудың қалыптасқан 
дәрежесі, жиналған ақпараттың көрінісі болып табылады. Ізденушінің зерттеу жұмысы 
белгілі сынақтардан өту арқылы бағаланады: ғылыми эрудиция, кәсібилік, ғылыми 
жұмыстың теориялық және қосымша мағынасы. 
31. Магистрлердің дайындығы бойынша оқу барысының аяқталуының басты 
критерилері магистранттардың меңгеруі болып табылады:
- Ғылыми және педагогикалық дайындық негізінде – 48 кредиттен төмен болмауы 
керек, оның кем дегенде 30 кредиті теориялық білім, 5 кредиті практика, 7 кредиті ғылыми-
зерттеу жұмысы болуы керек; 
- Профильді дайындық негізінде – 26 кредиттен (1 жылдық оқу мерзімі) және 38 
кредиттен (1,5 жылдық оқу мерзімі) төмен болмауы керек, оның сәйкесінше 18 не 28 кредиті 
теориялық білім, 2 не 3 кредиті практика, 2 не 3 кредиті тәжірибе-зерттеу жұмысы болуы 
керек; 
32. Философия докторы (PhD) немесе профиль бойынша доктор даярлау бойынша 
білім беру процесінің аяқталуының басты критерилері кем дегенде 60 кредитті меңгеруі 
болып табылады, оның кем дегенде 30 кредиті теориялық білім, сондай-ақ 6 кредиті 
практика болуы керек. 
33.Магистратураның кәсіби оқу бағдарламасын меңгерудің нормативті ұзақтығы 1-1,5 
жылды құрайды, дайындықтың ғылыми-педагогикалық бағыты – 2 жыл. Докторантураның 
кәсіби оқу бағдарламасын меңгерудің нормативті ұзақтығы – 3 жыл. Магистрдің, философия 
докторы (PhD) немесе профиль бойынша докторың академиялық кезеңге өтуі кезінде, және 
білім алу бағдарламасының оқу мен ғылыми компоненттерін тез меңгерген жағдайда, 
мамандық бойынша кешенді емтиханды сәтті тапсырған жағдайда және магистрдің 
академиялық деңгейде немесе докторанттың ғылыми деңгейде ізденуі нәтижесінде 
диссертация қорғаған жағдайда уақытынан бұрын бітіруіне болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет