Редакциясын басқарған Ғ. М. Мұтанов


Магистратура мен докторантурадағы білім беру үдерісін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет76/208
Дата03.12.2023
өлшемі3,06 Mb.
#133288
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   208
3. Магистратура мен докторантурадағы білім беру үдерісін ұйымдастыру 
 
3.1. Кәсіби оқу бағдарламаларының оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі. 
34. Магистратура мен докторантурадағы білім беру процесінің ұйымы 
мамандықтардың мемлекеттік стандартына сай болуы керек және ЖОО кейінгі кәсіби оқу 
бағдарламасын үйренушілердің толық меңгеруіне жоғары деңгейде жағдай жасалуы керек. 
35. Оқу жылы 2 оқу семестрінен және 1 жаздық семестрден тұрады. 
34. Магистрант пен докторанттың орташа апталық күші 57 сағаттан аспауы керек, 
сонымен бірге аудиториялық сабақтың бір сағаты профильді магистратураның 3 сағаттық 
өздік жұмысымен қатар жүреді, 4 сағаты ғылыми және педагогикалық магистратураға, 7 
сағаты – докторантураға арналады. 
36. ЖОО кейінгі білім алуда сабақтар шығармашылық формада (кейс-стади, іскер 
ойындар, тренингтер, диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар және т.б.) әр түрлі заманауи 
технологияларды қолдану арқылы өткізілуі тиіс. 
37. Факультет пен бітіртуші кафедра жоо кейінгі білім беру процесінің әдістемелік 
қамтамасыз етілуіне жауапты. Бітіртуші кафедраның әрбір мамандығындағы магистратура 
мен докторантура үшін мыналар жасалуда: 


152
- кәсіби оқу бағдарламасыныңэлективті пәндер (модульдер) каталогы; 
- оқу-әдістемелік кешендер, сонымен бірге оқу құралдары мен силлабустар; 
- әрбір пәннің (модульдің) аудиториялық жұмысына арналған мәліметтер: дәріс 
мәтіндері, бөліктерге бөлінген семинар және лабораториялық жұмыстардың жоспары, олар 
ағымдағы аттестацияның апталары мен қабылдау кестесін, бақылау түрін көрсетеді; 
- магистранттар мен докторанттардың өзіндік жұмыстарына арналған мәліметтер: 
тесттер, тапсырмалар, әрбір пән (модуль) бойынша өздік бақылау тапсырмалары, СРМ, 
СРМП, СРД, СРДП тақырыптары бойынша қосымша әдебиеттер, оқуға және ғылыми 
сұрақтарға қатысты жеке кеңес беру кестесі; 
-біліктілікті бақылауға арналған мәліметтер: жазбаша бақылау жұмыстары мен тесттер, 
емтихан билеттері, іскер ойындар кестесі, тренингтер, дискуссияның тақырыптық сұрақтары, 
дөңгелек үстелдер, СРМ, СРМП, СРД және СРДП қабылдау кестесі; 
- практика өткізуге арналған мәліметтер: жоспарлар мен практика бағдарламалары, 
есеп беру құжаттарының формасы; 
- ғылыми-зерттеу/тәжірибе-зерттеу жұмыстарының өтуіне арналған мәліметтер 
(бағдарламалар, ғылыми семинарлардың жұмыс кестесі және т.б.); 
38. Факультет пен бітіртуші кафедра ЖОО-дан кейінгі білім беру процесінде жоғары 
квалификациялы мұғалімдер мен ғалымдардың назарын аударуда, сондай-ақ магистрлер мен 
докторларды дайындау бағытында жоғары сапалы мамандармен қамтамасыз ету мақсатында 
алдыңғы қатарлы ғылыми, ғылыми-білім беру, өндірістік және ғылыми-өндірістік 
орталықтармен қарым-қатынас орнатпақ. Бітіртуші кафедра магистратура мен 
докторантураның кәсіби оқу бағдарламасын практика бағдарламасымен қамтамасыз етеді 
және білімгерлердің академиялық мобильділік бағдарламасын жүзеге асыруға жағдай 
жасайды. 
39. ЖОО кейінгі білім алушылар анықтама-жолсерікпен қамтамасыз етіледі, онда жоо 
кейінгі білім алушылар аясындағы университеттің академиялық саясаты, білім алушының 
құқығы мен міндеттері, үлгерім бағаларының методикасы, қорытынды мемлекеттік 
аттестацияға деген талаптар көрініс табады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет