178
кеңесінде
қарастырғаннан кейін, университеттің Ғылыми-әдістемелік кеңесінің оң шешімі
негізінде оқу жұмысы жөніндегі проректор бекітеді.
13. Әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстарды профессор-оқытушылар құрамы әзірлейді.
Кафедрада, факультет әдістемелік бюросында, университеттің Ғылыми-әдістемелік
кеңесінде қарастырылып, оң шешім алғаннан кейін оларды оқу жұмысы жөніндегі проректор
бекітеді.
14. Кафедрадағы оқу-әдістемелік жұмыс шаралар
кешенінен және
1) оқу үдерісін оқу-әдістемелік құжаттармен (силлабус, бақылау-өлшегіш материалдар,
СӨЖ және т.б.) қамтамасыз етуге;
2) білім алушылардың аудиториялық және аудиториядан тыс жұмысын жетілдіруге;
3) университеттегі оқу жұмысының барлық түрі, формасы және әдістерін жақсартуға
бағытталған ұйымдастырушы-әдістемелік жұмыстан тұрады.
Кафедрадағы оқу-әдістемелік жұмысты әр оқытушы жеке жоспарына сәйкес орындап,
кафедра меңгерушісі мен факультеттің әдістемелік бюросы үйлестіреді және бақылайды.
15. Факультет деңгейінде оқу-әдістемелік жұмысты оқу үдерісін ұйымдастыру мен
әдістемелік қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып
факультеттің әдістемелік бюросы үйлестіреді.