Редактор: Закия Махитжанқызы


«...Сендер тақуа иесі болыңдар, Аллаһ сендерге



Pdf көрінісі
бет16/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   293
«...Сендер тақуа иесі болыңдар, Аллаһ сендерге 

(білмегендеріңді) үйретеді...» 

(Бақара, 282)

.

Олай  болса  Хазіреті  Пайғамбардың  өмірбаянын 



тек  хронологиялық  оқу  арқылы  үйренуге  болмайды. 

Хазіреті  Пайғамбарды  ең  жақсы  білетіндер  –  өмірлері 

Хазіреті  Пайғамбарға 

r

  көп  ұқсағандар.  Оны  ең  жақсы 



танитындар  –  тақуалықпен  өмір  сүріп,  Оның  Сүнне-

тін тиянақты орындап, махаббатпен, құштарлықпен Ол 

мейірім  күніне  ай  болған  Аллаһ  достары.  Олар  көлең-

кенің  иесіне  деген  толық  бағыныштылығымен  Аллаһ 

Елшісінің 

r

 нұрлы ізімен жүреді.



Хазіреті  Пайғамбар 

r

  аятта  бекітілгендей  өз  қа-



лауымен ешқандай әңгіме айтпайтын. Ол тек өзіне уахи 

етілгеннің  аудармашысы,  орындаушысы,  түсіндірушісі, 

жеткізушісі және өкілі болған.

Фәнә  фир-Расул,  яғни  Аллаһ  Елшісіне 

r

  деген 


сүйіспеншілігімен  өз  арман-қалауларын  Оның  арман-

қалауларында  жойып,  фәни  болған  Аллаһ  достары  да 

нәпсілерімен,  қалауларымен  әңгіме  айтпайды.  Олар 

сырнай  сияқты,  ішкі  жан  дүниелерін  Аллаһтан  басқа 

нәрселерден  тазартқандықтан  олардан  естілген  бар-

лық  тәлім-тәрбие  сөздері  мінез-құлқы-мен  мінезденген 

Пайғамбар  демінен  бір  шық  іспеттес.  Олардың  жүрек-

тері  туралық  пен  ақиқат  нұрлары  шағылысқан  мөлдір 

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ



33

айна. Пайғамбар сөзімен: «... Аллаһ олардың еститін 



құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы, жүретін аяғы, 

ойлайтын жүрегі мен сөйлейтін тілі болған» 

(Бұхари, 

Риқақ, 38)

.

Жаратылыс  нұры  Пайғамбарымыз 



r

  әр  нәрсеге 

мәңгі  бақыт  толқуын  сыйлаған  және  барлық  әлемдерді 

нұр  шуағына  бөлеген  Күн.  Пайғамбар  мұрагері  әулие-

лер де тақуа өмірлерімен ол Күнге айна болған Ай сияқ-

ты.  Айдың  болуы  Күнге  байланысты.  Айдың  барлық 

нұры, әсемдігі мен тамашалығы Күннің шашқан кішкене 

ғана шағылысы...

Шәйх  Сағди  әулиелердің  барлық  әсемдіктерін 

Аллаһ Расулына 

r

 борышты екенін, барлық көңіл қар-



жыларын  Пайғамбарымыздың  руханиятынан  алғанда-

рын  «Гүлстан»  атты  еңбегінде  мысал  ретінде  былай 

әңгімелейді:

«Бір  адам  моншаға  барады.  Моншада  достарының 

біреуі  оған  тазалануы  үшін  хош  иісті  саз  балшығын 

береді.  Балшықтан  рухты  сипаған  таза  иіс  тарайды. 

Адам балшықтан сұрайды.

«Ей,  мүбәрак!  Сен  мисксің  бе,  әлде  амбәрсің  (хош 

иісті зат) бе? Сенің  тартымды  хош  иісіңмен  мәз  болдым...»

Балшық оған былай жауап береді:

«Мен  миск  те,  амбәр  да  емеспін.  Өздеріңіз  білетін 

қарапайым  топырақпын.  Бірақ  бір  гүл  көшетінің  астында 

тұрамын  және  әр  таңда  раушан  гүл  сабақтарынан  сүзіліп 

ХАЗІРЕТІ  ПАЙҒАМБАРДЫ  ЖҮРЕКПЕН  ТАНУ




34

шыққан  шықтармен  араластырылдым.  Міне,  сіз  сезген 

көңілдерге сергектік беретін бұл иіс сол гүлдерден...».

Раушан  гүл  –  Хазіреті  Пайғамбар 

r

  Мырзамыз-



дың  рәмізі.  Мына  фәни  өмір  мектебіндегі  ең  маңызды 

тағлым да:

Ол гүлдер шахын тани білу,

Ол  гүлдің  мүбәрак  иісі  мен  рухани  пішінінен  нәсіп 

ала білу,

Ол  гүлдің  жапырағындағы  бір  тамшы  шық  бола 

білу...

Бұл  жолда  ең  негізгі  қажетті  зат  –  Оған  деген 

махаббат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет