Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет2/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

АЛҒЫ  СӨЗ

Барлық  қоры  мен  құны  «ештіктен»  тұратын 

сансыз мақлұқатты жоқтан бар еткен;

Бізді  ақысыз,  яғни  ешқандай  құн  төлемесек  те 

сансыз жаратылыс ішінде болмыстың ең ардақтысы 

– «адам» ретінде жаратып, ерекше сыйға бөлеген;

Тура жолға бастаушы кітаптар мен пайғамбарлар 

жіберіп, бізді ақиқат пен жақсылыққа бағыттаған;

Пайғамбар мұрагері ғалымдар мен даналар керуені 

арқылы  рухани  кемелдікке  жетелеушілер  тізбегін 

үзбей жалғасуын нәсіп еткен;

Біз,  дәрменсіз  құлдарын  иманның  шаттығымен, 

тыныштығымен  ризықтандырған  Аллаһ  Тағалаға 

сансыз шүкір мен хамд-мадақ болсын!

Адамзатты имансыздық пен надандық түнегінен 

құтқарып,  мәңгі  бақыт  нұрына  бөленуіне  себепші 

болған 


6

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ



   

    /күллі  әлемге  рахмет  деген  ерекше 

қасиетімен әлемдерге мейірім-шапағат төккен;

Дүниеде  теңдесі  жоқ  үлгі  тұтар  тұлға,  ең  ұлы 

ұстазымыз, тәрбиешіміз, жол көрсетушіміз;

О  дүниеде  шапағатшымыз,  әлемнің  мәңгі  мақ-

танышы  Хазіреті  Мұхаммед  Мұстафаға,  Оның 

отбасы  мен  сахабаларына  сансыз  салауат  пен  сәлем 

болсын! 

Құрметті оқырмандарымыз!

Хақ  жолына  қызмет  етіп,  Исламның  әдемілігін, 

хал  мен  сырларын  көңілдерге  жеткізетін  шығармалар-

ға, сөзсіз, әр салада мұқтаждық бар. Әсіресе, руханият 

саласында... Өйткені, күнімізде әлемді шарпыған рухани 

аштық пен рухани тойымсыздық шырқау шекке жеткен. 

Сондықтан діни және рухани қызметтерге қолдау жасау 

мен көңіл аудару керектігі айқын байқалғандай. 

Осыған орай Аллаһ сыйлаған ақыл мен көңіл арқы-

лы  өмір,  дүние-мүлік  және  уақыт  сияқты  нығметтерді 

Аллаһ  разылығы  бағытында  қолдана  отырып,  ахірет 

азығына ай-налдыруымыз қажет.

Бұл  қажеттілік  шеңберінде  Ислам  үшін  жасала-

тын ең маңызды қызметтің бірі – қадірменді сахабалар 

мен  Хақ  достары  ұғып,  өмірлеріне  ту  етіп  ұстанғандай 

ұстануға тырысып, сенім мен құлшылық, қарым-қатынас 

пен мінез-құлық кемелдігімен толық іске асыра білу.

َنيِمَلاَعْلِل ًةَم ْحَر 



7

АЛҒЫ  СӨЗ

Бірақ  ондай  тұлғалық  пен  жүректі  көрсете  білу 

үшін,  әлбетте,  олардың  сипаттары  мен  ерекшеліктерін, 

көркемдіктері мен асқақ негіздерін білу – басты шарт. 

Бұны  жүзеге  асыру  үшін  аз  болса  да  дәнекер  бола 

білу  ниетімен  жазылған  «Хақ  достарының  үлгілі 

ахлақы»  атты  шығармамызда  ұлы  дініміз  Исламның 

бізді  жеткізуді  қалаған  нәзіктік,  сыпайылық,  жұмсақ-

тық,  ақкөңілділік  пен  пәк  сезімнің  қалыптасуы  сияқты 

асыл  қасиеттеріміздің  басты  негіздерін  Исламның  ұлы 

тұлғаларының өмірлерінен үлгі ретінде сөзіміз жеткенше 

сипаттап  жазуға  тырыстық.  Қолыңыздағы  бұл  кітап 

шығармамыздың бірінші бөлімін құрайды. Осы бағытта 

жазылған  екінші  бөлімін  қамтитын  мақалаларымыз  бұ-

дан кейін жарық көрмек. Олар «Хақ достарының үлгілі 

мінез-құлқы»  атты  кітабымыздың  екінші  томы  болып 

басылып, оқырмандарымызға ұсынылады.

Ұмытпайтын  тағы  бір  жайт  –  адам  көркем  мінез-

құлқымен  «адам»  болады.  Мінез-құлық  өлшемдері  тек 

адамға ғана тән. Сондықтан көркем мінез-құлықтан ада 

қалған адам келбеті адам болып көрінсе де, ақиқатында 

талай  жан  иесінен  де  төмен  дәрежеге  түсіп,  өз  өміріне 

зиян келтіріп, ар-намыс, қәдір-қасиетін таптаған болып 

есептеледі. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – адамды 

танытып  адам  еткен,  нәтижесінде  «жаратылыстың  ең 

ардақтысы»  сипатына  жеткізген  сыр  –  ғашықтықпен 

орындалған, иман аясында тыныштық тапқан және жан 

иелеріне таңдай қақтырған көркем мінез



8

Көркем  мінездің  негізі  әр  мәселеде  әдепке  мойын-

сұну. Ал әдеп – адам екендігіміздің айғағы, көңілдерді 

рахаттандыратын гүл иісі сияқты. Жұпар иістің мүмин-

нің  көңіл  күйіне  жақсы  әсер  етіп,  өмірінің  әр  кезеңінде 

сезілуі  қажет.  Бұл  жағдай  иманның  кемелденгендігінің 

де белгісі.

Расында  Хақ  достарының  өкілі  ретіндегі  Хазіреті 



Мәуләнә:

“Ақылым жүрегімнен: «иман дегеніміз не?» – деп 

сұрады.  Жүрегім  ақылымның  құлағына  иіліп:  «иман 

әдептен тұрады!» – деді”.

Ұлы дініміз Исламның әрбір қағидасы – өмірімізде 

көрініс  тапқан  көркем  ахлақтан  тұратын  мінез-құлық-

тық әсемдіктер тізбегі. Пайғамбарымыз 

r

:

«Мен  көркем  мінезді  кемелдендіру  үшін  жіберіл-



дім» – деп бұйырады 

(Муатта , Хұснүл хұлқ, 8)

.

Яғни,  Пайғамбардың  мұрагері  ғалымдар  мен  дана-



лардың  барлық  халі  мен  іс-әрекеттері  біз  үшін  көркем 

ахлақ  тағлымы.  Қанша  руханият  майталмандары  тасав-

вуфты  «көркем  мінез  бен  әдептен  тұрады»  деп  тү-

сіндіреді. Тасаввуфтың алғашқы сабағы – «ренжітпеу», 

соңғы сабағы – «ренжімеу» екенін айтады.

Хақ  достары  –  Хазіреті  Пайғамбар  мен  Оның 

сахабаларын көру нығметі нәсіп болмағандар үлгі-өнеге 

алатын  ерекше  тұлғалар.  Олардың  мейірім  тілімен 

көңілдерді  жандандырған  үгіт-насихаттары  Пайғамбар 

бұлағынан сүзіліп келген руханият шықтарындай.

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ



9

Шынында  да  олар  зүһд  (жүректе  дүниеге  деген 

ешқандай  қызығушылықтың  болмауы)  пен  тақуа  жо-

лында шын жүректен іс-әрекет кемелдігіне жеткен, түй-

сік пен ол қамтыған бөліктерді екі дүниені ойлауға дейін 

кеңейте  отырып,  иман  ләззаты  мен  сезім  тұңғиығына 

қауышқан.

Барлық  күш-жігерлерін  адамзатты  жағымсыз 

әрекеттерден,  жағымсыз  қылықтар  мен  нәпсі  қақпа-

нынан  құтқару  жолында  жұмсау  арқылы  кемел  дең-

гейдегі  көркем  мінезге,  яғни  рухани  баю  мен  ізгілік 

шыңына жеткізе білген ғалым, ариф, салих және кемел-

денген хақ достары.

Бұл  хақ  достары  дүниеден  өтіп  кетсе  де  ұмытыл-

майды. Сүйгендерінің көкейінде өмір кешіп, тура жол-

ға  жетелей  береді.  Өйткені  Аллаһ  Тағала  сондай  құл-

дарын сүйген және нәсіпті көңілдерге олардың сүйіспен-

шілігін сыйлаған. Олар туралы Құран Кәрімде:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет